Министерство Юстиции Республики Казахстан ответ от (25.01.2019) на обращение от (11.11.2015) № 116076
Ұйқасбаев Сағымбай Кездікбайұлы, 14/07/1960 жылы, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас тұрғынынмын. Менің арыз жазу себебім, Әділеттік іздеп, шағын ғана елді мекеннің берекесін кетіріп отырған құзырлы орган қызметкерлерінің қарапайым халыққа күн бермей, үрейде ұстаулары, қызмет бабын асыра пайдаланулары. Шалғайдағы ауылды ешкім тексермейді деген нық сеніммен бұл азаматтар ұйымдасқан қылмыскерлер тобын құрған, яғни дәлірек айтсақ «ҰРЫлар тобы». Үстіміздегі жылдың (2015 жылы) қазан айында, Менің жеке «ҚАРЛЫҒАШ» шаруа қожалығымда жайылып жүрген 15 (он бес) Жылқы, яғни Үлкен ЖЫЛҚЫларымды ұрлап, сойып, жойып жіберген. Жоғарыда жазылған уақиға бойынша Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас елді мекені бойынша Полиция қызметкерлеріне арыз-шағым жаздым. Арыз-шағымым бойынша ізін суытпай Куәгерлер – Бекбергенов Е., Алтымбаев Ғ., азаматтардың арқасында 4 (төрт) күдікті тергеуге алынды. Олар: 1. Алтынбаев Ержан (лақап аты МАЗАЙ- Балқаш ауданы бойынша аты шыққан ұры), 3 (үш) мал ұрлығына қатысы болып, шағымданушыларға материалдық залалды қалпына келтіріп беріп істі жапқызып тастаған, 2015 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 177 бабының 3 тармағы бойынша айып тағылып, қылмысы толығымен дәлелденіп, 5 (бес) жылға Шартты түрде бас бостандығынан айрылған. 2. Керимов Мажит - (Балқаш ауданы бойынша аты шыққан ұры, қасапшы), 3. Шенгельбаев Шыңғыс - Қапшағай қаласының сот орындаушысы, 4. Бекмағанбетов Олжас - Балқаш ауданы, Бақанас елді мекенінің сот орындаушысы.Бекмағанбетов Олжасқа мемлекет тарапынан сот орындаушы ретінде қызметтік «НИВА» автокөлігі, мелекеттік нөмері В 577 DE, берілген. Осы автокөлікпен Күдіктілер - Алтынбаев Ержан, Керимов Мажит – менің жылқы малдарымды сойып, Қапшағай қаласына, Балқаш ауданы, Бақанас елді мекенінің сот орындаушысының қызметтік «НИВА» автокөлігімен, мелекеттік нөмері В 577 DE тасыған, бұл мәліметті куәгерлер – Бекбергенов Е., Алтымбаев Ғ-ның көргендері растайды. Бұл сот орындаушысы Бекмағанбетов Олжастың қызметтік «НИВА» автокөлігін, мелекеттік нөмері В 577 DE, күдікті Керимов М., Алтынбаев Е-нің алғашқы мінулері емес екеніне Бақанас елді мекені куә. Себебі қызметтік «НИВА» автокөлігін күдікті сот орындаушы Бекмағанбетов О., күдікті Алтынбаев Ержанға беріп қойған, ол автокөлікті жеке меншік етіп мініп алған. Күндіз-түні ұрлықыға мал іздейдіосы сот орындаушысының қызметтік «НИВА» автокөлігімен, мелекеттік нөмері В 577 DE. Мемлекеттің қызмет бабына пайдалануға берілген автокөлігін мемлекеттің мүлкін – жеке мүдесіне пайдаланып мал ұрлап осы автокөлікпен тасымалдаған. Тергеу шаралары жүріп, жауаптар алынуда, алайда күдіктілер, әсіресе: Шенгельбаев Шыңғыс - Қапшағай қаласының сот орындаушысы, Бекмағанбетов Олжас - Балқаш ауданы, Бақанас елді мекенінің сот орындаушысы, қызмет бабтарын асыра пайдаланып тергеу іс шараларына мүмкіндіктерінше кедергі-кесірлерін тигізуде. Куәгерлерге қоқан лоқы көрсетіп, мылтық көздеп, бала-шағаларын ӨЛТІРЕМІЗ, ҚЫРАМЫЗ деулері, ақылға сыймайды.