Министерство Финансов РК ответ от (07.06.2013) на обращение от (03.06.2013) № 63532
Құрметті министр мырза! Мен Жетпісбай Тұңғышбай 1948 жылы маусымның 16 жұлдызында Қызылорда облысы Шиелі кенті, Шиелі ауданында дүниеге келгенмін. Еңбек жолын Жаңақорған ауданының «Сунақата» совхозынан жұмысшы болып бастап бухгалтер, аға бухгалтер, аудандық ауылшаруашылығы басқармасының еңбек ақы және өзіндік құн жөніндегі аға экономисі, Қызылорда облыстық ауылшаруашылық басқармасына ревизор-экономист, Шиелі, Жаңақорған аудандарын қамтитын ревизор-экономист, агроөнеркәсіп бірлестігінің облыстық комитетіне қаржы бөлімінің бастығы, Қазгосснабтың Қызылорда аймақтық бас басқармасына қаржы, есеп және бақылау бөлімінің бастығы, Қызылорда облысы бойынша салық инспекциясы бастығының орынбасары, салық комитеті төрағасының орынбасары, Шиелі ауданына аудан әкімінің бірінші орынбасары, 2006 жылдан бүгінгі күнге дейін Шиелі аудандық қаржы бөлімі басшысының қызметін абыромен атқарып келдім. Осы қызметтерте атқарған уақытымда жұмысымның жемісі ретінде үкімет тарапынан бірнеше марапаттарға ие болдым, атап айтқанда; 1980 жылы сол кездегі ауылшаруашылығы Министрі болған Моториконың арнайы бұйрығымен ерекше тапсырмаларды орындап қызметте адалдық-үлгілілік көрсеткені үшін алғыс жарияланған. Сол жылы «Социалистік жарыстың жеңімпазы» төс белгісімен, ҚР Қаржы Министрінің бұйрығымен «салық қызметінің бірінші дәрежелі аға кеңесшісі», Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тікелей ұсынысымен тұрғызылған жаңа Ел Орданың «Астана қаласының 10 жылдығы» медалімен, ҚР Қаржы министрінің 2011 жылғы «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өтуга байланысты» Құрмет Грамотасымен жәнеде аудандық, облыстық грамоталармен марапатталдым. Бүгінгі күнде аудандық қаржы бөлімі аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру жұмыстарын жүргізіп отыр. Сатуға жіберілетін мемлекеттік мүлікті тек ашық аукцион арқылы сатылатыны барлығымызға мәлім. Осы жұмыстарды арнайы құжаты бар аукционист арқылы жүргізіп отырмыз, бұндай маман біздің орналасқан аумақта болмағандықтан басқа жақтан шақыртуға тура келеді. Сізден сұрайтыным жұмыстан зейнеткерлікке шығуыма байланысты жоғарыда көрсетілген жұмысты (аукционист) атқару үшін қандай құжаттарды қайдан алуыма болады, немесе бүгінгі күнге дейін қаржы саласында басшылық қызметінде істегендіктен қазақстан республикасының заңдарына сәйкес маған осы қызметті алу үшін жеңілдіктер бар ма? сертификаты бар арнайы маманды жалдап, жүргізіп отырмыз. . Осы аукциондарды өткізу үшін біз аукционшыны жалдаймыз. Аукционды аукционшы жүргізеді, оның шығыны да жергілікті бюджетте қаралуы тиіс. Әрбір сатылған объекті бойынша сауда – саттықтың нәтижелері туралы хаттама рәсімделеді. Жоғарыда аталған іс-шаралар нәтижелі аяқталғаннан кейін біз келісім-шарт және алыс-беріс актілерін рәсімдейміз. Көріп отырғандай мұның барлығы ұйымдастыруға басында арнайы маман жүрмесе және арнайы қаражаты жергілікті бюджетте қаралмаса кабинетте шешіле салатын істер емес екенін байқаған боларсыз. Аталған жұмыстарды жүйелі жүргізіп отыру үшін біздің бөлімге бірінші кезекте ER-4 санаты бойынша штаттық кестемізді бір бірлікке арттыруды және жоғарыда аталған іс – шараларды іске асыру үшін қаржы бөлу бірақ рет қажет болса, бөлінген қаржының қайтарымы бірнеше есе болып көптеген жылдарға дейін мемлекеттік мүліктерді жекешелендіру есебінен түскен қаражат аудандық бюджеттің кіріс көзін кейінгі жылдарда да молайтатыны және экономикалық жағынан рентабельді болатыны сөзсіз. Бұл ұсынысымды іске асыруға ауданда мүмкіндіктер бар, ол үшін аудан әкімі аппаратынан бір бірлікті қысқартып біздің бөлімге бір бірлікті қосуға болады. Ол тек Сіздің құзырыңызда. Сіздің экономикалық жағынан өте тиімді іс үшін дұрыс шешім қабылдайтыныңызға сенемін.