Министерство внутренних дел Республики Казахстан ответ от (03.06.2013) на обращение от (01.06.2013) № 51316
Салематсыздар, Менин бауырым Куанов Амирхан "Қазақтелеком" АҚ Атыраудағы филиалында жүргізуші болып жұмыс жасады. 2012 жылдың сәуір айында оған әскер қатарына шақырту қағазы келді. Отан алдындағы борышын өтеу үшін ол сол шақырту қағазын жұмыс орнына тапсырып, 16-мамыр күні әскерге кетті. Бірақ бір қызығы оған мекеменің кадрлар бөлімінде "Мені әскерге шақыртқандықтанғ өз еркіммен жұмыстан шығаруыңызды сұраймын" деп арыз жаздыртып алған. Біз әрине мекеменің бұл әрекетін түсінбедік. Бауырым бір жылдан кейін, өз әскери борышын адал атқарып, аман-есен үйге оралған соң, мекемесіне барып қайтадан жұмысқа шығуға ниет білдірді. алайда аталмыш мекеменің кадрлар бөлімінде оның өз орнының сақталмағанын айтты. Біз таң-тамаша болдық. Әскери борышын өтеуге кеткен азаматтың заң бойынша жұмыстағы орны сақталмайтыны, сондықтан оны Еңбек кодексінің 58-бабының 1-тармағына сәйкес жұмыстан шығарылғанын хабарлады. Егер қайтадан осы компанияға жұмысқа кіруге ниетті болса, қайтадан резюме тапсырып, бос орын шыққанша күтуге кеңес берді. Иним салы суга кетип, уйге қайтып келді. Бұл сонда қалай? Ер-азамат өзінің отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге шақырылса, оның жұмыстағы штаттық орны заң бойынша сақталмайды ма? Әлде жұмысынан айырылып қалмау үшін ерлер әскерге бармай қашып жүруі тиіс пе? Өзінің азаматтық борышын өтемесе ол байғұсты соттайсыздар. Ал әскерге барса, жұмыс орнынан айрылып қалады.Сонда не істеу керек?