• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство труда и социальной защиты населения РК ответ от (22.06.2013) на обращение от (30.05.2013) № 407218
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство труда и социальной защиты населения РК ответ от (22.06.2013) на обращение от (30.05.2013) № 407218

Вопрос
                                                                       Қазақстан Республикасының Денсаулық                                                                     Сақтау министрі С.З Қайырбековаға                                                                                                                                              Арыз Осы арыз арқылы төмендегі жағдайды білдіремін.   Арал аудандық емханасының бас дәрігері Ш.Медетовтың үстінен қаншама арыз жазылсада осы күнге дейін еш нәтиже шықпай отыр. Себебі ,ол кезендегі аудан прокуроры Елшібековпен және қаржы полиция бөлімшесінің бастығы Қ.Жақсыбаев,тергеуші Р.Есетовпен ауыз жаласып алған.   Бүгінгі таңда Елбасы Н.Назарбаевтың назарында ана мен бала  өлімін болдырмау. Ана мен бала  өлімі  Арал ауданында етек алып кеткен. Ана мен бала өлімін жасырады. Мысалы, 2012 жылдың 26-желтоқсанында Шижаға елді мекенінің тұрғыны 1975 жылы туған Ж-деген 5 балалы екі қабат келіншек аудандық перзентханада бала үстінде қайтыс болады. Бұл келіншекті сол күні жеңіл машина қағып кетеді. Сол сәтте жедел жәрдем машинасымен аудандың аудандық ауруанаға жеткізіліп толық тексеріліп дене жарақатынан аман деп үйне қайтарылады. Бірақ ауылында толғағы ұстап перзентханаға әкелініп бала үстінде өзі де бөпесі де қайтыс болады. Бірақ өлім туралы куәлігі жарақаттан қайтыс болды деп беріледі. Себебі, ана мен баланың перзентханада қайтыс болғанын жасыру . Сексеуіл кентіндегі Райхан Алия деген бір жасқа дейін шетінеген баланы әдейі бір жастан асырап шетінеді деген өлім туралы куәлігін беріп отыр. Кезінде облыстық денсаулық сақтау басқармасынан келген Махсутова деген бас маман бұл мәселені жапқан қазан жабуымен жауып кетті.Махсутоваға тікелей тәртіп беріп отырған Облыс денсаулық басқармасының орынбасары Серғазиев. Серғазиев облыстық денсаулық сақтау басқармасындағы  Ш.Медетовтің  сыбайлас досы және қамқоршысы.Сексеул кентінің педиатр дәрігері А.Наштаевпен тіпте сөйлеспеген. Ол дәрігер бұл заңсыздықты әліде болса дәлелдеймін деп отыр.   Медетов Ш. кезіндегі облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы С.Игембавепен де ауыз жаласып қалды. Жұрттан алған парасымен С.Игембавепен бөлісіп отырады. Сексеул кентіндегі жедел-жәрдем станциясына 4(төрт)диспечерлік  штаттық орынға 6(алты) адамнан 500 мың теңгеден пара алып жұмысқа қойған.Ш.Медетов мекемеге басшы болғалы ұжымнан ауызбіршілік кетті,бірінің ізіне бірін салып қарамағына өзінің туыстарын,кұда балдарын жұмысқа қойып сол арқылы ұжымдыуысына ұстағысы келеді.Медетов Ш басшы болғалы 4 жылдың ішінде үйіне евро ремонт ,баласына Джип,екі жердемал қожалығы, су жаңа жеке автубос,Буген ауылындағы екінші әйеліне евро ремонт үй салып шалқып жүр.Мекемеде қызметтік Нива автокөлігі бола тұра мал ауылына жәнеБөгендегі жас тоқалына қатынау үшін су жаңа Уаз автокөлігін мекемедегі ақылы қызметтен түскен қаржыға алып отыр.Осындай жемқорлыққа кеудесіне дейін батқан басшыны неге жұмыстан қумайды.  Арызымды қорыта келе айтарым  арыз бостан босқа жазылмайды. Негізі болғасын жазылып отыр. Сондықтан тиесілі заңды органдар арызды нақты тексеріп қорытындысын Сіздің сайтыңызға жәрия етсе екен деймін. Арал аудандық КДЕ медицина қызметкерлер атынан.            Г.Мырзахметова