• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство культуры и спорта Республики Казахстан ответ от (24.01.2019) на обращение от (07.05.2013) № 137602
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство культуры и спорта Республики Казахстан ответ от (24.01.2019) на обращение от (07.05.2013) № 137602

Вопрос
 Қадірлі Серік Нығметұлы!"Әзірет Сұлтан" мемлекеттік музей-қорығында Қожа Ахмет Иассауи бабамыздың мазары бар. Күніне ол жерге құран бағыштап, тілек тілеу үшін мыңнан аса адам барады. Әрине, кесенеге баратын қауым әулиеге дәретсіз бармайды. Міндетті түрде жуынып, шайынып, таза барады. Бұрын Қожа Ахмет Иассауи кесенесің жанында тегін дәретхана бар еді. Мұны "Әзірет Сұлтан" музейінің бұрынғы басшысы Алберт Сафуллин халыққа қызметім болсын, музейдің бірінші мақсаты халыққа қызмет қой, сондықтан келушілер риза болсын деп дәретхананы, автотұрақты, экскурсия қызметін және басқа да қызметтерді тегін қылған.Музейдің қазіргі басшысы Мәулен Жарылқасынұлы Садықбеков сол дәретхананың бағасын 50тг. қылып бекітіп, оған өзінің бір жеңгесін отырғызып қойыпты. Жалпы Түркістанда дәретхананың бағасы 10-20тг. аралығында. Ал, музей басшысының қойып отырған ценасы 50тг. Мәулен Садықбеков бұл қылығын қалайша түсіндірер екен.Қожа Ахмет Иассауи әулиенің басына мыңнан аса адам зиярат етіп келетін болса, музей басшылығы соны пайдаланып, жақсы қызмет көрсетіп мәдени мұраларымызға қызықтырып, тартпайды ма? Керісінше адам көп келеді екен, осыны пайдалану керек деп, дәретхананы ақылы етіп, қымбаттатып, оған туыстарын отырғызғанша. Онан бөлек  "Алматықұрылыс" холдингінің басшысы Амангелді Ермегияевтің Түркістанның 1500 жылдығына орай экскурсоводтарға арнап салып берген құрылыс нысанын магазин ретінде пайдаланып жатыр. Оған қайын інісі мен келінін отырғызып қойған. Ал, экскурсоводтар Қожа Ахмет Иассауи кесенесінің бір тар, қараңғы бөлмесінде отыр. Музей аймағындағы фото қызметтерді күйеу баласына берген. Суретке түсірудің бір құны - 500 тг. Музейдің асханасында екінші бір жеңгесі отыр. Тамақтары қымбат. Музейдің директоры Мәулен бауырымнан "дәретхана неге ақылы еттің, мына халыққа жасаған бір қызметің болсын, тегін етсей сауабын аласың" десем, маған "Аға, дәретхананы мен ақылы еткем жоқ, министр, үкімет солай бұйырды.  Бұл дәретханадан түсетін ақша қалтама түспейді, үкіметке құйылады. Ертең ЕХРО 2017 өткізейік деп жатырмыз. Соған қаржы керек" деп жауап берді.Бұл қалай болғаны. Үкіметтің ЕХРО өткіземіз деп музейдің туалетін платный қылғаны қалай? Ең болмағанда бағасын 10-20тг түсірсеңдерші.    Өтініш иесі. Жәңгір Аманұлы