Министерство обороны Республики Казахстан ответ от (30.05.2013) на обращение от (02.05.2013) № 63121
ҚР Қорғаныс министріӘ. Жақсыбековке Мен Сізге аудандық қорғаныс бөлімдерінің жұмыстарына қатысты шағым жасайын деп отырмын.Мен, Нурахметов Мурат Байдалович, 18.04.1979 жылы бұрынғы Семей облысы Аягөз ауданында дүниеге келгенмін. Қазіргі уақытта ШҚО, Аягөз қаласында тұрамын. Аягөз қалалық қорғаныс бөліміне 12.11.2010 жылы келіп запастағы офицер (лейтенант) ретінде әскери есепке алындым. Алайда осы уақытқа дейін жеке ісім бұрынңы есепте болған қорғаныс бөлімдерінен келмей отыр. 2 жылдан асып кетті. Аягөз қорғаныс басқармасы барлық жерге сұраныс жібердік, ешқай жерде жоқ дейді. Мен Аягөз қаласына әскери есепке алынардан бұрын келесідей қорғаныс бөлімдерінде есепте болғанмын:1. 13.05.2005-23.10.2008 жылдар аралығында Алматы облысы Ақсу ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімде;2. 28.10.2008 жылы Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментте әскери есепке алынып, 31.05.2010 жылы Астана қаласы Алматы ауданы қорғаныс істері басқармасынан әскери есептен шығарылдым.3. 21.06.2010 – 11.11.2010 жыл аралығында Алматы облысы Алакөл ауданы қорғаныс істері жөніндегі басқармада есепте болдым.Сізден сұрайтыным, менің жеке ісімді тауып, ШҚО аягөз аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармаға жіберілуіне ықпал жасаңыз. Арызымның блогка жариялануы міндетті емес, тек жеке ісімнің табылуына көмектессеңіз болғаны. Құрметпен, Нурахметов Мурат