• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство внутренних дел Республики Казахстан ответ от (26.04.2013) на обращение от (15.04.2013) № 106387
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство внутренних дел Республики Казахстан ответ от (26.04.2013) на обращение от (15.04.2013) № 106387

Вопрос
Құрметті министр мырза! Еңбектеріңізге жеміс тілей отырып,сізге өзімнің жеке мәселемді жолдап отырмын.Менің туған қарындасымның проблемасына қатысты боп отыр.Қысқаша айтсам,ол бір құрбысымен бірігіп, үшінші бір құрбысына жеңіл дене жарақатын салып,қалта телефонын алып қояды.оның бұлай етуіне сол құрбысының басқа таныстарына қарындасым жайлы алып қашпа,жеке басының намысына тиетін қауесет сөздер таратуы себеп болған.Үшеуінің жақын достар болғаны рас.Жарақат болғанда да,жеңіл желпі,қыздардың шаш жұлысуы,бет тырнауы дегендей.Қарындасым,ол құрбысының қалта телефонын ашу үстінде алып кеткенін айтады.Қорқытып немесе бопсалап алмадым дейді.Күнде кездесетін адам ғой ертең ақ,қайтарып берермін деп ойлаған.Сол күннің ертеңіне құрбысы қарындасыма және жанында болған қызға Шымкент қ, Абай аудандық ІІД бөліміне арыз түсірген.Содан полиицейлер қарындасым мен жанындағы құрбысын бөлімшеге алдыртты.Зардап шегушіні де шақыртты.Қарындасымның жанында анам бірге жүрді.Сол жерде тергеушілердің көзінше,менің қарындасым мен құрбылары,бір бірінің қателіктерін түсінісіп,өзара кешірім сұрасқан.Жәбірленуші құрбысы қарындасымды толығымен кешіргенін,бәрі де ашу үстінде жасалынғанын айтып,өзінің және менің анамның көзінше сол жердегі тергеушілерге арызын қайтарып алғысы келетінін,істің расында мұншалықты насырға шабатынын білмегенін айтады.Қарындасым оның қалта телефонын сол мезетте қайтарып берген,қыздың өзіне телефонының дисплейін сындырып қойғандығы үшін, материалдық және моральдық шығындарын да өтеді.Және жәбірленуші  тергеушіге қарындасымның жазасын жеңілдетуге немесе істен арызды мүлдем алып тастауын өтінген.Өз ісіне өкінетінін,алдағы уақытта ешбір мұндай нәрселерге бармайтынын айтады.Содан берген арызын қайтарып алу туралы өз қолымен қайта арыз жазып береді.Алайда, тергеуші оның қарсы арызын қабылдамайтынын,қылмыстық іс қозғалатынын айтқан.Жәбірленуші жақ кешірім беру туралы арызын тергеуші қабылдамай қойған соң,ол арызды прокуратураға жолдады.Біздегі екі тарап та қылмыстық істің қозғалмауын,мумкіндігі болса сотқа жеткізбеуге мүдделіміз.Бірақ,ешбір орган қызметкерлері біздің өтініштерімізге,яғни екі жақтың өзара келісімге келгені,құрбылардың ешбірінің бұрын қылмыс жасамағандықтарын назарға алмай отыр.мұның бәрі бірінші кезекте науқас анама қиын тиіп отыр.Қазір басты мәселе,істі мүмкіндігі болса,сотқа дейін жеткізбеу болып тұр.Сөз соңында айтарым,Құрметті министр мырза! Сізден бүкіл отбасымыздың атынан,ақ жаулықты анамыздың атынан сұранамын.Құзіретіңізге сай,ел тізгінін ұстаған азамат ретінде,отандастарыңызға қандай да болмасын бір көмек көрсетсеңіз екен! Соңғы үмітіміз өзіңізде болып тұр.Өтінішім жауапсыз қалмаса екен. Алдын ала үлкен алғыс!