Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (11.04.2013) на обращение от (04.04.2013) № 10630
Жұмағұлов Б.Т.Ассаламуғалейкум, құрметті министр.Менің есімім Ілияс Бахытұлы, мен Астана қаласында «Инженерлік-техникалық орталығы» АҚ 2009 жылдан бері жұмыс істеймін және болашақта осы Астана қаласында қалуға ниетім бар. Менің сұрағым болашақ жұбайымның оқуына байланысты болады. Менің болашақ жұбайым қазіргі уақытта Шымкент қаласында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде Радиотехника, электроника и телекоммуникации мамандығы бойынша 2 курста мемлекеттік Грант есебімен білім алып жүр. Осы жазда неке қиып отбасы құруға ниеттеніп жүрміз. Некеден соң мен жұбайымды Астана қаласына алып келгім келеді, бірақ сонымен қатар оқуын жалғастырып, аяғына дейін жеткізіп, Жоғары Оқу Орнын бітіру туралы Диплом алса екен деймін.Осыған байланысты менде мынадай сұрақ туындап отыр: жұбайымның оқу орнын Шымкент қаласынан Астана қаласына мемлекеттік Грантты сақтай отырып ауыстырып алсам болады ма? Егер болса, онда оның ауысуында қандай шарттар жасалу керек?Жауабыңызға алдын ала алғысымды білдіремін. Ілияс БахытұлыАстана қаласыАбай даңғылы 63-253Үй телефон нөмірі: 40-56-54Ұялы телефон нөмірі: 8-771-010-0002Эл.адрес: iliyas.bakhytuly@gmail.com