Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (13.04.2013) на обращение от (02.04.2013) № 51022
Арыз Осы арызым арқылы төмендегі жайды білдіремін.Мен білім саласына қарасты Шилі ауылында орналасқан №259 негізгі мектепте 2007 жылдан бастап жұмыс жасаймын, қазір 6 жыл жұмыс жасадым, ауданнан 150 шақырым жер, көлік қатынасы жоқ, тек жеке көліктер қатынайды.Өзім жалғыз басты анамын, асыраушым жоқ, 1 балам бар, бірақ әлі кәмелетке толмаған, соған қарамастан қыс айларында 7-8 сағат жүріп, Шилі ауылына барып, жол болмай 1 апталап қалып қойған кезімде болды.Сол кезде үйде жылу болмай батерия жарылып, қаншама шығын болдым(2008 жылдың 15 қаңтары).Ол кезде жалақым 27318 теңге болатын.Осы болған оқиғаға куә сол кездегі директор Ысмағұл Қуаныш.осындай қиыншылыққа шыдап 5 жыл жұмы жасадым. Ұжымым жақсы оларға қояр кінәм жоқ. Енді балам өсіп келе жатқасын жетіспеушілік еңсемді түсіргесін аудандық білім бөлімі бастығы Ерболат Қалниязовтан 2012 жылдың қыркүйек айында бір адамға жағдай айтып сөйлесіп көріңіз деп өтініш айтқанмын.Артынша ол кісіге бір жұмыс берермін деп уәде беріпті.Сосын мен 2012 жылдың 30 желтоқсан күні таңертең сағат 10.00 де барып едім, мені қабылдаған жоқ, жұмыстарымен шығып бара жатыр екен.Содан кейін 2013 жылдың 5 қаңтар күні кешкі сағат 18.00 де барып, қабылдауында болдым.Маған №98 мектепке барасың, директорымен сөйлестім деді. Осыны күтіп жүргенде өзімнің туған інім қайтыс болып, жұмыста болған жоқпын.Жұмысқа қосылғасын есіттім №98 мектепті білім бөлімі бастығы Е.Қалниязов бұрын Түктібаев ауылында бірге жұмыс жасаған бас есепшінің Астана қаласында жүрген қызын шақыртып соны бас есепші қылып қойды, бұрын бас есепшілік еңбек өтілі жоқ. Кейін тағы бір барғанымда маған аудан орталығындағы №226 гимназияға бас есепші қылып қоям деп уәде берді.Соны күтіп жүргенде аудандық білім бөлімі бастығы Е.Қалниязов пен №104 мектеп директоры Қ.Көмекбай екеуі әңгіме ойластырып менің жалғыз ағам №104 мектептің оқу-ісі меңгерушісі А.Орақбаев: « Қарындасымның қалаға ауысуына қарсымын, сол қашық ауылда жүре берсін» деп жатыр деп кінәні ағама аударып салып, ағайын араздастығына апарып соқтырып отыр. Ар-намысыма нұсқан келтіріп, өз бауырларым арасында және жанұямызда моральдық, психологиялық ахуалды бұзып отыр. Әңгімеде қаңқу сөзде шаншу жаман деген, бұл сөз маған інім қайтқандағы қайғының үстіне қайғы қосып ауыр тиді, қаншама денсаулығымды құрттым.К. Көмекбайдың алдынала жасаған іс әрекеттеріне келетін болсақ осы сөзді білгеннен кейін 13 наурыз күні өтірік расын білмеймін сіз үйдесізба деп үйге өзі келіп маған Е. Қалниязға кірдім ол тұғырыққа таяғасын сені айта салдым деп айтты Е. Қалнияз деді, бірақ менің қатысым жоқ екі ортадағы адамнан болған шығар депте айтты, мен сіздің ағаңызбен жақсы тұрам бір нанды бөліп жеп отырып ондай айтпаймын мектепте айтқанымызды есітіп біреулер жеткізіп келуі мүмкін деген үш түрлі әңгіме айтты және сіздің өмірбаяныңыздың бәрін ағаң маған айтты деді, менің жеке бас өмірімде К. Көмекбайдың не жұмысы бар әлде мен адам өлтіріппін ба, немесе біреуден алдап ақша алыппын ба, немесе жұмысқа тұрғызам деп айлар бойы алдап жүріппін ба не істеппін қандай кінәм бар менің жеке бас өмірімді зерттеп, жеке бас құқығыма нұсқан келтіріп отыр бұл үшін жауап беруге тиіс сияқты. Екіншіден мені тергеуге келген кісі құсап саған №226 гимназияны берем деп уәде беріппеді деп сұрады, қазіргі мектебіңіз жаман ба деп мені тергеуге алды менде не жұмысы бар. №226 гимназияға конкурс болуға 8 күн қалғанда өзінің директор болатынын біліп отыр, мен директор болып кетсем сіздің ағаңызға көмектесем сіз бұл әңгімені қозғасаңыз оның жолына кедергі боласыз деп мені қорқытқан сыңай танытты. К. Көмекбай директор болатынын алдын ала білсе несіне конкурс жариялап қаншама адамды әбігерге салып отыр. Осы жерде алды бұрын Е. Қалниязбен К. Көмекбай мені №226 гимназияға есепші қылып апармауға К. Көмекбайды алды бұрын директор қылып сайлап қойғаны белгілі сияқты, осыдан аудандық білім бөлімі бастығы Е. Қалниязбен қазіргі №226 гимназия директоры К. Көмекбай екеуін сыбайлас деуге негіз бар сияқты. Өздері жыл сайын бір –мектептен екінші мектепке директор бола беру керекте, жетім бала жесір әйелдерді табандарына таптау керек пе өтірік әңгіме айтып, ауданда бір – бір мекемені басқарып отырған азаматтардың іс әрекеттері осындай маған мына сөздерден кейін жұмыста бермей-ақ қойсын, тағы біреулерге жұмыс керек болса №259 мектептіде қайтып алсын мен әйел бола тұра мынадай алыпқашпа әңгіме айтатын адам емеспін өз маңдайыммен өз біліміммен күн көріп жүрмін. Осы айтылған әңгімеден жеке бас құқығыма қатты нұсқан келіп отыр басшылардың айтып отырған сөзі осы сонда мені қорғайтын кім? Соңғы рет 2013 жылдың 14 наурыз күні Е. Қалниязға кіргенімде бұл сөзді қойыңыз сіз осы жерден тоқтап тұрсаңыз мен уәдемде тұрам деген уәдесін бергесін мен бүгінгі күнге деиін күттім, мені алдап арбайтын балабақшадағы бала емеспін ғой бермесе саған жұмыс жоқ демейме, мен сосын өз жұмысыммен боламғой. Ал, К. Көмекбай әңгіме айтпаса менің үйіме неге келді? Қандай қақысы бар біреудің үйіне келуге өзі сол кезде бір ауылдағы мектеп басшысы өзінен үлкен менің ағамды жұмысқа қоятын ол кім, жұмыс бергісі келсе 2009 жылы қазан айында өзі Бозкөл ауылында тұрып менің ағаммен жарысып түсіп Б. Жолтаев ағама конкурсқа кіруіне қарсы болып ағам жүрегі ауырып, қан қысымы көтеріліп құлап қалған жоқпа ол кездеде кінәлі адамдар ешқандай жазаланған жоқ. К. Комекбайдың Өркенді ауылындада қалай жұмыс жасаған іс әрекеттерінен хабарым бар себебі менің ауылым олда тексеру барысында айтылатын болады, ол менің жұмысыма араласты менде енді тоқтамаймын және айтылған нәрселерді дәлелдеп беремін. Е. Қалнияз білім бөліміне басшы болғалы бірнеше есепшілер жұмысқа алынды ешқандай еңбек өтілі жоқ, зейнеткерлікке шыққан бірнеше есепшілер 3-4 жылдап жұмыс жасап жатыр, кейбірі жұмысқа келмейде жүр, бірнеше есепшілер қосымша 0,5 ставка қосып жұмыс істеп жүр, ешкімнің еңбек өтіліне және дипломына, және қабілетіне, және жанұя жағдайына қарап немесе аттестациялап жұмысқа қабылдап жатқан жоқ. Осы себепті қаншама мектептерде кемшіліктер болып жатыр. Осындай кемшілік жіберіп отырған басшыларға тиісті шара көруді және жеке басыма құқығыма нұсқан келтірген әңгіме ойластырған басшыларға тиісті шара көруді сұраймын жазбаша түрде. Осы жазған арызым қанағаттандырылмаған жағдайда Қ. Р президенті Н. Назарбаевқа және Қ. Р бас прокурорына жазатынымды білдіремін.