• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (08.04.2013) на обращение от (28.03.2013) № 10506
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (08.04.2013) на обращение от (28.03.2013) № 10506

Вопрос
Сәлеметсіз бе, құрметті Бақытжан Тұрсынұлы! Сұрағым түсініктірек болу үшін өзім жайлы қысқаша баяндайын: математика пәнінің мұғалімі, О.А.Жәутіков атындағы РАФММИ 1994 ж. түлегі (ерекше аттестат), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 1998 ж. түлегі, 1998-2001 ж. Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, 2001-2003 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты (үздік диплом), 2003-2005 ж. аталған оқу орнының аспиранты, 2005-2008 ж. аталған оқу орнының зертхана маманы. 2008 ж. тұрмысқа шығуыма және жолдасымның әскери қызметтегі адам екендігіне байланысты, Маңғыстау облысына қоныс аудардық. Ол жерде жоғары оқу орны болмағандықтан, 2009 ж. жергілікті гимназияға мұғалім қызметіне қабылдандым және мектепте жұмыс өтілім жоқ болғандықтан, мені жұмысқа санатсыз қабылдады. 2010 ж. наурыз айында математика пәні мұғалімдерінің арасында өткен аудандық олимпиададан 1-орынды, облыстық олимпиададан 3-орынды иеленіп, ғылыми жоба бойынша дайындаған оқушыларым облыста құрмет грамотасымен марапатталды. Соған байланысты, 2010 ж. 2-санатты алдым. 2010 ж. желтоқсан айында кандидаттық диссертация қорғап, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2011 ж. 31 наурыздағы шешімімен физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алдым. 2012 ж. жолдасымның жұмыс орны Алматы облысындағы аудан орталығына ауысуына байланысты жұмыссыз отырып қалдым. Үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап, жергілікті мектепте орын табылып, мұғалім қызметіне қабылдандым. Менің сұрағым: мен санатымды бірінші санатқа мезгілінен бұрын көтеруге өтініш білдіре аламын ба, әлде соңғы жұмыс орнында, яғни осы жерде 1 жыл қызмет етуім керек пе? Ережеде көрсетілген бойынша кандидаттық дәрежем бар болғанмен, қазір екінші санаттамын. Және сол ережедегі "жедел аттестаттаудан өтеді" деген нені білдіреді? Мерзімінен бұрын ба, әлде автоматты түрде деген мағынада ма?