Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (02.04.2013) на обращение от (20.03.2013) № 10419
Құрметті Бақытжан ТұрсынұлыСәлеметсіз бе!!! Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевтың Жаңақорған ауданына 2013 жылы наурыз айының 23 жұлдызында сапары күтілуде. Алайда аймақ басшысы келерден бұрын ауданымызда облыс басшысының сапарына қызу дайындық жұмыстары басталып кетті. Қалай дейсіз ғой, аудандағы мектеп, ауруханаларға үкіметтің қаулысымен берілген 5 күндік демалысында қызметкерлерін жұмысқа міндеттеп шақыруда. Мысалы аудандық мектептер 21 күні мектепке тазалық жұмыстарына, 22 наурыз күні наурыз мерекесін тойлауға атсалысуға, ал 23 наурыз күні 11 сынып оқушыларын Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық жұмыстарын жүргізуге міндеттелуде. Демалыс тек календарь бойынша беріледі деп жатыр. Осы мәселені шешіп мұғалімдердің заңды құқығын қалпына келтіреді деп сенім білдіреміз!