Министерство внутренних дел Республики Казахстан ответ от (06.05.2013) на обращение от (19.03.2013) № 41960
Normal 0 false false false MicrosoftInternetExplorer4Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі генерал Қ.Қасымовқа. Жамбыл облысы. Мойынқұм ауданы Мойынқұм ауылы Досымбаев көшесі № ½ үй тұрғыны Сабыров МұханбетқұлданБайланыс тел: 8-726-42-2-10-64. Ұ.Т-: 8-771-235-53-24 Өтініш. Менің өтініш беруім себебім төмендегіше : Мен Сабыров Муханбеткул 1951 жылы 5 қарашада туғанмын. Алайда 2001 жылы жеке куәлігімнің мерзімі бітуіне байланысты айырбастағанымда, жаңадан берілген куәлікте туған айым қате жазылып 1951 жылы 5 қазан деп көрсетілгендіктен, куәліктегі қатені жөндетіп 1951 жылы 5 қараша деп көрсетіп, қайта алған болатынмын.Сол кезде ЖСН – ИИН нөмерім 51 10 05 300 759 берілді. Осы нөмер куәлігімде жазулы тұр.Қазіргі уақытта 1 қаңтар 2013 жылдан бастап туындап отырған жағдай мынандай :1. Менің айлығымнан зейнет ақы қорына және әр түрлі салықтарды аударған кезімде жеке куәліктегі көрсетілген туған айыммен ЖСН – ИИН - дегі туған айымның айырмашылығы болуы себепті қазынашылық банкі 10 % міндетті зейнет ақы қорына салымымды – жинақтаушы зейнет ақы қорына және әр түрлі салықтарды 3 ай болды өткізбей келеді.1 –нші вариант: – Жеке куәліктегі туған айымды және ЖСН - ИИН көрсетіп поручение тастаса ЖСН – ИИН дұрыс емес деп қабылдамайды.2 – нші вариант: - Жеке куәліктегі туған айымды ЖСН – ИИН – дегі туған айыммен сәйкестендіріп поручение тастаса , онда басқа адамның аты – жөні шығады.Заңға сәйкес ЖСН – ИИН адамның бүкіл өміріне бар – ақ рет беріледі.Ол өзгертуге жатпайды.Менің туған айымды өзгертуге тағы болмайды. Енді мен не істеуім керек ?Осы мәселені шешу туралы аудан көлемінде көші – қон полициясы, ХККО мен қазынашылық банкі басшыларына барғанымда олар бұл мәселені шеше алмайтындығын айтып отыр.Сол себепті де менің Өтінішімді мұқият қарап шешіп беруіңізді сұранамын. Жазбаша түрде. Мойынқұм ауылының тұрғыны М.Сабыров.