• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (03.04.2013) на обращение от (13.03.2013) № 10309
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (03.04.2013) на обращение от (13.03.2013) № 10309

Вопрос
 Сәлеметсіз бе құрметті министр!Менің өтінішім бүгінгі таңда өзекті мәселелердің бірі  оқу орнындағы парақорлыққа байланысты болып отыр. Бастамас бұрын еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Жастар жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады» деген сөзбен бастағым келіп отыр. Білімді жастар еліміздің болашағы. Бірақ ЖОО-да сабақ өтпей, сабаққа қатыспай, сессиясын ақшамен бітірсе қандай білім болғаны? ОҚО Шымкент қаласы Республикамыздың халқы ең көп қоныстанған аймақтың бірі. Қалада жеке университеттер саны да өте көп. Қаладағы бұрынғы Академиялық инновациялық университеті, қазіргі Аймақтық әлеуметтік инновациялық университеті де жеке университеттердің бірі. Бұл университет ешқандай жастарға білім қондыратын жер емес. Өйткені ешқандай техникалық талаптарға сай емес. Іші қараңғы, суық ешқандай сабаққа жабдықталмаған. Сағат күндізгі 12-ден кейін студент таппайсын. Кітапханасы да жоқ. Асханасы да өте төмен дәрежеде. Мұндай мекемеде қандай білім болмақ? Сырттай оқитын студенттерді емес тіпті күндізгі оқу түрінде оқитын студентті де таппайсын. Мен сол жердің студенттерінің бірі болған баланың әпшесімін. Биыл Мемлекеттік университетке ауыстырып алдым. Сырттай оқу факультетінің студенттері мүлдем сабаққа бармайды. Сессиясын ақшамен жабады. Сол жерде отырған методист Иманбаева Эльмира сессияны 25.000 теңгеге жауып береді. Сабаққа мүлдем бармайсын. Ауысуымызға да декандары Ордабаев деген кісі бізден пара талап етті. Методист Эльмира сессияны ақшамен ғана жабылатынын және өзін келіп қатысып жүрсен де сессиядан өте алмайтынымызды түсіндіріп әр сессияда 20.000 теңге алатын. Ал биыл ол кісінің ствакасы көтеріліпті 25.000 теңге екен. Міне мұндай сұмдықтан кейін қандай білім болмақ. Жастарымызды қазірден параға үйретіп жатыр. Сізден сол оқу орнын тексеріп, күндізгі және сырттай оқитын студентердің білімін тексеруіңізді сұранамын және парақорлар тиісті жазасын алсын деймін. Университеттегі Сырттай оқу факультетін мүлдем жабуыңыз керек және студенттерін басқа ЖОО-на (ХГТУ, Мирас университеті, ШУ, М. Сапарбаев атындағы институты) ауыстыру керек деп ойлаймын.