• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (27.03.2013) на обращение от (12.03.2013) № 125355
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Министерство образования и науки Республики Казахстан ответ от (27.03.2013) на обращение от (12.03.2013) № 125355

Вопрос
 Кұрметті Бақытжан Тұрсынұлы!Мен ШҚО, Семей қаласының тұрғынымын.Сізге хат жазуымның себебі, қаламыздағы жаңадан ашылған жекеменшік "Семей" медицина колледжіне көңілімнің толмауы.Бұл колледждің ашылғанына 1 жыл болды, негізінен колледж басқа бір колледждің төртінші қабатын жалға алып орналасқан.Кұжат жүзінде бұл мекемені басқа адам, ал іс жүзінде медициналық білімі жоқ Абишева Ш.М. деген азаматша басқарып отыр.Медициналық колледж деген тек аты ғана.Бір қабатта орналасқан, 11 ғана кабинеттері бар, ешқандай тәжірибе көрсететін құрал-жабдықтары жоқ, сабақты ешқандай біліктілігі жоқ, дипломдары сәйкес емес адамдар береді, кітапханасы, кітап қоры жоқ, кабинеттері де жетіспейді,соған байланысты көп сабақтар болмай қалады,  былайша айтқанда болашақ медицина мамандарына ештеңе үйретіп жатқан жоқ, тіпті олар ауруханаға барып тәжірибеден де өтпейді.Колледжде осы сияқты келеңсіздіктер өте көп, студенттерден жылына 110 000 теңге ақша алады, сабаққа келмесе сағатына 100 тг ақша алады.Осындай сапасыз колледждарды жабам деген сөзіңізді ақпарат құралдарынан естіп, осы колледж бойынша шара қолдануыңызды сұраймын.Меніңше, медицина қызметкерлері сапалы білім алып, стандарттық сұранысқа сәйкес оқу орнында оқуы керек.