• Мое избранное
  • Сохранить в Word
  • Сохранить в Word
    (альбомная ориентация)
  • Сохранить в Word
    (с оглавлением)
  • Сохранить в PDF
  • Отправить по почте
Документ показан в демонстрационном режиме! Стоимость: 80 тг/год

Отправить по почте

Министерство культуры и спорта Республики Казахстан ответ от (04.03.2013) на обращение от (02.03.2013) № 374350

Вопрос

  Саламатсызба құрметті Ахметов Серік мырза! Менің атым Ләззат. Мені Қазақстандағы көркем гимнастика жөнінде біраз сұрақтар мазалап жүр. Мысалы көрші Ресей мемлекетінде атақты жаттықтырушы И.Винердің секілді арнайы бәсекеге төтеп бере алатын мекемені өз елімізде неге ашпасқа. Жалпы спорт мектептерде де көркем гимнастикаға арналған арнайы залдардың деңгейі нашар және жағдай жасалмаған. Бұл спорт түрі қыздарға арналған әдемі спорт түрі деп ойлаймын. Сондықтан осы спорт түріне де көңіл бөлініп дамытса екен деген ой... 

   Сондай-ақ қандай жарыс болмасын жолға қаражатты ата-анасы төлеу керек. Осы жағынан да қайта заң қаралса екен яғни кем дегенде  50 пайыз қаражатты мемлекет тарапынан бөлінсе екен. Себебі бұл спорт тұріндегі киімінің өзі қымбат кем дегенде 50000-60000 теңге және оған қоса арнайы құралдарын яғни доп т.б  да ата-анасы сатып алатын болғандықтан орта деңгейдегі жанұя үшін қиынырақ...

Сонымен қатар бізде спорт карьерсы біткен спортышларға қаншалықты көңіл бөлінеді... Мысалы Ресейде әлем чемпонатына немесе олимпиадаға дайындалып жүріп-ақ спортшыларға айлық төленеді. Сол сияқты әлем және олимпиада чемпионы  Алина Кабаева өз елінде депутат қызметінде. 

Осындай хатты Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне де жолдаған едім бірақ ешқандай жауап ала алмағандықтан Сізге жаздым. Сау болыңыз!!!