• Мое избранное
Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 339/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24 қыркүйекте № 21265 болып тіркелді

Редакция 16.01.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары айқындалсын.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1163 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12967 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Инновациялық гранттар берудiң басым бағыттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1163 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 22 қарашадағы № 801 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16134 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе департаменті:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі
  • 1
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 17 қыркүйегі
№ 339/НҚ бұйрығына
қосымша
  • 1
Инновациялық гранттар берудің басым бағыттары
Басым бағыттары жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 28.12.2023 жылғы № 683/НҚ Бұйрығына сәйкес (17.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Экономика және қоғам тіршілігі салаларында қолданылатын жоғары өнімді технологиялар:
1) индустрия элементтерін қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 4.0;
2) жаңа материалдар, аддитивті технологиялар, нанотехнологиялар;
3) биотехнология, медицина мен денсаулық сақтаудағы жаңа технологиялар;
4) өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа технологиялар;
5) ғарыштық технологиялар;
6) экологиялық таза технологиялар, энергия тиімділігі, энергия үнемдеу және баламалы энергетика;
7) жаңа қаржылық технологиялар;
8) электрондық өнеркәсіп;
9) робототехника;
10) әлеуметтік инновациялар.