• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 1

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 28 қыркүйектегі № 120 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қыркүйекте № 21299 болып тіркелді

Редакция 09.01.2026 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 106 Қаулысына сәйкес (25.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргiзу қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10204 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 248 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16446 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) бекітілген Төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының тізбесі 6-тармағының күші жойылды деп танылсын.
3. Қолма-қол ақша айналысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2) тармақшасында және 4-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
  • 1
4. Ақпарат және коммуникациялар департаменті – Ұлттық Банктің баспасөз қызметі осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
6. Осы қаулы ресми жариялануға тиіс және 2020 жылғы 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Е. Досаев
  • 1
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2020 жылғы 28 қыркүйегі
№ 120 қаулысымен
бекітілді
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы ереженің 19-тармағының екінші бөлігі екінші абзацының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде (бұдан әрі – Ұлттық Банк) жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.02.2022 жылғы № 19 Қаулысына сәйкес (28.09.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 106 Қаулысына сәйкес (25.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қағидалар Ұлттық Банктің орталық аппаратының бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына (бұдан әрі – Ұлттық Банктің филиалдары), Ұлттық Банктің Кассалық операциялар және құндылықтарды сақтау орталығында (филиалына) (бұдан әрі – Ұлттық Банктің Орталығы), Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің банкноттарын және (немесе) монеталарын енгізетін (тапсыратын) және (немесе) алатын жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарына, Ұлттық Банктің Орталығына шетел валютасын енгізетін (тапсыратын) және (немесе) алатын заңды тұлғаларға қолданылады.
3. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2025 жылғы № 106 Қаулысына сәйкес (25.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) айналым кассасы – Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының кіріс, шығыс, кіріс-шығыс кассалары, қайта санау кассасы, ұсақтау (айырбастау) кассасы және кешкі касса кіретін кассасы;
2) ақша ұсақтау (айырбастау) кассасы – Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында арнайы жабдықталған, бір номиналдағы ұлттық валюта банкноттары мен монеталарын басқа номиналдағы банкноттар мен монеталарға айырбастап беруге арналған кабина (үй-жай);
3) артық шығу – ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарының, монеталарының орауында көрсетілген ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарының, монеталарының сомасы және осы ораудағы нақты банкноттар, монеталар сомасының арасындағы артық шыққан айырма;
4) банкноттар салынған толық будалар – әрқайсысында бір номиналдағы 100 (бір жүз) парақ банкнот бар 10 (он) толық бумалардан оралған 1000 (бір мың) банкнот;
5) банкноттар мен монеталар – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің Қазақстан Республикасының аумағында заңды төлем құралы болып табылатын банкноттары мен монеталары, сондай-ақ айналыстан алынған немесе алынатын, оның ішінде тозған және бүлінген банкноттар мен монеталар;
6) ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын қайта санауға арналған үй-жай – Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында кіріс, шығыс, шығыс-кіріс кассасының қасында арнайы жабдықталған, уәкілетті өкілдің ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын және монеталарын қайта санауына арналған орын;
7) бокс – ұлттық валютаның әр түрлі номиналдардағы және тозу дәрежесіндегі сұрыпталмаған банкноттарын сақтауға және тасымалдауға арналған арнайы қайтарылатын ыдыс;
8) дайындаушы ұйым – банкноттар мен монеталарды дайындауды жүзеге асыратын «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» және «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
9) жауапты бөлімше – Ұлттық Банктің орталық аппаратының Қазақстан Республикасында қолма-қол ақша айналысын ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;
10) заңды тұлға – Ұлттық почта операторы, Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдары, екінші деңгейдегі банктер, банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау айрықша қызметі болып табылатын заңды тұлғалар (бұдан әрі – инкассаторлық ұйымдар), Ұлттық Банктің еншілес ұйымдары, таратылатын банктер;
11) инкассация бөлімшесі – Ұлттық Банк Орталығының банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау шарты негізінде Ұлттық Банктің филиалдары, сондай-ақ Ұлттық Банктің Орталығы және заңды тұлғалар арасында банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын бөлімшесі;
12) касса модулі – Ұлттық Банктің автоматтандырылған банктік ақпарат жүйесінің эмиссиялық-кассалық операцияларының модулі;
13) кассалық құжаттар – резервтік қорлардың және айналым кассасының банкноттарымен және монеталарымен және қоймада (сақтау орнында) сақтаудағы құндылықтармен операциялар жасалғандығын растайтын құжаттар;
14) кем шығу – ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарының, монеталарының орауында көрсетілген ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарының, монеталарының сомасы және осы ораудағы нақты сомасының арасындағы кем шыққан айырма;
15) кешкi касса – Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында арнайы жабдықталған, операциялық күн аяқталғаннан кейiн және (немесе) демалыс және мереке күндері ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын қабылдауға арналған кабина (үй-жай);
16) күмәнді банкноттар мен монеталар – Ұлттық Банк белгілеген банкноттар мөлшерінің 50 (елу) пайыздан астамын сақтаған, банкноттардың түпнұсқалығын айқындауды қиындататын бүлінулері бар ұлттық валюта банкноттары, сондай-ақ монеталарының түпнұсқалығын айқындауды қиындататын бүлінулері, бұрмалануы бар ұлттық валюта монеталары;
17) кiрiс кассасы – Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында арнайы жабдықталған, ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын қабылдауға арналған кабина (үй-жай);
18) кiрiс-шығыс кассасы – Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында арнайы жабдықталған, ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын қабылдауға және беруге арналған кабина (үй-жай);
19) қайта есептеу кассасы – Ұлттық Банктің филиалында, Ұлттық Банктің Орталығында арнайы жабдықталған, Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының касса қызметкерлерінің ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын қайта есептеуіне арналған үй-жай;
20) қаржылық автоматтандырылған ақпарат тасымалдау жүйесі (бұдан әрі – ҚААТЖ) – қорғалған байланыс арнасы бойынша ақпаратты электронды түрде жіберуге арналған арнайы байланыс арнасы;
21) қосалқы есепке алуға жауапты бөлімше – Ұлттық Банктің орталық аппаратының Ұлттық Банктің операциялары бойынша қосалқы есепке алуды жүзеге асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;
22) мәміле паспорты (трейд-тикет) – мәміле жасалғанын растайтын құжат, онда мәміле көлемі, шетел валютасының атауы не ISO бойынша әріптік коды, бағасы және (немесе) комиссиялық сыйақысы, валюталау күні, жеткізу күні, мәміле күні, жеткізу орны, номиналы, шетел валютасын не Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын есепке алуға арналған тараптардың банктік деректемелері, контрәріптес – қолма-қол шетел валютасымен операциялар бойынша Ұлттық Банкпен жасалатын мәмілеге қатысушының атауы көрсетілген мәміленің жасалуын растайтын құжат;
23) мемлекеттік мекеме – Ұлттық Банкте қызмет көрсетілетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері;
24) монеталардың толық қапшығы – салынған сомасы Қағидалардың 89-тармағында көзделген мөлшердегі номинал бойынша белгіленген, бір номиналдағы монеталар оралып салынған қапшық;
25) монетарлық операцияларды жүзеге асыруға жауапты бөлімше – Ұлттық Банктің орталық аппаратының монетарлық операцияларды жүзеге асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;
26) саше-пакеттер – белгiленген мөлшерде ұлттық валюта монеталары бар және тасымалдау пакетiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын орау бiрлiгi;
27) тасымалдау пакеті – ұлттық валюта монеталарын сақтауға, тасымалдауға, қабылдауға және беруге арналған, құрамында саше-пакеттері бар орау бірлігі;
28) уәкілетті өкіл – заңды тұлғаның не мемлекеттік мекеменің ұлттық немесе шетел валютасы банкноттарын, монеталарын жарналауға (тапсыруға) және (немесе) алуға уәкілетті өкілі;
29) филиалдың бухгалтериясы – Ұлттық Банк филиалының, Ұлттық Банк Орталығының бухгалтерлік есеп бөлімшесі;