• Мое избранное
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 6

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 428 Жарлығы

Редакция 02.11.2024 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен 
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 407 Жарлығына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе өзгертілді ҚР Президентінің 01.03.2023 жылғы № 134 Жарлығымен (15.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) туралы ереже;
2) Агенттіктің құрылымы;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Агенттікке Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Қазақстан Республикасы
Президентінің
 2020 жылғы 5 қазандағы
 № 428 Жарлығымен
 БЕКІТІЛГЕН
  • 3
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі туралы ЕРЕЖЕ
Ереже жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 17.03.2022 жылғы № 841 Жарлығына сәйкес (05.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін, бәсекелестiктi қорғау және монополистік қызметтi шектеу саласында басшылықты, мемлекеттік монополия саласына жатқызылған қызметті бақылау мен реттеуді, сондай-ақ тауар биржалары саласындағы қызметті мемлекеттік бақылауды және лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2. Агенттіктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада аумақтық бөлімшелері болады.
3. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Президент пен Үкіметтің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі мен қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
5. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. Агенттіктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Агенттік төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. Агенттіктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан орны: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Есіл» ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 1-кіреберіс.
9-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 01.03.2023 жылғы № 134 Жарлығымен (15.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)
10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. Агенттікке кәсіпкерлік субъектілерімен Агенттіктің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қарым-қатынас жасауға тыйым салынады.
Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кіріс, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Агенттіктің мақсаттары мен өкілеттіктері
13. Мақсаттары:
1) нарық субъектілерінің экономикалық тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
2) адал бәсекелестікті дамытуға жәрдемдесу;
3) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау және тергеп-тексеру, жолын кесу;
4) экономикалық шоғырлануды реттеу;
5) бәсекелестікті шектейтін нарық субъектілерін монополиясыздандыру.
14. Өкілеттіктері:
1) құқықтары:
Қазақстан Республикасының Президентіне тиісті тауар нарықтарында бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
өз құзыреті шегінде орындау үшін міндетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті ақпаратты және материалдарды сұрату және алу;
тиісті тауар нарықтарын талдау негізінде аталған нарықтар үшін мәмілелерді жүзеге асыруға келісім қажет болатын активтер құны мен тауарлар өткізу көлемінің неғұрлым жоғары мөлшерлерін белгілеу;
Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру жөніндегі процестік әрекеттер мен іс-шараларға қатысу;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны құрайтын мәліметтерді жариялауға қойылатын талаптарды сақтай отырып, мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдардың лауазымды адамдары мен жеке тұлғалардан Агенттікке жүктелген функцияларды жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұрату және алу;
сотқа жүгіну;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға олар қабылдаған, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзатын актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
прокуратура органдарына Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасына қайшы келетін материалдар мен нормативтік құқықтық актілерді жолдау;
өзінің өкілеттіктері мен функцияларының бір бөлігін Агенттіктің аумақтық бөлімшелеріне беру;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
2) міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған, коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;