• Мое избранное
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 364/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 қазанда № 21361 болып тіркелді

Редакция 04.03.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1225 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13058 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 332 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кейбір бұйрықтары тізбеcінің 3-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15288 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде 2017 жылдың 30 маусымында жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе департаменті:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 1 қазаны № 364/НҚ
бұйрығымен бекітілген
  • 1
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 11.04.2022 жылғы № 115/НҚ Бұйрығына сәйкес (01.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.05.2022 жылдан бастап)
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 11.04.2022 жылғы № 115/НҚ Бұйрығына сәйкес (01.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.05.2022 жылдан бастап)
1) грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алған инновациялық жобаларды іске асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) жай серіктестіктердің тобы;
2) гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес (бұдан әрі – кеңес) – құрамына тәуелсіз (отандық және (немесе) шетелдік) сарапшылар, қоғамдық ұйымдардың және тиісті салалардың өкілдерінің (келісім бойынша) тақ саны кіретін, өтінімдердің сараптамаларын және осы Қағидаларда белгіленген инновациялық гранттарды беру кезінде қойылатын өлшемшарттарды ескере отырып, өтінім берушілердің жобалары бойынша шешімдер қабылдау үшін инновациялық даму саласындағы ұлттық институт шеңберінде құрылған алқалы орган;
3) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің нәтижесі – ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында алынған және кез келген ақпараттық жеткізгіште тіркелген жаңа білім немесе шешімдер, ғылыми әзірлемелер мен технологияларды өндіріске енгізу, сондай-ақ жаңа бұйымдардың, материалдар мен заттардың модельдері, макеттері, үлгілері;
4) жобаны бағалау өлшемшарттары – баллдық жүйені пайдалана отырып, өтінім берушінің жобасын бағалау белгілері;
5) инновациялық грант – инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде олардың инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаты;
6) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ұлттық институт) – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын ұсынуға уәкілетті ұлттық даму институты;
7) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – инновациялық және технологиялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) кеңестің шешімі – кеңес мүшелері қабылдаған және хаттамамен ресімделген және инновациялық грант беру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары туралы мәліметтерді қамтитын шешім;
9) консорциум (бұдан әрі – консорциум) – заңды тұлғалар қандай да бір ресурстарды біріктіретін және бизнестің нақты міндеттерін шешу үшін күш-жігерін үйлестіретін бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде уақытша ерікті тең құқықты одақ (бірлестік);
10) консорциялық келісім – бірлескен ғылыми және коммерциялық қызметті, мүшелер арасындағы өзара қатынастарды, бірлескен жобаны жүзеге асыруды, сондай-ақ консорциум мүшелері арасындағы құқықтар мен міндеттерді реттеу үшін екі немесе бірнеше заңды тұлғалар, консорциум мүшелері арасында жасалған келісім;
11) лицензиялық шарт – патент иеленуші (лицензиар) басқа тарапқа (лицензиатқа) тиісті өнеркәсіптік меншік объектісін белгілі бір түрде уақытша пайдалану құқығын беретін шарт;
12) озық технология – нарықта кішігірім практикалық қолданылуы және одан әрі тарату үшін жоғары әлеуеті бар технология;
13) өтінім – өтінім беруші жіберетін, өтінімдерді электронды қабылдау мен сүйемелдеудің автоматтандырылған жүйесі арқылы толтырылатын салаларды технологиялық дамыту үшін инновациялық грант алуға арналған өтініші;
14) өтінім беруші – аккредиттелген ғылыми ұйым мен жұмыс істеп тұрған кәсіпорын арасындағы консорциалдық келісімнен тұратын (салалық қауымдастықтарды тарту құпталады), оның ішінде осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алуға өтінімді қарауға ұсынған жоғары технологиялық стартап-компанияларды тарта отырып, инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға – инновациялық жобаларды іске асыратын жеке және (немесе) заңды тұлғалардың және (немесе) жай серіктестіктердің тобы;
15) өтінімдерді электронды қабылдау және сүйемелдеудің автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – автоматтандырылған жүйе) – бұл инновациялық гранттарды алуға берілетін өтінімдерді қабылдау және сүйемелдеу жөніндегі автоматтандырылған жүйе;
16) салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грант беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – ұлттық институт пен грант алушы арасында инновациялық грант беруге жасалған шарт;
17) технология – белгілі бір өнімді өндіру мен шығаруды, оның ішінде тауарларды өндіру мен шығаруды қамтамасыз ететін әдістер мен құралдардың жиынтығы;
18) технологиялар трансферті – Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған тәсілдермен алынған инновациялық қызмет, меншік, иелену және (немесе) пайдалану өнегесі субъектілерінің жаңа немесе жетілдірілген технологияларды енгізу процесі;
19) шетелдік технологиялық әріптес – тиісті құзыреттілікке ие, озық технологияның иесі және (немесе) тасымалдаушысы.
3. Салаларды технологиялық дамытуға арналған инновациялық гранттар өтініш берушілерге уәкілетті орган айқындаған басым бағыттар шеңберінде өндірісте ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін енгізу және пайдалану, сондай-ақ өнімдері және/немесе қызметтері салалардың технологиялық дамуына елеулі әсер ететін немесе жаңа жоғары технологиялық өндірістердің, инновациялық платформалардың немесе инновациялық экожүйенің қажетті элементтерінің пайда болуы үшін негіз болатын кәсіпорындарда шетелдік технологияларды сатып алу, бейімдеу және енгізу жолымен саланың технологиялық міндеттерін шешу үшін беріледі.
4. Инновациялық гранттар беруді ақпараттық қамтамасыз етуді ұлттық институт және уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Инновациялық гранттар беруді уәкілетті орган мен ұлттық институт арасында жасалған шарт негізінде инновациялық гранттар беруге көзделген қаражатты бөлу жолымен ұлттық даму институтын тарта отырып, уәкілетті орган жүзеге асырады.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 11.04.2022 жылғы № 115/НҚ Бұйрығына сәйкес (01.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.05.2022 жылдан бастап)
6. Қаржы жылының соңында есептелетін ұлттық институттың ағымдағы шотындағы қаражат қалдықтары уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатпайды, ал келесі қаржы жылында инновациялық гранттар беруге жұмсалады.
7. Ұлттық институттың инновациялық гранттар беру жөніндегі қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.
2-тарау. Салалардың технологиялық дамуына инновациялық гранттар беру тәртібі
8. Ұлттық институт инновациялық гранттарды алуға өтінімдерді қабылдау туралы автоматтандырылған жүйесінің мекенжайы мен өтінімдерді қабылдаудың кестесін көрсете отырып, бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық институттың ресми интернет-ресурсында хабарлайды. Өтінімдерді қабылдау кестесі ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығынан кешіктірілмей уәкілетті органмен келісіледі және кесте келісілгеннен кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ресми интернет-ресурста жарияланады.
9. Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру рәсімі мынадай кезеңдерден тұрады:
1) ұлттық институттың осы Қағидалардың 18-тармағында көрсетілген қоса берілген құжаттармен бірге берілген осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қабылдауы, тіркеуі, олардың толықтығын алдын ала тексеруі өтінімді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Өтінімдерді алдын ала тексеру аяқталғаннан кейін ұлттық институт өтінімде көрсетілген өтініш берушінің электрондық поштасына анықталған ескертулер туралы хабарламаны (олар болған жағдайда) жібереді.
Өтінімді пысықтауға қайтару үшін оның осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеуі негіз болып табылады.
Өтініш беруші анықталған ескертулер туралы хабарлама алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде анықталған ескертулерді жояды.
Өтініш беруші ескертулерді көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда, ұлттық институт өтінімді одан әрі қараусыз қалдырады.
Өтінім беруші ескертулерді жойған кезеңде, өтінімді қарау мерзімі өтінім берушіге анықталған ескертулер туралы ресми хабарлама электрондық пошта арқылы жіберілген сәттен бастап тоқтатыла тұрады және олар жойылғаннан кейін қайтадан жаңартылады;
2) өтініш берушінің құжаттарын ұлттық институт алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қайта тексеруді (анықталған ескертулер туралы өтініш берушіге хабарлама жіберілген жағдайда) жүзеге асыру.
Ұлттық институт ұлттық институттың акционерін, уәкілетті органды және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жағдайларды қоспағанда, инновациялық гранттар беру процесіне іске қосылмаған үшінші тұлғаларға өтінім туралы ақпаратты жарияламауды қамтамасыз етеді;
3) 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сараптама жүргізу рәсіміне қойылатын талаптарда көрсетілген жобаларды бағалау критерийлерінің негізінде балл бере отырып өтінімге сараптама жүргізуі;
4) сараптама қорытындысын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде өтінімге сараптама жүргізу нәтижелері бойынша кешенді қорытындыны қалыптастыру және Кеңестің қарауына жіберу;
5) Кеңесті ұйымдастыру және инновациялық грантты беру не бермеу туралы шешім қабылдау.
Өтінімдерді ашық және жан-жақты қарау және инновациялық грантты беру не бермеу туралы шешім қабылдау мақсатында ұлттық институтта Кеңес құрылады. Кеңестің қызметін ұйымдастыру, оның мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу және құрамы ұлттық институттың актісімен реттеледі.
Кеңес өтінімдердің сараптамаларын және өтінім берушінің жобалары бойынша жиналған балдарды, сондай-ақ осы Қағидалардың шарттарын ескере отырып, инновациялық гранттар беру туралы шешім қабылдайды.
Осы Қағидалардың 9-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі 20 (жиырма) жұмыс күнін құрайды;
6) ұлттық институт салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грант беруден мынадай жағдайларда бас тартады:
өтініш беруші инновациялық грант алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;
өтініш берушінің және (немесе) инновациялық грант беру үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің сәйкес келмеуі;
егер мәлімделген жоба бұрын ұлттық институт берген инновациялық грант есебінен немесе өтеусіз берілетін бюджет қаражатының басқа да көздері есебінен қаржыландырылса;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, салық берешегінің және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің болуы;
негіздемелерді қоса бере отырып, инновациялық грант беруден бас тарту туралы Кеңестің дәлелді шешімі;
7) шартқа қол қою немесе өтінім берушіге инновациялық грантты беруден дәлелді бас тартуды жіберу.
Кеңес шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұлттық институт өтініш берушіні шартқа қол қою қажеттілігі туралы хабардар етеді немесе инновациялық грант беруден негізделген бас тартуды жібереді.
Осы Қағидалардың 9-тармағы 7) тармақшасының бірінші бөлігінде көрсетілген рәсімнің жалпы мерзімі Кеңес шешім қабылдаған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнін құрайды.
Осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген рәсімдердің жалпы мерзімі 63 (алпыс үш) жұмыс күнінен аспайды.
Шартқа грант алушы не шарт жасасуға уәкілетті грант алушының өкілі және ұлттық институт орналасқан жердегі ұлттық институт қол қояды. Шарт ұлттық институттың актісімен бекітілетін нысан бойынша тараптардың әрқайсысы үшін бір-бірден екі данада жасалады.
Егер тиісті қаржы жылына инновациялық гранттар алуға мәлімделген соманың жалпы мөлшері уәкілетті орган тиісті қаржы жылына бөлген сомадан асып кеткен жағдайда, грант алушылардың тізімін қалыптастыру берілген баллдардың ең көп саны қағидаты бойынша жүзеге асырылады.
10. Жобаның іске асырылуын бақылау мақсатында ұлттық институт егжей-тегжейлі бизнес-жоспарға сәйкес жобаның іске асырылуына және грант алушының ұлттық институт инновациялық компанияларды құруға және (немесе) инновациялық технологияларды енгізуге және жасалған шарт талаптарына сәйкес өткізілген инновациялық өнім көлемін ұлғайтуға бағытталған қабылданған қарсы міндеттемелер жобасын аяқтау туралы шешім қабылдаған сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде орындауына тұрақты мониторинг жүргізеді.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 11.04.2022 жылғы № 115/НҚ Бұйрығына сәйкес (01.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.05.2022 жылдан бастап)
Шартта грант алушының жобаның кепілдіктен кейінгі мониторингі мақсатында жобаны аяқтау туралы ұлттық институт шешім қабылдаған сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде жоба туралы ақпаратты ұлттық институтқа беруі көзделеді.
11. Жасалған шарттар бойынша жобалардың мониторингі уәкілетті органның және ұлттық институттың интернет-ресурсында орналастырылатын ұлттық институттың актісімен реттеледі.
Жобаның мониторингі процесінде инновациялық грант қаражатын мақсатсыз пайдалану анықталған жағдайда ұлттық институт шартты бұзу және инновациялық грант қаражатын ұлттық институттың шотына қайтару туралы мәселені Кеңестің қарауына шығарады.
Жобаның мониторингі процесінде инновациялық грант қаражатын мақсатсыз пайдалану анықталған жағдайда ұлттық институт шартты бұзу және инновациялық грант қаражатын ұлттық институттың шотына қайтару туралы мәселені Кеңестің қарауына шығарады.
3-тарау. Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грант ұсыну кезінде қойылатын өлшемшарттар
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 11.04.2022 жылғы № 115/НҚ Бұйрығына сәйкес (01.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.05.2022 жылдан бастап)
12. Салаларды технологиялық дамытуға арналған инновациялық грант өтініш берушілерге мынадай өлшемдерге сәйкес беріледі:
1) коммерциялық қызметті жүзеге асыратын және мәлімделген және (немесе) сабақтас салаларда технологиялық бизнесті жүргізу, бизнесте жаңа ғылыми және техникалық білімді қолдану тәжірибесі бар кемінде 3 (үш) жыл және өтінім беру күніне соңғы 3 (үш) жылда салық бойынша аударымдарының үдемелi қорытындысы бар;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.02.2024 жылғы № 74/НҚ Бұйрығына сәйкес (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) жобаны табысты іске асыру үшін қажетті біліктілік деңгейі бар инженерлік-техникалық персонал (бір жобалау менеджерін қоса алғанда), сондай-ақ ғылыми-зерттеу институтының жоғары тартылуы болуы тиіс. Бұл ретте, жобаны іске асыруға персоналдың (жоба командасының) қатысуы жұмыс уақытының кемінде 100% - ын құрауы тиіс;
3) өтініш берушінің жылдық айналымы 600 000 000 (алты жүз миллион) теңгеден кем болмауы тиіс;
4) консорциалды келісімі бар, бұл ретте консорциумға қатысушылар әзірленетін технология бойынша артықшылықтар алуы (консорциалды келісімде көрсетіледі), алынған білімді сала кәсіпорындарына семинарлар, тренингтер және басқалар арқылы өтеусіз негізде таратуы тиіс. Сонымен қатар, бір консорциум шеңберінде салалық проблемаларды шешетін бірнеше бағыттарды дамытуға жол беріледі;
5) енгізілген технологияны (ниет шарты, меморандум, келісім хаты және басқалар) сатып алуда және/немесе пайдалануда бизнес-әріптес - мүдделі тұлғаның болуы.
13. Салаларды технологиялық дамытуға арналған инновациялық грант мынадай шарттарға сәйкес келген жағдайда беріледі:
1) Қазақстан Республикасында қаралатын технологияны өнеркәсіптік енгізудің болмауы;
2) жобаның салалық бағыты (технологиялық міндетті шешу);
3) отандық технологиялық құзыреттілікті дамыту бойынша әлеуеттің болуы;
4) жобаның әлеуметтік-экономикалық әсері және экспортқа бағдарланған.
14. Салаларды технологиялық дамытуға арналған инновациялық грант шеңберінде жобаны қаржыландырудың жалпы сомасы 80% - ға дейін құрайды, бірақ 800 000 000 (сегіз жүз миллион) теңгеден аспайды және шығындардың мынадай түрлерін жабады:
1) жоба командасының жалақысы (салықтар, алымдар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер);
2) жабдықтарды сатып алу (техникалық құжаттама, жеткізу, кедендік шығыстар, сақтау, монтаждау, пайдалануға беру және қызмет көрсету);
3) жоба командасының іссапар шығындары;
4) жоба командаларын оқыту және семинарлар өткізу;
5) зертханалық және шығыс материалдары;
6) зияткерлік меншікті қорғау және жариялау (мемлекеттік баж салығы);
7) үстеме шығыстар (пошталық қызметтер, байланыс қызметтері, аударма қызметтері);
8) стандарттау және сертификаттау;
9) офистік және/немесе өндірістік үй-жайларды жалға алу;
10) бөгде ұйымдар мен тұлғалардың басқа/өзге де қызметтері (грант сомасынан 20% - дан артық емес).
Технология иесінің немесе өтінім берушімен технология бойынша құқықтарды беруді жүзеге асыратын тұлғаның аффилиирленуіне жол берілмейді.
15. Жобаны іске асыруға қаражат аудару үшін кеңестің оң қорытындысын алған өтініш беруші жобаны іске асыруға байланысты емес шығыс операцияларын жасау құқығынсыз депозитке салу шартымен жобаны іске асыру үшін қаражатты нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банкте эскроу режимінде жеке ағымдағы шот ашады.
Эскроу-шот режимінде ағымдағы шот ашу туралы шартқа өтініш беруші, ұлттық институт және Қазақстан Республикасының резиденті – екінші деңгейдегі банк арасында қол қойылады.
Шартқа қол қойылғаннан кейін грант алушы 10 (он) жұмыс күні ішінде күнтізбелік жоспарға сәйкес мөлшерде жобаны қоса қаржыландыру үшін эскроу-шот режиміндегі ағымдағы шотқа қаражат аударады.
Ұлттық институт грант алушыдан ақшалай қаражат түскен сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде күнтізбелік жоспарға сәйкес сомада эскроу-шот режиміндегі ағымдағы шотқа инновациялық грантты аударуды қамтамасыз етеді.
Екінші траншты (бөлігін) жобаның орындалу барысына жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша ұлттық институт аударады 7 (жеті) жұмыс күні ішінде грант алушы қаражатты эскроу-шот режиміндегі ағымдағы шотқа есептеген сәттен бастап.
Инновациялық грантты ұлттық институт кемінде екі траншпен (бөлігімен) аударады.
Бұл ретте әрбір транштың (бөліктің) сомасы инновациялық гранттың мақұлданған мөлшерінің елу пайызынан аспауы тиіс.
16. Салаларды технологиялық дамытуға арналған инновациялық грант өтініш берушілерге күнтізбелік жоспарға сәйкес кезең-кезеңмен қоса қаржыландыру шартымен беріледі. Бұл ретте өтініш беруші тек бір жобаға қатысуға өтінім береді және өтінімді қарау және жобаны іске асыру сәтінде мәлімделген жоба бойынша өзге инновациялық гранттар алуға үміткер бола алмайды.
17. Грантты игеру мерзімі 36 (отыз алты) айдан, 2 (екі) кезеңдердің ең көп саны (өндірісті жолға қою және нарыққа шығу) аспауы тиіс.
4-тарау. Салалардың технологиялық дамуына инновациялық грант алу үшін құжаттар тізбесі
18. Өтініш беруші ұлттық институтқа мынадай құжаттарды қамтитын өтінімдерді автоматтандырылған жүйе арқылы өтінімді ұсынады:
1) консорциалдық келісім (нотариалды куәландырылған көшірмесі);
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның бизнес-жоспары (сондай-ақ ағылшын тілінде, электрондық тасымалдағышта, MicrosoftWord форматында ұсынылады);
3) үлестес тұлғалардың тізімі;
4) өтініш берушінің құрылтай құжаттарының көшірмелері;
5) өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуін (қайта тіркелуін), өтініш берушінің филиалын (өкілдігін) есептік тіркеуді (қайта тіркеуді) растайтын құжат;
6) өтініш берушінің бірінші басшысын тағайындау туралы шешім, сондай-ақ жоба басшысына және өтінімге және (немесе) өтінімге қоса берілетін құжаттарға қол қоюға құқығы бар өзге де тұлғаларға сенімхат.
19. Өтінім материалдарына лицензиялардың, патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың (бар болса), дипломдардың және жобаға қатысушылардың біліктілігін растайтын басқа да құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
20. Инновациялық грантты алуға өтінім өтінімдерді автоматтандырылған жүйе арқылы мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде (қажет болған жағдайда ағылшын тілінде) ұсынылады.
21. Инновациялық грант беру туралы шарт жасалған өтінім материалдары жобаны іске асырудың барлық кезеңі ішінде жарамды және өтініш берушіге қайтарылмайды.
22. Ұсынудың, тіркеудің және қаралудың соңғы мерзімі өткеннен кейін ұсынылған өтінім қарауға жатпайды.
23. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, бастапқы деректердің, есептердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Өтініш беруші ұсынған ақпаратта есептерде пайдаланылған деректер көздері және есепті жүргізу күні көрсетіледі.
  • 1
Салаларды технологиялық дамытуға
инновациялық гранттар беру
қағидаларына
1-қосымша
1-қосымша өзгертілді ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 16.02.2024 жылғы № 74/НҚ Бұйрығымен (11.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.03.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
нысан
Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грант алуға өтініш

Заңды тұлғаның атауы


 

Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық грант алу үшін қажетті материалдар пакетімен осы өтінішті жолдайды

Жобаның атауы:


 

Жоба инновациялық гранттар алу үшін ұсынудың басым бағытына жатады (бір ғана басым бағытты көрсету):

Экономика салаларында және қоғамның тіршілік әрекетінде қолданылатын жоғары өнімді технологиялар жоғары өнімді технологиялар:

Индустрия 4.0 элементтерін қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Жаңа материалдар, аддитивті технологиялар, нанотехнологиялар

Биотехнологиялар, медицина мен денсаулық сақтаудағы жаңа технологиялар

Өңдеу өнеркәсібіндегі жаңа технологиялар

Космостық технологиялар

Экологиялық таза технологиялар, энергия үнемдеу және баламалы энергетика

Жаңа қаржы технологиялар

Электрондық өнеркәсіп

Робототехника

Әлеуметтік инновациялар.

Инновациялық гранттың теңгемен сұралатын сомасы (санмен және жазбаша):


 

Жобаның толық құны теңгемен (санмен және жазбаша):


 

Өтініш беруші туралы ақпарат

Ұйымның атауы:


 

Консорциальді келісімнің № және мерзімі


 

Консорциумның мүшелері


 

Өтініш берушінің тіркеу мәліметтері


 

Өтініш берушінің пошталық мекенжайы:


 

Банктік деректемелер, есеп айырысу шоты, валюталық шот, банктік жеке код:


 

Алынған және өтелмеген теңгелік және валюталық кредиттер:


 

Телефон

Жұмыс


 

Ұялы


 

Электрондық пошта


 

Ресми сайт

Шағын (100-ге дейін қызметкер және ӘГҚ 300 мың АЕК-тен жоғары емес)

Өтініш беруші кәсіпорнының мөлшері

Шағын (100-ге дейін қызметкер және ӘГҚ 300 мың АЕК-тен жоғары емес)

Орташа (100-ден 250-ге дейін қызметкер және ӘГҚ 300 мыңнан 3 млн. АЕК-ке дейін)

Ірі (250-ден астам қызметкер және (немесе) жылдық жиынтық табыс 3 миллион АЕК-тен жоғары)

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне сәйкес қызмет түрі (4 таңбалы):___________


 

Жұмыс істейтіндердің нақты саны, оның ішінде:


 


 

инженерлік-техникалық қызметкерлер


 


 

әкімшілік-басқару персоналы


 


 

Басқа


 


 

Өтініш берушінің құрылтайшылары (қатысу үлесін (бар болса) көрсете отырып):


 

Жоба жетекшісі туралы ақпарат:

Т.А.Ә.


 

Білімі/ғылыми дәрежесі/ берілген жылы


 

Электрондық пошта адресі

Жұмыс


 

Ұялы


 

Байланыс мекен-жайы


 

Байланысатын тұлға:


 

Байланысатын тұлға:

Т.А.Ә.


 

Телефон

Жұмыс


 

Ұялы


 

Электрондық пошта адресі


 

Байланыс мекен-жайы


 

Жоба туралы қысқаша ақпарат

Жобаның мақсаты:


 

Жобаның міндеттері:


 

Жобаны іске асыру орны


 

Жобаны іске асыру мерзімі


 

Осы жоба басқа көздерден қаржыландырылды ма:

Ия

Жоқ

Егер «иә» болса, онда қандай көлемде, бағдарламаның атауын, жобаны және алынған қаржыландыру сомасын көрсету қажет)

Инновациялық гранттар туралы қандай көздерден білдіңіз?

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сайты

ұлттық институттың сайты

ұлттық институтты тарату

ұлттық институттың семинарлары, конференциялары

әлеуметтік желілер

басқа

Осымен осы өтінім бойынша құжаттарды, материалдарды және ақпаратты, оның ішінде құпия мәліметтерді қамтитын мәліметтерді пайдалануға, ұлттық институт сараптамалық бағалау жүргізген кезде, оның ішінде бөгде тұлғаларды тарта отырып, сондай-ақ заңды тұлға туралы, барлық көздерде кредиторлық берешектің болуы (болмауы) туралы деректерді жинауға өз келісімін беремін.

Осымен ұсынылған материалдар мен ақпараттың, оның ішінде бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің және жалған деректерді ұсыну фактілері анықталған жағдайда өтінім қараудан бас тартылатыны ескертілді.

Осымен осы өтінімге қоса берілетін материалдардың, ақпараттың, техникалық-технологиялық шешімдер мен ілеспе құжаттаманың қолданылуы мен таратуға қандай да бір шектеулері жоқ, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиясын құрайтын мәліметтер жоқ екенін растаймын.

Сондай-ақ ұлттық институтқа өтінім беру кезінде банкроттық сатысындағы не мүлкіне тыйым салынған дәрменсіздік нәтижесінде таратылған заңды тұлғалардың меншік иелері және (немесе) басшылары болып табылатын немесе меншік иесі және бірінші басшысы заңды тұлға, меншік иесі және бірінші басшы болып табылмайтынын растаймыз.

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы бойынша бекітілген Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру туралы 20 жылғы « » № қағидаларымен таныстым.

Осымен инновациялық гранттар беру шарттарымен және ұлттық институттың ішкі рәсімдерімен өз келісімін растаймын.

Салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес талап етілетін материалдар және (немесе) құжаттар парақта қоса беріледі.

Осы өтінім мәселелері бойынша хат-хабар жүргізуге арналған электрондық пошта мекенжайы:


 

Ескерту: заңды тұлғалар үшін ұйымның бланкісінде жасалады. Өтінішке бірінші басшы немесе өзге де уәкілетті тұлға қол қояды. Басшы ауысқан және байланыс деректері өзгерген кезде (пошталық мекен-жайы, электрондық мекен-жайы және телефоны) ұлттық институтты хабардар ету қажет.

Өтініш берушінің атынан қол қою үшін өкілеттіктері бар адамның лауазымы

_____________________

(Т.А.Ә.)

_____________________

(қолы)

Материалдарды және (немесе) құжаттарды алғаны туралы белгі (ұлттық институт толтырады)

Алынған күні:

20 жылғы « »

Өтінімнің тіркеу номері

Тіркеуші

_____________________

(Т.А.Ә.)

_____________________

(қолы)

  • 1
Салаларды технологиялық дамытуға
инновациялық гранттар беру
қағидаларына
2-қосымша
Сараптама жүргізу рәсіміне қойылатын талаптар
1. Жобаларға сараптама жүргізуді ұлттық институт жүзеге асырады, қажет болған жағдайда сараптама жүргізу үшін отандық және (немесе) шетелдік жеке және (немесе) заңды тұлғалар тартылады.
2. Жобаларды бағалау критерийлері былайша құрылған:
1) бірлесіп қаржыландыру деңгейі (10 - 20 балл):
грант сомасынан 5% мөлшеріндегі қоса қаржыландыру 1 (бір) баллға тең;
2) ғылыми, техникалық артықшылықтар (0-25 балл):
жүйелік проблемаларға жүгіну дәрежесі: технологияны пайдаланатын компаниялар саны, ауқымдылығы, әлеуетті қолдану үшін нарық көлемі;
технологияның дайындық деңгейі;
инновациялық және бәсекеге қабілеттілік;
зияткерлік меншік;
тапсырыс берушілер мен инвесторлардың болуы.
3) экономикалық қайтарым (0-25 балл):
әлеуетті экономикалық нәтиже (бизнес-жоспар негізінде).
4) Консорциумның мүмкіндіктері, ресурстары және материалдық базасы (0-15 балл):
персоналдың біліктілігі мен басқару қабілеті; елеулі зерттеу жұмыстары; зияткерлік меншік (патенттер, авторлық құқықтар және басқалары), сериялық өндіріске енгізілген технологиялар, әзірленген өнеркәсіптік процестер мен өнімдер, табиғатқа, мақсаттар мен көлемге ұқсас жобаларды басқару тәжірибесі;
инновациялық-ғылыми серіктестіктердің саны: өнеркәсіп қаржыландыратын жобалардың саны мен ақшалай құны, мемлекеттік қаржыландырумен салыстырғанда ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік – конструкторлық әзірлемелерді жеке қаржыландыру үлесі;
ресурстар және материалдық база;
халықаралық серіктестер, ресурстар және кәсіпорындар.
5) Кеңес жобаға береді (0-15 балл):
жобаны коммерцияландыру әлеуеті (сату көлемі, жобаның рентабельділігі және тиімділігі).
Сарапшылар келесі бағыттар бойынша жобаға сараптама жүргізеді:
1) технологиялық сараптама аналогтармен салыстырғанда, жобаның техникалық іске асырылуы мен технологиялық орындылығын белгілеу мақсатында жүргізіледі;
2) қаржы-экономикалық сараптама нарықты, жобаның экономикалық орындылығын, бәсекеге қабілеттілік критерийлерін, маркетингтік стратегияны, жұмыстарды мәлімделген мерзімдерге, көлемі мен мазмұнына және қаржыландырудың сұратылып отырған сомасына бөлу мақсатында жүргізіледі.;
3) құқықтық сараптама ұсынылған құжаттардың мазмұнын қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан жан-жақты құқықтық талдау мақсатында жүргізіледі.
Технологиялық, қаржылық-экономикалық және құқықтық сараптамалар жобалар бойынша бір мезгілде жүргізіледі.
3. Ұлттық институт сыртқы отандық және шетелдік сарапшылар мен сараптамалық ұйымдардың тізбесін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, салалық қауымдастықтардың ұсынымдары негізінде қалыптастырады.
4. Өтінімдерге сараптама жүргізу үшін сарапшыларды тарту кезінде әрбір сарапшымен ұлттық институт сараптамалық қызметтер көрсетуге шарт жасасады, оның нысаны ұлттық даму институтының актілерімен реттеледі.
5. Сараптама жүргізу тәртібі және бағалау парағының нысаны АКТ саласындағы ұлттық институт пен ұлттық институттың актілерімен регламенттеледі.
6. Өтінімді дайындауға тікелей қатысқан, сондай-ақ өтінім берушімен үлестес болып табылатын сарапшының өтінімді бағалауды жүргізуіне жол берілмейді.
  • 1
Салаларды технологиялық дамытуға
инновациялық гранттар беру
қағидаларына
3-қосымша
Жобаның құрылым бойынша бизнес-жоспары
1. Өтініш берушінің қысқаша сипаттамасы;
1) Өтініш берушінің атауы;
2) Ұйымдық-құқықтық нысаны, мемлекеттік тіркеу күні (заңды тұлғалар үшін қайта тіркеу);
3) Ұйым басшысы;
4) Мекен-жайы, телефоны, факс, электрондық поштасы;
5) Қызметтің негізгі бағыттарының қысқаша сипаттамасы;
6) Саладағы жұмыс тәжірибесі;
7) Ағымдағы ұйымдастыру жағдайы;
8) Соңғы есепті кезеңдегі қаржы-шаруашылық қызмет туралы қысқаша есеп.
2. Жобаның қысқаша сипаттамасы
1) Жобаның атауы;
2) Жобаның мәні;
3) Жобаны бастамашылық ету үшін алғышарттар;
4) Жоба командасы;
5) Жобаны іске асыру орны (облыс, аудан);
6) Шығаруға болжанатын өнім;
7) Жобаның тиімділігі (жобаның өмірлік циклі үшін таза дисконтталған кіріс (NPV) жобаның өмірлік циклі үшін кірістіліктің ішкі нормасы (IRR), инвестициялардың өтелімділігінің дисконтталған мерзім (DPP), инвестициялар тиімділігінің көрсеткіші (PI);
8) Өнімнің даму сатысын қоса алғанда, жобаның ағымдағы мәртебесі (растайтын құжаттарды қоса бере отырып);
9) жоба бойынша іске асырудың және шектеудің ерекше шарттары: лицензиялардың (егер қызмет түрі лицензияланатын болса), патенттердің, рұқсаттардың болуы, экспорттық және импорттық квоталардың болуы, өткізу және шикізат нарықтары, су, энергиямен жабдықтау, көлік, байланыс бойынша шектеулер мен ұсынымдардың болуы, Қалдықтарды кәдеге жарату мүмкіндіктері, шетелдік жұмыс күшіне қажеттілік, технологиялық процестердің және басқа да технологиялық процестердің экологиялық тазалығына қойылатын талаптардың болуы.;
10) Жобаны іске асыру құны, қаржыландыру көздері:
өз қаражаты;
инновациялық грант;
қарыз қаражаты (несиелер немесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің тартылған қаражаты).
11) жобаны іске асыру мерзімі - инновациялық грант беру туралы шартқа қол қойылған сәттен бастап _ ай;
12) шығыстар сметасы:

Жұмыстарды орындауға арналған шығындар

Шығындар сомасы (теңге)

Жұмыс кезеңдері

Баға белгілеу бойынша түсіндірме

Қаржыландыру көзі

Есептеулерде пайдаланылатын деректер көзі


 


 


 


 


 


 

Шығындар-Барлығы:


 


 


 


 


 


 


 

оның ішінде баптар бойынша


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

Анықтама: басқа қаржыландыру көздері есебінен шығындар-

Барлығы:


 


 


 


 


 


 


 

оның ішінде:


 


 


 


 


 


 


 

Меншікті қаражат


 


 


 


 


 


 


 

Өзгелер (қандай екенін көрсету)


 


 


 


 


 


 


 

Ескертпе: шығын баптарының әрқайсысы бойынша өтініш беруші есептерде пайдаланылған деректер көздерін, баға белгілеудің мағынасын ашып көрсетеді.
13) жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары:

р/с

Шарт бойынша жұмыстардың және олардың негізгі кезеңдерінің атауы

Жұмыстарды орындау мерзімі (ай)

Кезеңнің есептік бағасы (теңге)

Есеп беру нысаны мен түрі

1

2

3

4

5


 


 


 


 


 

Ескертпе: күнтізбелік жоспар жобасында жобаны іске асырудың 3-кезеңінен артық емес көрсетіледі.
3. Маркетинг бөлімі
1) Өнімнің сипаттамасы:
1-1) шығаруға ұсынылатын өнімнің атауы;

Тауарлардың (қызметтердің) атауы

Құндық мәндегі өндіріс көлемі (теңге)

Құндық мәндегі өндіріс көлемі (теңге)

1.


 


 

2.


 


 

1-2) функционалдық мақсаты және қолданылу саласы;
1-3) өнімнің негізгі техникалық, эстетикалық және басқа да сипаттамалары;
1-4) өнімнің технологиялық көрсеткіштері (пайдалану және басқа сапалар);
1-5) мемлекеттік стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі;
1-6) құндық сипаттама (өнімнің бірлігіне-өзіндік құн, көтерме баға, бөлшек баға);
1-7) патенттік-лицензиялық қорғау, авторлық құқықтар, сауда белгілері және басқа да зияткерлік меншік объектілері туралы мәліметтер.
2. Өткізу нарықтарының сипаттамасы (экспорттық және ішкі):
2-1) нарықтың осы сегментінде жұмыс істейтін негізгі компаниялардың сипаттамасы;
2-2) бәсекелес компаниялар ұсынатын өнімнің сипаттамасы;
2-3) нарықтың сипатты белгілері, оның егжей-тегжейлі сегменттеуі (аумақтық, демографиялық және басқалар), нарықтық тауашаның бөлінуі;
2-4) нарықтың сандық сипаттамалары (заттай және ақшалай көріністегі жылдық көлемдер, сұраныстың өсуіне/құлдырауына беталыстар);
2-5) компанияның өнімін алуға қабілетті нарықтың әлеуетті үлесін негіздеу (Tam (Total Addressable Market) – мақсатты нарықтың жалпы көлемі; SOM (Serviceable & Obtainable Market) – нарықтың нақты қол жетімді көлемі; SAM (Served/Serviceable Available Market) – нарықтың қол жетімді көлемі.);
2-6) екінші дәрежелі нарықтар (негізгі рынокпен аумақтық, маусымдық және басқа да белгілер бойынша байланысты));
2-7) зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер;
2-8) әлеуетті өнім тұтынушылармен келісімдердің болуы және өнімді сатып алуға дайындығын растайтын құжаттар (ниет хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары;
2-9) нормативтік-құқықтық өріс, нормативтік құжаттардың, ерекше талаптардың болуы, осыған байланысты шығындар мен уақытша шығындар оларды қанағаттандыру тәсілдері. Осы нарықты нормативтік-құқықтық реттеудің өзгеру болжамы;
2-10) осы нарықта өнімді табысты өткізуге елеулі әсерін қамтамасыз ететін факторлардың болуы (баға саясаты, өнімнің техникалық сипаттамалары бойынша басымдылығы, нарықтағы беделі, контрагенттермен қарым-қатынасы, еңбек ұжымы, ядролық емес қасиеттері.
3) тәуекелдерді талдау:
3-1) тәуекелдерді бағалаудың қолданылатын әдіснамасының сипаттамасы;
3-2) мыналар бөлінісінде тәуекелдерді сәйкестендіру: жоба өмірінің жоспарланатын кезеңдері; тәуекел түрлері (қаржылық, техникалық, заңдық, коммерциялық, өндірістік, ұйымдастырушылық); салдардың сипаты (жол берілетін, сыни, апатты); есепке алу сипаты бойынша (ішкі, сыртқы).
3-3) әсер ету дәрежесі және басталу ықтималдығы бойынша тәуекелдерді саралау және тәуекелдер картасын қалыптастыру («сезімталдықты талдау» әдісін қолдана отырып);
3-4) тәуекелдердің алдын алу шаралары (оларды іске асыру құнын көрсете отырып).
4. Техникалық бөлім
1. Жоба технологиясының қысқаша сипаттамасы;
2. Технологиялық шешімді таңдау негіздемесі;
3. Ілеспе инфрақұрылым және көлік мүмкіндіктері;
4. Жоба бойынша тауарлар (қызметтер) өндірісінің көлемін айқындайтын факторлар;
5. Техникалық және құндық сипаттамалар бойынша балама шешімдерді салыстырмалы талдау (аналогтармен салыстыруда тауарларды, көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін ұсынылатын техникалық деңгей және құны, ақпарат көзіне сілтеме):

Көрсеткіштер атауы

Көрсеткіштердің мәні

Ұсынылатын үлгі

№1 балама

№2 балама


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

6. Ресурстармен қамтамасыз ету:
1) Шикізат пен материалдар: қолданылатын шикізат пен материалдар түрлерінің тізбесі.
2) Жабдықтар мен жинақтаушылар: қажетті жабдықтар мен жинақтаушылардың тізбесі және олардың негізгі техникалық сипаттамалары; жабдықтар мен технологиялардың жаңалығы; көлік шығыстарын, салық міндеттемелерін, кедендік баждарды, монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын ескере отырып, жабдықтар мен жинақтаушылардың құны; жабдықтар мен жинақтауыштарды жеткізушіні таңдау қажеттілігінің негіздемесі.
3) үстеме шығыстар: үстеме шығыстар тізбесі; үстеме шығыстар құны; жеткізушілердің қажеттілігі мен таңдауының негіздемесі.
4) өндірістік персонал: қажетті біліктілігі бар кадрлардың болуы; талап етілетін біліктілігі бар мамандар нарығын талдау; талап етілетін біліктілігі бар персоналмен қамтамасыз ету көздері мен құнының сипаттамасы.
5. Қаржылық бөлім
Жобаны қаржыландыру мөлшері мен құрылымы:
1) көздер мен компоненттер бойынша қаржыландыру құрылымы: өз қаражаты; инновациялық грант; қарыз қаражаты.
2) жобаның қаржылық моделі: өндірістік бағдарлама; ақшалай мәндегі іске асыру көлемінің болжамы; өнімнің өзіндік құны мен іске асыруға арналған шығындардың есебі; кірістер мен шығыстар туралы болжамды есеп; ақша қаражатының қозғалысы туралы болжамды есеп; Жобаның шығынсыздық нүктесінің болжамы.
3) Қаржы-экономикалық көрсеткіштер: жобаның өмірлік циклі үшін таза дисконтталған табыс (NPV); жобаның өмірлік циклі үшін кірістіліктің ішкі нормасы (IRR); жобаның өтелу мерзімі (жай және дисконтталған); жоба өмірінің әрбір жылына пайданың қарапайым нормасы (рентабельділік); түрлері бойынша бюджетке төленетін салықтар, кедендік баждар мен төлемдер.
6. Экологиялық бөлім
Жоба технологиясының қоршаған ортаға әсері бойынша стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі.
7. Әлеуметтік-экономикалық бөлім
1) жобаның ел экономикасының қажеттіліктеріне (мемлекеттік бағдарламаларға және басқа да құжаттарға) сәйкестігі);
2) Азық-түлік тауарларын және халық тұтынатын азық-түлік емес тауарларды шығаруды ұлғайту;
3) импортты алмастыру (орны ауыстырылатын импорттың көлемі мен құны);
4) экспортты ұлғайту (экспорт көлемі мен құны);
5) жаңа жұмыс орындарын құру.
Ұйым басшысы_______________ ___________________________
(қолы) (Т.А.Ә.)
Мөр орны (бар болған жағдайда)