Toggle Dropdown
2
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы № 365/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қазанда № 21367 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 11.06.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының және бұйрығының құрылымдық элементінің күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе департаменті:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 1 қазандағы
№ 365/НҚ бұйрығымен
бекітілген
Toggle Dropdown
1
Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
Toggle Dropdown
1) алдын ала ұсыныс – өтінім берушінің конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін инновацияларды даму саласындағы ұлттық даму институтына жіберетін ұсынысы;
Toggle Dropdown
2) грант алушы – осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алған инновациялық қызмет субъектісі;
Toggle Dropdown
3) гранттық қаржыландыру жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) – құрамына қоғамдық ұйымдар мен тиісті салалар өкілдерінің тақ саны кіретін (келісу бойынша), осы Қағидаларда белгіленген өтінімдердің сараптамалары мен инновациялық гранттарды беру шарттарын ескере отырып, өтінім берушілердің жобалары бойынша шешімдер қабылдау үшін инновациялық даму саласындағы ұлттық институт шеңберінде құрылған тәуелсіз сарапшылар (отандық және (немесе) шетелдік) кіретін алқалы орган;
Toggle Dropdown
4) технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру өлшемшарттары – өтінім берушінің жобасын бағалау белгілері;
Toggle Dropdown
5) инновациялық грант – инновациялық қызмет субъектілеріне инновациялық гранттар берудің басым бағыттары шеңберінде олардың инновациялық жобаларын іске асыру үшін өтеусіз негізде берілетін бюджет қаражаттары;
Toggle Dropdown
6) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ұлттық институт) – инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға және инновациялық даму процестерін үйлестіруге уәкілетті ұлттық даму институты;
Toggle Dropdown
7) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – инновациялық және технологиялық даму саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
8) Кеңестің шешімі – Кеңес мүшелері қабылдаған және хаттамамен ресімделген және инновациялық грант беру мәселесі бойынша дауыс беру қорытындылары туралы мәліметтерді қамтитын шешім;
Toggle Dropdown
9) өтінім – ұлттық институтқа жіберілетін алдын ала және толық ұсыныстар;
Toggle Dropdown
10) өтінім беруші – осы Қағидаларға сәйкес инновациялық грант алу үшін ұлттық институтқа өтінімді автоматтандырылған жүйе арқылы қарауға ұсынған инновациялық қызмет субъектісі;
Toggle Dropdown
11) технология – белгілі бір өнімді өндіру мен шығаруды, оның ішінде тауарларды өндіру мен шығаруды қамтамасыз ететін әдістер мен құралдардың жиынтығы;
Toggle Dropdown
12) технологияларды коммерцияландыру – оң экономикалық тиімділік алуға бағытталған, жаңа немесе жетілдірілген тауарларды, процестер мен көрсетілетін қызметтерді нарыққа шығару мақсатында ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін іс жүзінде қолданумен байланысты қызмет;
Toggle Dropdown
13) технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант беру туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – ұлттық институт және көрсетілетін қызметті алушы арасында инновациялық грант беруге жасалған шарт;
Toggle Dropdown
14) толық ұсыныс – өтінім берушінің конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін ұлттық институтқа жіберетін ұсынысы.
Toggle Dropdown
15) ұлттық институттың өтінімдерді электронды қабылдау және сүйемелдеу бойынша автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – портал) – бұл инновациялық гранттарды алуға берілетін өтінімдерді қабылдау және сүйемелдеу бойынша автоматтандырылған жүйе;
Toggle Dropdown
16) қоса қаржыландыру – жобаны қоса қаржыландыру бойынша талаптарды орындауға арналған ақшалай нысандағы өтінім берушінің (грант алушының) қаражаты.
Toggle Dropdown
3. Грант технологияларды коммерцияландыруға инновациялық грант алушыларға ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, аппараттық-бағдарламалық кешендерді енгізу үшін беріледі.
Toggle Dropdown
4. Инновациялық гранттарды беруді ақпараттық қамтамасыз етуді уәкілетті орган және ұлттық институт жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
5. Осы Қағидаларға сәйкес инновациялық гранттар беруді уәкілетті орган мен ұлттық институт арасында жасалған шарт негізінде инновациялық гранттар беруге көзделген қаражатты бөлу арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
6. Қаржы жылының соңына есептелетін ұлттық институттың ағымдағы шотындағы қаражат қалдықтары уәкілетті органға және тиісінше мемлекеттік бюджетке қайтаруға жатпайды, келесі қаржы жылында инновациялық гранттар беруге жұмсалады.
Toggle Dropdown
7. Ұлттық институттың инновациялық гранттар беру жөніндегі қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.
Toggle Dropdown
2-тарау. Технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру тәртібі
Toggle Dropdown
8. Ұлттық институт инновациялық гранттарды алуға арналған өтінімдерді қабылдау туралы хабарламаларды бұқаралық ақпарат құралдарында және ұлттық институттың ресми интернет-ресурсында порталдың сілтемесін және өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін 30 (отыз) жұмыс күн ішінде уәкілетті органмен келісілген өтінімдерді қабылдау кестесін көрсете отырып орналастырады.
Toggle Dropdown
Уәкілетті органның келісімі бойынша инновациялық гранттар берудің басым бағыттары жөнінде инновациялық гранттар беруге өтінімдер Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 339/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21265 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес қабылданады.
Toggle Dropdown
9. Конкурсқа қатысу үшін өтінім беруші портал арқылы мемлекеттік немесе орыс тілдерінде мынадай құжаттар топтамасын ұсынады:
Toggle Dropdown
1-кезеңде:
Toggle Dropdown
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуға алдын ала ұсыныс;
Toggle Dropdown
2-кезеңде:
Toggle Dropdown
1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инновациялық грант алуға арналған толық ұсыныс;
Toggle Dropdown
2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар;