• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфқұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфқұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 514 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 9 қазанда № 21394 болып тіркелді

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйке тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфқұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылсын деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамкулов
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, қорғаныс және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің
2020 жылғы 5 қазаны № 514
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Қалалық рельстік көліктің көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 535 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11420 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
2. «Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11428 болып тіркелген, 2015 жылғы 21 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
3. «Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 669 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11664 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
4. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 1063 бұйрығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13138 болып тіркелген, 2016 жылғы 2 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
5. «Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 40 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13228 болып тіркелген, 2016 жылғы 5 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
6. «Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 669 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 12 ақпандағы № 184 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13228 болып тіркелген, 2016 жылғы 17 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
7. «Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығымен бекітілген «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшасының 1-тармағы 6) тармақшасының қолданылуын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 233 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15198 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
8. «Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі № 249 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15198 болып тіркелген, 2017 жылғы 25 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
9. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 465 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 8-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15198 болып тіркелген, 2017 жылғы 16 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
10. «Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 16 қарашадағы № 792 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16181 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
11. «Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 669 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 849 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16147 болып тіркелген, 2018 жылғы 16 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
12. «Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығымен бекітілген «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшасының 1-тармағы 6) тармақшасының қолданылуын тоқтату туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 30 наурыздағы № 210 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17031 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
13. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 288 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесінің 6-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17212 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
14. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 28 сәуірдегі № 288 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің өзгерістер енгізілетін және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарының тізбесінің 7-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17212 болып тіркелген, 2018 жылғы 7 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
15. «Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 962 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18154 болып тіркелген, 2019 жылғы 15 қаңтарда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
16. «Теміржол көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 669 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 19 наурыздағы № 146 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18425 болып тіркелген, 2019 жылғы 8 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған);
17. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 686 бұйрығының 1-тармағы 2) тармақшасы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19331 болып тіркелген, 2019 жылғы 5 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).