«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 83-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Продукты: | Судебная практика |
Отправить по почте
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесін және медициналық көмектің көлемін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 9 қазандағы № ҚР ДСМ-121/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 12 қазанда № 21407 болып тіркелді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 83-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдарға медициналық көмектің көлемі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 9 қазаны № ҚР ДСМ-121/2020 бұйрығына 1- қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулардың тізбесі
Реттік саны |
Аурулардың атауы |
Аурулардың халықаралық жіктелуі бойынша коды |
1 |
Дифтерия |
А 36 |
2 |
Қызылша |
Б 05 |
3 |
Қызамық |
Б 06 |
4 |
Көкжөтел |
А 37 |
5 |
Скарлатина |
А 38 |
6 |
Жел шешегі |
Б 01 |
7 |
Эпидемиялық паротит |
Б 26 |
8 |
А, В, С Паратифтері |
А 01.1; А 01.2; А01.3 |
9 |
Полиомиелит |
А 80 |
10 |
Менингококк инфекциясы |
А 39 |
11 |
Тырысқақ |
А 00 |
12 |
Іш сүзегі |
А 01.0 |
13 |
Туберкулез (қақырық жағындысының туберкулез микобактериясының болуына екі рет конверсиясына қол жеткізгенге дейін бактерио бөлетін өкпе туберкулезі; науқастың өміріне қауіп төндірмейтін жағдайға қол жеткізгенге және қақырық жағындысының туберкулез микобактериясының болуына екі рет конверсиясына қол жеткізгенге дейін туберкулездің жіті үдемелі түрлері (менингит, милиарлық туберкулез)) |
А 15-А 19 |
14 |
Психикалық және мінез-құлық (аурулар) бұзылушылықтары |
F00-99 |
15 |
Күйдіргінің өкпелік түрі |
A 22 |
16 |
Оба |
А 20 |
17 |
Вирустық геморрагиялық қызбалар |
А 90-А99 |
18 |
Сары қызба |
А 95 |
19 |
А, Е вирустық гепатиттері |
В 15,16,17 |
20 |
Безгек |
В 50-54 |
21 |
Вирустың жаңа субтипінен туындаған адам тұмауы |
J10.0-J11.8 |
22 |
Ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС) |
U04 |
23 |
Коронавирусная инфекция |
U07.1 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 9 қазаны № ҚР ДСМ-121/2020 бұйрығына 2-қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген алуға құқығы бар Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың, баспана іздеген адамдарға көрсетілетін медициналық көмектің көлемі
|
|||
Реттік саны |
Медициналық қызметтің коды |
Медициналық қызметтің атауы |
Медициналық көмектің көлемі |
Консультациялық қабылдау |
|||
1 |
A02.001.000 |
Терапевт |
Жылына 2 рет |
2 |
A02.002.000 |
Педиатр |
Жылына 1 рет |
4 |
A02.013.000 |
Хирург |
Жылына 1 рет |
5 |
A02.020.000 |
Инфекционист |
Жылына 1 рет |
6 |
A02.023.000 |
Офтальмолог |
Жылына 1 рет |
7 |
A02.012.000 |
Гастроэнтеролог |
Жылына 1 рет |
8 |
A02.014.000 |
Оториноларинголог |
Жылына 1 рет |
9 |
A02.016.000 |
Пульмонолог |
6-айда 2 рет |
10 |
A02.046.000 |
Психиатр |
6-айда 2 рет |
11 |
A02.074.000 |
Рентгенолог (2 рентгенограммны оқу) |
6-айда 2 рет |
Зертханалық диагностика |
|||
12 |
B03.401.003 |
Экспресс әдіспен қан құрамындағы жалпы холестеринді анықтау |
Жылына 1 рет |
13 |
B03.335.003 |
Экспресс әдіспен қан құрамындағы глюкозаны анықтау |
Жылына 1 рет |
14 |
B02.111.002 |
Жасаушылардың 3-сынабының дифференциалдық сыныбы бар талдаушыта қаның жалпы талдауы |
Жылына 1 рет |
15 |
B01.077.001 |
Несепті қол әдісімен жалпы клиникалық зерттеу (несепті жалпы талдау) |
Жылына 1 рет |
16 |
B01.054.001 |
Қақырықты талдауышта бактериологиялық зерттеу БҚ қолмен жасау әдісімен |
Жылына 1 рет |
Ультрадыбыстық және Рентгенологиялық диагностика |
|||
17 |
C03.008.004 |
Кешенді ультрадыбыстық диагностика (бауыр,өт жолдары,ұйқы безі, көк бауыр, бауыр) |
Жылына 1 рет |
18 |
C03.019.005 |
Кеуде құысы ағзасының шолу Рентгенографиясы (1 проекциясы) |
6-айда 2 рет |
19 |
C02.020.000 |
Электроэнцефалография |
Жылына 1 рет |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 9 қазаны № ҚР ДСМ-121/2020 бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11317 болып тіркелді, 2015 жылғы 23 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).
2. «Босқындарға, сондай-ақ баспана іздеп жүрген адамдарға барынша дәлелденген тиімділігі бар профилактикалық, диагностикалық және емдік медициналық қызметтер көрсету қағидаларын мен көлемін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 368 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11409 болып тіркелді, 2015 жылғы 2 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).
3. «Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15572 болып тіркелді, 2017 жылғы 28 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).
4. «Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығындағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11317 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 23 маусымда жарияланған) 2-тармаққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № ҚР ДСМ-62 бұйрығы (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 23 мамырдағы № 18637 болып тіркелді, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде жарияланды).
5. «Қазақстан Республикасының аумағына уақытша келген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, оралмандар тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуға құқылы болатын айналадағылар үшін қауіп төндіретін қатты аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 наурыздағы № ҚР ДСМ-18/2020 бұйрығы. (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілер электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 20 наурызда № 20143 болып тіркелді Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде жарияланды).