Toggle Dropdown
Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 12 қазандағы № 380/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 15 қазанда № 21441 болып тіркелді
2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1 бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалары қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 1165 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12966 болып тіркелген, 2016 жылғы 10 ақпанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Инновациялық экожүйе және ғылыми-техникалық даму департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б. Мусин
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің
2020 жылғы 12 қазаны № 380/НҚ
Бұйрығымен бекітілді
Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы
1. Осы Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 100-1-бабының 2-тармағы 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және конструкторлық бюролардың жұмыс істеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) алушы – осы Қағидаларға сәйкес конструкторлық бюролар қызметтерін көрсету үшін өтініші қабылданған өтініш беруші;
2) бірлесіп орындаушы – алушыға конструкторлық бюролар қызметтерін көрсету шеңберінде жеке іс-шараларды іске асыру үшін конструкторлық бюролармен тартылған, қажетті ресурстар мен мамандықтарды меңгерген жеке немесе заңды тұлға;
3) жоба – конструкторлық бюролар қызметтерін көрсету процесінде және конструкторлық бюролар нәтижелерін пайдалана отырып, өтініш беруші іске асыруға жоспарлаған немесе алушы іске асыратын жоба;
4) инжинирингтік қызметтер – өнімдерді (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) өндіру процесіне дайындау және іске асыру, жоба алды және жобалық қызметтерді (техникалық-экономикалық негіздемелерді дайындау, жобалық-конструкторлық жұмыстар, басқа да сүйемелдеуші қызметтер) көрсету бойынша инженерлік-конструкторлық қызметтер;
5) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – инновациялық даму саласындағы басшылықты жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауды іске асыруға қатысуды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
6) инфрақұрылым – ғимараттар, құрылыстар кешені, технологиялық жабдықтар, тәжірибелік-өнеркәсіптік учаске;
7) конструкторлық бюро (бұдан әрі – КБ) – бұл өнімнің өнеркәсіптік дизайнын дайындау, бизнес-процестердің инжинирингін жүзеге асыру, бұйымдарды прототиптеу, жобалық құжаттаманы дайындау және авторлық қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
8) өндірісті конструкторлық даярлау – дайындаушы кәсіпорынның сериялық өндірісі шарттарына қатысты конструкторлық құжаттамаға бейімделу мақсатын көздейтін іс-шаралар кешені;
9) өндірісті техникалық даярлау – өндірістің конструкторлық, технологиялық дайындығын және өндіріске тауарларды жеткізу жүйесін регламенттейтін нормативтік-техникалық іс-шаралар кешені;
10) өндірісті технологиялық даярлау – нақты өндіру шарттарын ескере отырып, анағұрлым оңтайлы тәсілмен жаңа тауардың өндірістік процесінің орындалу бірізділігін айқындайтын жұмыстар жиынтығы;
11) өтініш беруші – жаңа немесе жетілдірілген тауарларды өндіруді әзірлеумен және енгізумен байланысты индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыратын заңды немесе жеке тұлға;
зияткерлік меншік объектісіне мүліктік (айрықша) құқықтарды толығымен немесе ішінара іске асыруды қоспағанда, авторлық құқықтарды, оның ішінде бағдарламалық қамтылымды, сызбаны немесе моделді пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін; патенттерді, тауар белгілерін немесе басқа да осыған ұқсас құқық түрлерін пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшін;
13) сертификаттау – сәйкестiктi растау жөнiндегi орган өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiленген талаптарға сәйкестiгiн жазбаша куәландыратын рәсiм;
14) сынақ – тауар қасиеттерінің сандық және сапалық сипаттамаларын оған әсер ету нәтижесі ретінде сараптамалық айқындау;
15) тауар – сатуға немесе айырбастауға арналған пайдалануға дайын еңбек өнімі;
16) техникалық құжаттама – жаңа немесе жетілдірілген өнімдер өндіруді ұйымдастыруға, сондай-ақ оны пайдалану мен жөндеу үшін қажетті конструкторлық, технологиялық және нормативтік құжаттама;
17) Технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі – ұлттық институт) – технологияларды коммерцияландыру орталықтарын, технопарктердi, конструкторлық бюроларды, технологиялар трансфертiнiң халықаралық орталықтарын құруға, басқаруға және үйлестiруге қатысатын индустриялық-инновациялық жүйе субъектiсі;
18) технологиялық меморандум – индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның ұлттық басқарушы холдингтермен, ұлттық холдингтермен, ұлттық компаниялармен және олармен аффилирленген заңды тұлғалармен жасалатын және сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындайтын келісім.
2-тарау. КБ-ның негізгі мақсаттары
1-параграф. КБ-ның жұмыс істеу тәртібі
3. КБ алушыларға мынадай қызмет түрлерін көрсетеді (бұдан әрі – КБ қызметтері):
1) Алушының негізді-дәлелденген өтініші бойынша оның негізінде тауарларды өндіруді ұйымдастыру үшін техникалық құжаттамаларды сатып алу (қажет болған жағдайда – пысықтау, бейімдеу);
2) технологиялар трансфертіне жәрдемдесу;
3) жаңа немесе жетілдірілген тауарларды шығаруға жәрдемдесу;
4) техникалық құжаттаманы әзірлеу;
5) өндірісті техникалық (конструкторлық және технологиялық) даярлау бойынша қызметтер;
6) консультациялық және инжинирингтік қызметтер;
7) аккредиттелген сынақ зертханаларында (орталықтарында) жаңа немесе жетілдірілген өнімдерге сынақ жүргізу кезінде жәрдемдесу;
8) техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес аккредиттелген ұйымдарда жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді сертификаттау кезінде жәрдемдесу.
4. Қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметтердің қажетті сапасы мен толықтығын қамтамасыз ету мақсатында КБ қызметтерді көрсетуге бірлесіп орындаушыларды тартады.
5. КБ мен алушы арасындағы шартта айқындалған, алушы қажеттілігіне байланысты КБ қызметтерінің нәтижелері мыналар болып табылады:
1) техникалық құжаттама, дайындау құқығына лицензиялар немесе патенттер;
2) өнімнің тәжірибелі үлгісі (партиясы);
3) сынақтар (сертификаттау) нәтижелерін және өнімнің қажетті параметрлерін растайтын құжаттар;
4) осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес КБ мен алушы арасындағы шарт негізінде КБ қызметтерін көрсету аяқталғаннан кейін алушыға берілетін басқа да құжаттар немесе активтер.
6. КБ қызметі мыналар шеңберінде жүзеге асырылады:
1) КБ қызметтерін көрсетуге жұмсалған шығындарды КБ қаражатынан қаржыландыра отырып және кейіннен роялти нысанында алушы тарапынан өтей отырып, технологиялық меморандумдарды іске асыру;
2) КБ қызметтерін көрсетуге жұмсалған шығындарды өтініш берушінің жеке қаражатынан қаржыландыра отырып, өтініш беруші бастамасы бойынша қызметерді көрсету;
3) КБ қызметтерін көрсетуге жұмсалған шығындарды КБ қаражатынан қаржыландыра отырып және кейіннен роялти нысанында алушы тарапынан өтей отырып, өтініш беруші бастамасы бойынша қызметтерді көрсету;
4) республикалық қаражат есебінен бөлінетін индустриялық және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға арналған бюджеттік бағдарлама шеңберінде қызметтер көрсету.
7. КБ қызметтерін көрсетуге жұмсалған шығындарды КБ қаражатынан қаржыландыра отырып және кейіннен роялти нысанында алушы тарапынан өтей отырып, технологиялық меморандумдарды іске асыру шеңберінде КБ қызметтерін көрсету мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) кәсіпорынның экономикалық орындылығы және мүмкіндіктері ұстанымымен технологиялық меморандумдарға енгізілген өнімдерді талдау;
2) КБ-ның өнім өндіруді ұйымдастыру үшін өтініш беруші ұсынатын өнімдер тізбесін бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру;
3) өтініш берушіден КБ қызметтерін көрсетуге өтініш қабылдау;
4) КБ өтініштерін жинау және алдын ала іріктеу;
5) өтініш берушілерге КБ қызметтерін көрсету туралы немесе қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
6) КБ мен алушы арасында КБ қызметтерін көрсетуге және қызметтерді көрсету нәтижелерін пайдалану құқығын беруге шарттар жасасу;
7) КБ қызметтерін көрсету;
8) алушының КБ қызметтерін қабылдауы;
9) КБ-мен бірлесіп, ұлттық институт жүзеге асыратын КБ қызметтерінің нәтижелерін пайдалану бөлігінде алушының шарт талаптарын орындауына мониторинг жүргізу;
10) КБ қызметтерін көрсетуге арналған шартты іске асыру нәтижелерін бағалау.
8. Осы Қағидалардың 6-тармағының 2) тармақшасына сәйкес КБ қызметтерін көрсетуге жұмсалған шығындарды өтініш берушінің жеке қаражатынан қаржыландыра отырып, өтініш беруші бастамасы бойынша қызметтерді көрсету өтініш беруші мен КБ арасында жасалған азаматтық-құқықтық шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
Бұл жағдайда КБ басшысы КБ-ның тарифтік саясатына және өтініш беруші ұсынған талаптарға сәйкес уақтылы қызметтерді көрсетуге қажет ресурстардың бар болуына сүйене отырып, КБ қызметтерін көрсету туралы шешімді қабылдайды.
9. КБ қызметтерін көрсетуге жұмсалған шығындарды КБ қаражатынан қаржыландыра отырып және кейіннен роялти нысанында алушы тарапынан өтей отырып, өтініш беруші бастамасы бойынша қызметтерді көрсету мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) өтініш берушіден КБ қызметін көрсетуге өтініш қабылдау;
2) өтініш берушінің экономикалық орындылығы және техникалық мүмкіндіктері ұстанымымен өнімдерді талдау;
3) КБ өтініштерін жинау және алдын ала іріктеу;
4) өтініш берушілерге КБ қызметтерін көрсету туралы немесе қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
5) КБ мен алушы арасында қызметтер көрсетуге және қызметтерді көрсету нәтижелерін пайдалану құқығын беруге шарттарға сәйкес КБ қызметтерін көрсетуге және қызметтерді көрсету нәтижелерін пайдалану құқығын беруге шарттар жасасу;
6) КБ қызметтерін көрсету;
7) алушының КБ қызметтерін қабылдауы;
8) КБ-мен бірлесіп, ұлттық институт жүзеге асыратын КБ қызметтерінің нәтижелерін пайдалану бөлігінде алушының шарт талаптарын орындауына мониторинг жүргізу;
9) КБ қызметтерін көрсетуге арналған шартты іске асыру нәтижелерін бағалау.
10. Республикалық бюджеттен бөлінетін индустриялық және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға арналған бюджеттік бағдарлама шеңберінде қызмет көрсету келесі кезеңдерді қамтиды:
1) өтініш берушіден бюджеттік бағдарлама шеңберінде КБ қызметтерін көрсетуге өтініш қабылдау;
2) кәсіпорынның экономикалық орындылығы және техникалық мүмкіндіктері ұстанымымен өнімдерді талдау;
3) өтініш берушілерге КБ қызметтерін көрсету туралы немесе қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
4) КБ мен алушы арасында қызметтерді көрсетуге шарт жасасу;
5) КБ қызметтерін көрсету;
6) алушының КБ қызметтерін қабылдауы;
7) ұлттық институтқа бюджеттік бағдарламаны орындау бойынша есеп беру;
8) қызмет нәтижелерін енгізу тиімділігін мониторингілеу.
2-параграф. Өтініштерді ресімдеу
11. Өтініш берушілер КБ-ға мыналарды мына құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша КБ қызметтерін көрсетуіне арналған өтініш (бұдан әрі – өтініш);
3) егер КБ қызметтерінің құны жиырма мың есе көлеміндегі ең төменгі есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бизнес-жоспар;
4) қызметтерді көрсетуге жұмсалған шығындарды КБ қаражатынан қаржыландыра отырып және кейіннен роялти нысанында алушы тарапынан өтей отырып, өтініш берушінің бастамасы бойынша қызметтерді көрсету кезінде – өнім сұранысын растайтын құжаттар (ұзақ мерзімді шарт, бастапқы шарт, келісім, меморандум және басқалары) (тиісті құжаттар болса);
5) өтініш берушінің құқықтық мәртебесін растайтын құжаттар:
жеке тұлғалар үшін – жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманың көшірмесі;
6) өтініште көрсетілген тауарларды өндіруді ұйымдастыру үшін біліктілігі сәйкес мамандардың болуын растайтын құжаттар;
7) өтініште көрсетілген тауарларды өндіруді ұйымдастыру үшін қажетті инфрақұрылымның болуын растайтын құжаттар.
12. Өтініш берушіге қажетті КБ қызметтерінің тізбесін өтінішті ресімдеу кезінде өтініш беруші осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген қызметтер қатарынан белгілейді.
13. Өтініш КБ-ға мемлекеттік және орыс тілдерінде, қағаз тасығышта екі дана – түпнұсқа және түпнұсқа көшірмесі, сондай-ақ электронды түрде ұсынылады.
Өтініштің түпнұсқасы өтініш берушімен қол қойылып, парақтары нөмірленіп, соңғы парағы өтініш беруішімен куәландырылып, тігілген түрінде бірыңғай папкаға жинақталады.
Өтініш беруші өтініштің көшірмесін тікпейді.
14. Құжаттардың түпнұсқалығын, осы Қағидалардың 11-тармағына сәйкес өтініш құрамында берілетін көшірмелерді кейіннен өтініш берушіге қайтарылатын түпнұсқасымен салыстыра отырып, өтініштерді жинау және тіркеу үшін жауапты КБ қызметкері белгілейді.
15. Өтініште жолдар арасындағы жазбаларға, өшірулерге немесе қосып жазуға жол берілмейді.
16. Өтініш беруші ұсынылған құжаттардың, өтініште қамтылған шығыс деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығын қамтамасыз етеді. Өтініш берушінің толық емес немесе дұрыс емес деректерді ұсынуы өтініштен бас тарту үшін негіз болып табылады.
3-параграф. Өтініштерді жинау және алдын ала іріктеу
17. КБ басшысы КБ-ның штаттық қызметкерлері қатарынан өтініштерді жинау және тіркеу үшін жауапты қызметкерді анықтайды.
18. Өтініштерді жинау және тіркеу үшін жауапты қызметкер түсуі бойынша олардың тіркелуін жүзеге асырады. КБ-ға өтініштің келіп түскен күні өтінішті тіркеу күні болып табылады.
19. КБ басшысы анықтайтын КБ қызметкерлері өтінішті тіркеген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны қажетті құжаттардың болуы бөлігінде өтінішті осы Қағидалардың 11-13-тармақтарының талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарауды қамтамасыз етеді.
20. Өтініш осы Қағидалардың 11-13-тармақтарының талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, КБ өтінішті тіркегеннен кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей, өтініш берушіге ескертулер көрсетілген хабарламаны өтініш беруші өтініште көрсеткен байланыс құралдарының бірі бойынша жібереді.
Өтініш өтініш берушіге ескертулерін жою және КБ-ға қайта тапсыру үшін қайтарылуы тиіс.
21. Өтінішті қайта беру үшін өтініш беруші осы Қағидалардың барлық талаптарына сәйкес анықталған ескертулерді жояды.
22. КБ пысықталған өтінішті алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ескертулердің жойылғандығын тексереді.
Қайтадан ескертулер болмаған жағдайда, КБ өтінішті қайта ұсынған күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтініш беруші сұратқан КБ қызметтерінің құнын есептейді, одан кейін тиісті есепті өтініш берушіге келісу үшін жібереді.
4-параграф. КБ қызметтерін көрсету немесе қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау
23. Өтініш беруші сұратқан КБ қызметтерінің құны КБ қызметтерінің құнын есептеу үшін өтініш беруші ұсынған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш берушімен келісіледі.
24. Осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес КБ қызметтерінің құнын келісу КБ және өтініш беруші қол қоятын КБ қызметтерін көрсетудің шарттық құны мен КБ қызметтерінің нәтижелерін пайдалану құқығын келісу хаттамасымен (бұдан әрі – хаттама) он жұмыс күні ішінде ресімделеді.
25. Егер КБ қызметтерінің құны хаттамаға сәйкес жиырма мың есе көлеміндегі ең төмен есеп көрсеткішінен аспаған жағдайда, КБ қызметтерін көрсету туралы немесе қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы шешімді КБ басшысы қабылдайды және бұйрықпен ресімделеді. Бұл ретте шешім хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей қабылданады.
26. КБ қызметтерін көрсету туралы бұйрықта оны қабылдау негізі (негіздеме) және КБ қызметтерін көрсетуге арналған шығындарды қаржыландыру көздері көрсетіледі. Бұйрыққа өтініш, хаттама және КБ қызметтерін көрсету туралы шешім қабылдау үшін негіз болатын материалдар қоса беріледі.
27. КБ қызметтерін көрсетуден бас тарту туралы бұйрықта бас тартуға негіз болған себептер көрсетіледі.
28. Осы Қағидалардың 26, 27-тармақтарына сәйкес қабылданған КБ шешімі ол қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш берушінің назарына жеткізіледі.
29. Егер КБ қызметтерінің құны хаттамаға сәйкес жиырма мың есе көлемінде ең төменгі есептік көрсеткіштен асып кеткен жағдайда, КБ хаттамаға қол қойылған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей қорытынды дайындайды.
30. Қорытынды жобаның сәйкестігін бағалау бойынша келесідей іріктеу өлшемдерін қамтиды:
1) осы Қағидалардың 16-тармағына сәйкес өтініште көрсетілген құжаттардың, бастапқы деректердің, есептеулердің, негіздемелердің толықтығы мен дұрыстығы;
2) осы Қағидалардың 24-тармағына сәйкес КБ қызметтеріі құнымен өтініш берушінің келісуі, КБ қызметтерін көрсетудің келісілген құнын хаттамамен ресімдеу және КБ қызметтері нәтижелерін пайдалану құқығы;
3) осы Қағидалардың 41-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қызметтер нәтижелері шартқа сәйкес КБ-дан алушыға берілген күннен бастап бес жылдан артық емес мерзімде қызметтерді көрсету процесінде КБ-ның келтірілген шығыстарының өтелуі;
4) өнімдердің сұранысқа ие болуы.
Сонымен қатар, қорытынды ұсынымдардың негіздемесімен қоса беріле отырып, өтініш берушіге КБ қызметтерін көрсету немесе одан бас тарту туралы ұсынымдарды қамтуы тиіс.
31. Қорытынды оған КБ басшысы қол қойған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде КБ қызметтерін көрсету туралы немесе қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау үшін ұлттық институтына жіберіледі. Қорытындыға өтініш көшірмесі мен хаттама қоса беріледі.
Өтініш түпнұсқасы КБ-да сақталады.
32. Ұлттық институт осы Қағидалардың 30-тармағында көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде оларды КБ қызметтерін көрсету туралы немесе қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдау мақсатында қарастырады. Қажет болған жағдайда, жобалардың күрделілігі мен құнына байланысты ұлттық институт өтініш беруші ұсынған жоба саласында біліктілігі бар тәуелсіз сарапшыларды тартады. Тәуелсіз сарапшыларды саралау шарттары ұлттық институтпен анықталады және уәкілетті органмен келісіледі.
33. Өтінішті және оған қоса берілген материалдарды қарастыру нәтижесі бойынша ұлттық институт КБ қызметтерін көрсету туралы немесе қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды, ол қабылданған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде КБ-ға және өтініш берушіге негіздеме көрсетіліп хабарланады.
5-параграф. КБ қызметтерін көрсетуге арналған шарттар жасасу
34. Осы Қағидалардың 33-тармағына сәйкес КБ мен өтініштері бойынша КБ қызметтерін көрсету туралы шешім қабылданған өтініш берушілер арасында қызметтерді көрсетуге арналған шарт Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалады.
35. КБ мен өтініш беруші арасындағы шарттың ажырамас бөлігі мыналар болып табылады:
1) өтініш берушіге көрсетілетін КБ қызметтерінің тізбесі мен көлемін қамтитын техникалық тапсырма;
2) әрбір кезең құнын және қол жеткізуге жоспарланған нәтижені көрсете отырып, оны іске асыру процесінің кезең-кезеңмен сипаттамасын қамтитын жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары;
3) КБ қызметтерін көрсетудың шарттық құнына және КБ қызметтерінің нәтижелерін пайдалану құқығына келісу хаттамасы.
36. КБ қызметтерін көрсетуді бастау күні КБ мен алушы арасында шарт жасау күні болып саналады.
6-параграф. Қызметтерді көрсету шеңберінде КБ-ны қаржыландыру
37. Өтініш берушілерге КБ қызметтерін көрсетумен байланысты КБ-ның күрделі және ағымдағы шығындарын қаржыландырудың көздері мыналар болып табылады:
1) КБ-ның жарғылық капиталының қаражаты;
2) индустриялық және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау жөніндегі іс-шараларды іске асыруға арналған бюджеттік бағдарламалар шеңберінде республикалық бюджеттен бөлінетін қаражат;
3) шарттық міндеттемелер шеңберіндегі өтініш берушінің жеке қаражаты;
4) КБ мен алушы арасындағы шартқа сәйкес КБ қызметтерінің нәтижелерін пайдалану құқығы үшін төлем ретінде алушы төлейтін роялти.
38. КБ-ның тарифтік саясаты қызмет көрсетудің өзіндік құны мен КБ-ның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін пайдалылық мөлшерін ескере отырып оның құрылтайшысымен қалыптастырылады.
39. КБ-ның қаражатынан жасалған КБ қызметтеріне арналған шығындарды өтеу алушының роялти төлеуі арқылы жасалады.
40. Алушы КБ қызметтерінің нәтижелерін пайдалану үшін роялти мөлшері, оны төлеу мерзімдері мен тәртібі хаттама негізінде КБ мен өтініш беруші арасында жасалған КБ қызметтерін көрсетуге арналған шартта айқындалады.
41. Роялти мөлшерін айқындау кезінде мынадай шектеулер қолданылады:
1) роялти мөлшері – КБ қызметтерінің нәтижелерін пайдалана отырып, алушы өндіретін өнімнің бірлігін іске асыру бағасынан бір пайыздан кем емес;
2) КБ қызметтерін көрсету процесінде КБ тартқан шығындарды қайтару мерзімі – шартқа сәйкес алушы КБ-дан қызметтер нәтижелерін беру күнінен бастап бес жылдан аспайды;
3) роялтиді төлеудің жалпы мерзімі – КБ мен алушы арасында жасалған шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ КБ қызметтерін көрсету процесінде КБ тартқан шығындарды қайтару кезеңінен бір жылдан кем емес.
42. КБ мен алушы арасында жасалған шарттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін алушы шартта көзделген роялти көлемін төлеу шарттарында, КБ қызметтерінің нәтижелерін иелену құқығы шарттың жағдайлары бойынша алушыға беріледі немесе КБ-да қалады.
43. КБ бюджеттік бағдарлама шеңберінде қызметтер көрсеткен жағдайда, қабылдау-табыстау актінің рәсімдеу күннен бастап қызмет нәтижелерін иелену құқығы алушыға беріледі.
44. Алушы КБ мен алушы арасында жасалған шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін – мерзімінен бұрын белгіленген көлемдегі роялти төлеу бойынша міндеттемелерін орындауға құқылы. Бұл ретте КБ қызметтерінің нәтижелерін иелену құқығы алушыға беріледі.
7-параграф. КБ-ның жұмыс істеу мониторингі
45. КБ-ның жұмыс істеу мониторингін жүргізудің мақсаты жоспарланған іс-шаралар, күнтізбелік жоспар мен нәтижелерге сәйкес жобаларды іске асырудың нақты барысын көрсету болып табылады.
46. Ұлттық институт жыл сайын, есепті жылдан кейінгі 1 ақпанға дейінгі мерзімде өткен күнтізбелік жыл ішіндегі қызметтернің нәтижелері туралы КБ есептерін тыңдауды ұйымдастырады.
47. Өткен күнтізбелік жылғы қызметтерінің нәтижелері бойынша КБ есебін ұлттық институтымен тыңдау қорытындылары бойынша, ұлттық институт уәкілетті органға тиісті есепті жеткізеді.
48. КБ қызметтерін көрсетудің аяқталуы жоспарлы тәртіпте немесе мерзімінен бұрын болады.
49. КБ қызметтерін көрсетудің жоспарлы аяқталуы қызметтерді көрсету мерзімінің өтуін білдіреді.
50. Қызметтерді көрсетудің мерзімінен бұрын аяқталуы мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) іске асыру нәтижелерін ағымдағы бағалау нәтижелері бойынша жобаны одан әрі іске асырудың орындылығы туралы шартты бұзу тәртібінде шешім қабылдау;
2) жоспарланған нәтижелерге мерзімінен бұрын қол жеткізу және жобаны одан әрі іске асырудың орындылығының болмауын тиісті қабылдау актілеріне қол қойылған жағдайда;
3) КБ тарапынан тартқан шығындарды өтеу шарттарында өтініш беруішінің жобаны одан әрі іске асырудан бас тартудың шартты бұзу тәртібінде.
8-параграф. КБ-ның жұмыс істеу тиімділігін бағалау
51. КБ жобаларын іске асыру шеңберінде КБ-ның жұмыс істеу нәтижелерін бағалаудың екі түрі қолданылады:
1) ағымдық бағалау – тоқсан сайын, әрбір іске асырылатын жобалардың бірін іске асыру барысы туралы тоқсан сайынғы КБ есептері негізінде;
2) қорытынды бағалау – алушыға КБ қызметтерін көрсету аяқталған соң қолданылады.
52. Ағымдағы бағалау іске асырылған іс-шаралардың тиімділігін айқындау, жобаның одан әрі дамуы бойынша ұсынымдар әзірлеу және өткен кезең ішінде нәтижелілігін бағалау мақсатында жасалады.
53. Қорытынды бағалау нақты алушының жобасы бойынша КБ қызметтерін көрсету аяқталған соң жүргізіледі.
54. КБ-ның жұмыс істеу нәтижелерін ағымдағы және қорытынды бағалауды ұлттық институт жүзеге асырады.
55. КБ-ның жұмыс істеу тиімділігін бағалау нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштерінің жүйесіне (Key Performance Indicators – KPI) сәйкес жүргізіледі. Қорытынды бағалау нәтижелері бойынша танылған жобалардың іске асырылатын жобалардың жалпы санына қатынасы КБ-ның жұмыс істеу тиімділігін бағалау үшін негіз болады.
Конструкторлық бюролардың
жұмыс істеу қағидаларына
1-қосымша
Нөмірі:20 ____ жылғы «____» _____
КБ қызметтерін көрсетуге арналған өтініш
__________________________________________________________________
(заңды тұлғаның және (немесе) жеке тұлғаның атауы) қажетті құжаттар топтамасымен бірге конструкторлық бюролардың қызметтерді көрсетуі мақсатында осы өтінішті қарау үшін жібереді: Жобаның атауы:_____________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Жобаның толық құны, теңгемен (цифрмен және жазбаша):
Тапсырылған ақпараттың дұрыстығына кепілдік береміз.
Конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларымен таныстық және келістік.
Қағидаларға сәйкес талап етілген құжаттар ________ парақта қоса беріледі.
____________________________________________________________
____________________________________________________________________
(өтініш беруші атынан құжаттарға қол қою өкілеттілігі бар тұлғаның лауазымы)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Өтініш берушінің сауалнамасы (заңды тұлғаға арналған)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
ұйымның толық атауы Заңды мәртебесі және меншік түрі: _____________________________________________________________________ _____________________________________________________________________
Жетекшілік ететін ведомство, ұйым, жоғарғы оқу орны, ғылыми-зерттеу институты немесе холдинг: _______________________________________________________________
Құрылған күні: _______________________________________________________________
Мекенжайы:_____________________________________________________
индекс, облыс, аудан, елді мекен, үй (пәтер, кеңсе), көше
Тел.: ___________Факс: ________ E-mail: ______________ Web-site:__________
Банктік деректемелері, есептік шоты, валюталық шоты, банктік жеке коды, бизнес сәйкестендіру нөмірі: _____________________________
Алынған және өтелмеген теңгелік және валюталық кредиттер: _______________________________________________________________
Қызмет түрі: ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Сала, кіші сала: ____________________________________________________________________
Бірінші басшы тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) туған жылы, лауазымы, білімі, жұмыс тәжірибесі): _______________________________________________________________
Бас бухгалтер тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) телефоны): ___________________________________________
Байланысушы тұлға тегі, аты, әкесінің аты(бар болған жағдайда) лауазымы телефоны, ұялы телефоны, e-mail): _______________________________________________________________
Ұйым басшысының қолы ___________________________ өтініш беру заңды тұлғалар үшін өтініш заңды тұлғаның фирмалық бланкісінде ресімделіп, заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі электронды тасығышта редакцияланбайтын (pdf, басқа жалпы таралған форматтар) және редакцияланатын (Microsoft Word) форматтардағы файлдарды қамтуы тиіс.
Конструкторлық бюролардың
жұмыс істеу қағидаларына
2-қосымша
1. Өтініш берушінің қысқаша сипаттамасы.
2. Мәлімделетін өнім сипаттамасы.
4. Әлеуетті тұтынушы, жеткізу туралы алдын ала уағдаластықтар.
6. Талап етілетін КБ қызметтерінің сипаттамасы, олардың нәтижелері.
7. Жобаны басқарудың институционалдық құрылымы.
_________________________________________
*Құрылымда келтірілгендерге сәйкес ресімделеді, бөлімдердің мазмұны жобаға қолданылуын ескере отырып сәйкес келтіріледі
Конструкторлық бюролардың
жұмыс істеу қағидаларына
3-қосымша
20 __ жылғы «__» ____________№ ____
Қызметтерді көрсетудің шарттық құнын және КБ қызметтерінің нәтижелерін пайдалану құқығын келісу хаттамасы
Біз, төмендегі қол қоюшылар, Алушы атынан – Алушының толық атауы, қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) Алушы атынан қолдану үшін негіздеме
және КБ атынан – КБ-ның толық атауы, қол қоюшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) КБ атынан қолдану үшін негіздеме,
тараптар_____________________________________________________ теңге сомасында
(цифрмен, жазбаша)
20 __ жылғы «__» _______ № ___ шарт бойынша қызметтерді көрсету құнының шамасы туралы келісімге қол жеткізгенімізді куәландырамыз, оның ішінде:
1) тауардың атауы көрсетілуі тиіс өндірісті ұйымдастыру үшін оның негізінде _______ теңге сомадағы техникалық құжаттың атауы көрсетілуі тиіс қолдану құқығын бергені үшін;
2) ____________________________________________________________ теңге сомадағы қызметтердің атауы көрсетілуі тиіс (цифрмен, жазбаша) қызметтердің басқа нәтижелерін қолдану құқығын бергені үшін;
3) ____________________________________________________________ теңге сомадағы қызметтердің атауы көрсетілуі тиіс (цифрмен, жазбаша) басқа ілеспе қызметтерді көрсеткені үшін.
Осы шарт бойынша роялти шамасы пайызда, цифрлармен және жазбаша көрсетілсін, роялти төлеу кезінде: цифрлармен және жазбаша, роялти төлеуді бастау және аяқтау күні көрсетілсін. Осы Хаттама онда қамтылған мәселелер бойынша Тараптардың өзара уағдаластығын көрсетеді және Алушы мен КБ арасында өзара есептемелер және төлемдер жүргізу үшін негіз болып табылады.
КБ-ның атынан:______________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Алушының атынан:______________________________
(қолы) тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)