• Мое избранное
Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 2

Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау тәртібін және олардың тізбесін, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтері тізбесіне өту өлшемшарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 16 қазандағы № ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 қазанда № 21471 болып тіркелді

Редакция 16.11.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 124-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 16 қазаны
№ ҚР ДСМ-134/2020
бұйрығына 1-қосымша
Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары
1. Осы Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерін айқындау қағидалары, сондай-ақ жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 124-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Жоғары технологиялық медициналық көмек (бұдан әрі - ЖТМК) түрлерін, сондай-ақ ЖТМК түрлерінің мамандандырылған медициналық көмектің (бұдан әрі – ММК) көрсетілетін қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарын айқындау тәртібін белгілейді.
2. ЖТМК түрлері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес өлшемшарттар бойынша айқындалады.
Өлшемшарттың әрқайсысына салмақтық коэффициент, өлшемшарт шкаласы, мәні мен балл беріледі.
ЖТМК тізбесіне 7-10 балл жинаған технологиялар енгізіледі.
3. ЖТМК түрлерін ММК қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттары өзіне мыналарды қамтиды:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.12.2023 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
технологиялардың республикалық деңгейден өңірлік деңгейге трансферт деңгейі (облыстық және қалалық маңызы бар, оның ішінде жекеменшік клиникалар) географиялық тұрғыдан қағидаты (солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс және орталық өңірлер) бойынша 5 (бес) және одан көп өңірлерде 75 %-дан жоғары;
шығын сыйымдылығы – Кодекстің 124-бабының 4-тармағына сәйкес айқындалатын жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесіне кіретін барлық қызметтердің орташа арифметикалық құнынан төмен қызмет құны;
сирек - 100 000 адамға шаққанда жылына 1 реттен артық емес қызмет көрсету;
қайтыс болу жағдайлары мен асқынулардың үлес салмағы орташа жылдық 10 % мәннен төмен.
4. Өлшемшарттар жиынтықта қаралады, бұл ретте 4 өлшемшартқа сәйкес келетін технологиялар алып тасталады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.12.2023 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
Жоғары технологиялық медициналық
көмек түрлерін, сондай-ақ жоғары
технологиялық медициналық көмек
түрлерінің мамандандырылған
медициналық көмектің көрсетілетін
қызметтерінің тізбесіне өту өлшемшарттарын
айқындау қағидаларына 1-қосымша
Жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлерін айқындау өлшемшарттары

Өлшемшарт

Салмақтық коэффициент

Өлшемшарт шкаласы

Мәні

Өлшемшарт баллы

1

Инновациялылық (жаңалық)

0,2

Технология әлемде 5 жылдан аз уақыт пайдаланылады

10

2

Технология әлемде 5-10 жылдан бері пайдаланылады

7,5

1,5

Технология әлемде 10 жылдан астам уақыт бойы пайдалануда

2,5

0,5

Технология әлемде 15 жылдан астам уақыт бойы пайдалануда

0

0

2

Ресурс сыйымдылығы

0,4

Технологияны пайдалану қымбат бағалы дәрі-дәрмек құралдарын, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы, елеулі еңбек және уақыт шығынын қажет етеді

10

4

Технологияны пайдалану қымбат қымбат бағалы дәрі-дәрмек құралдарын, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы қажет етеді

7,5

3

Технологияны пайдалану елеулі еңбек және уақыт шығынын қажет етеді

2,5

1

Технологияны пайдалану пайдалану қымбат бағалы дәрі-дәрмек құралдарын, медициналық бұйымдарды, медициналық техниканы қажет етеді, елеулі еңбек және уақыт шығынын қажет етпейді.

0

0

3

Бірегейлігі

0,4

Технологияның аналогтары және (немесе) Қазақстандағы балама емдеу әдістері жоқ

10

4

Технология тиімділігі бойынша Қазақстандағы аналогтардан және (немесе) емдеудің балама әдістерінен артық

7,5

3

Технология тиімділігі бойынша Қазақстандағы аналогтарға және (немесе) баламалы емдеу әдістеріне теңеледі

2,5

1

Технология тиімділігі бойынша Қазақстандағы аналогтардан және (немесе) баламалы емдеу әдістерінен төмен

0

0

  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 16 қазандағы
№ ҚР ДСМ-134/2020 бұйрығына
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.07.2021 жылғы № ҚР ДСМ - 65 Бұйрығына сәйкес (16.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 31.12.2021 жылғы № ҚР ДСМ -141 Бұйрығына сәйкес (27.07.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 28.12.2023 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 15.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 01.11.2024 жылғы № 90 Бұйрығына сәйкес (28.12.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.11.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Жоғары технологиялық медициналық көмек түрлерінің тізбесі

Жоғары технологиялық медициналық көмек коды

Жоғары технологиялық медициналық көмек түрінің атауы

Шұғыл емдеуге жатқызу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері

1

00.50

Бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды жалпы жүйенің дефибрилляторын жанаспай импланттау (CRT-P)

2

39.65

Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация

3

35.84

Басқа айдарларда жіктелмейтін ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру

4

35.23

Митралдық қақпақшаны тіндік трансплантаттаушымен ашық және басқаша ауыстыру

5

35.21

Қолқа қақпақшасын тіндік трансплантаттаушымен ашық және басқаша ауыстыру

6

35.82

Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру

7

37.94

Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды имплантаттау

8

37.66

Имплантатталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу

9

35.33

Аннулопластика

10

81.042

Эндотүзеткіштерді ішкі бекітумен кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі,алдыңғы жету әдісі

11

39.72

Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау

12

00.65

Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы имплантаттау

13

02.93

Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру

14

03.7992

Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция

15

03.7993

Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау

16

81.073

Бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу

17

81.062

Эндокорректордың ішкі фиксациясы арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі

18

81.041

Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің бекітуі арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі

19

81.53

Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған

20

81.55

Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған

21

50.52

Қайтыс болғаннан кейінгі донордан бауырды транспланттау

22

55.62

Қайтыс болған донордан бүйректі транспланттау

23

50.59

Бауырды басқа транспланттау

24

86.66

Терінің аллотранспланттау

25

52.53

Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия

Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмек түрлері

1

92.291

Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы

2

92.321

Гамма-пышақ аппаратын қолдана отырып, орталық нерв жүйесі ауруларын емдеудің радиохирургиялық әдісі

3

92.201

Қуықасты безі обырының жоғары дозалы брахитерапиясы

4

92.202

Қуықасты безінде орналасқан обырдың интерстициалдық сәулелік терапиясы (брахитерапия)

5

92.247

Сызықтық үдеткіште фотондарды қолдану арқылы қашықтықтан сәулелік терапия

6

92.203

Әйелдің жыныс жолдарының обыры кезіндегі жоғары дозалы брахитерапия

7

54.970.059

Гипертермиялық интраперитонеалды химиотерапия (HIPEC)

8

86.310.058

Электрохимиотерапия

Жоспарлы емдеуге жатқызу кезіндегі міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін жоғары технологиялық медициналық көмектің түрлері

1

00.50

Жалпы жүйенің дефибрилляторын ескертусіз бивентрикулярлық электрокардиостимуляторды имплантаттау (CRT-P)

2

00.51

Жалпы жүйенің бивентрикулярлық дефибрилляторын имплантаттау (CRT-D)

3

00.65

Стенттерді бассүйекішілік артерияларға тері арқылы импланттау

4

00.93

Транспланттау үшін кадаврдан ағзаларды және/немесе тіндерді алу

5

01.53

Эпилепсия кезінде мидың лобэктомиясы

6

02.93

Интракраниалдық нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру

7

03.7992

Негіздемелік стереотаксиялық жүйені қолданумен операция

8

03.7993

Стереотаксиялық жүйені қолданумен ми нейростимуляторын импланттау

9

03.93

Жұлын нейростимулятордың электродын (электродтарын) импланттау немесе ауыстыру

10

20.95

Электромагниттік есту аппаратын импланттау

11

33.5

Өкпені транспланттау

12

33.6

«Жүрек – өкпе» кешенін аралас транспланттау

13

35.05

Қолқа қақпақшасын эндоваскулярлық ауыстыру

14

35.11

Ауыстырмай қолқа қақпақшаның ашық вальвулопластикасы

15

35.12

Ауыстырмай митралдық қақпақшаның ашық вальвулопластикасы

16

35.121

Митралдық тесік стенозының баллондық вальвулопластикасы

17

35.14

Ауыстырмай үшжармалы қақпақшаның ашық вальвулопластикасы

18

35.21

Қолқа қақпақшасын тіндік транспланттаумен ашық және басқаша ауыстыру

19

35.23

Тіндік транспланттаумен митралдық қақпақшаны ашық және басқа ауыстыру

20

35.33

Аннулопластика

21

35.55

Протездеу арқылы қарыншааралық қалқаншаның ақауын жабық әдіспен жою

22

35.82

Өкпе веналарының аномалдық қосылысын толық қалпына келтіру

23

35.83

Артериялық діңді толық қалпына келтіру

24

35.84

Басқа айдарларда жіктелмеген ірі тамырлардың транспозициясын толық қалпына келтіру

25

35.91

Веналық ағудың жүрекшеаралық транспозициясы

26

35.9900

Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып жүрек қақпақшаларын протездеу

27

35.991

Митралдық тесікті клиптеу

28

36.1000

Интраоперациялық радиожиілік аблацияны пайдалана отырып аортокоронарлық шунттау

29

36.16

Қос ішкі маммарлық-коронарлық шунттау

30

37.32

Жүрек аневризмасын тілу

31

37.35

Парциалдық вентрикулоэктомия

32

37.36

Жүрекшенің сол жақ құлақшасын кесу, деструкциялау және алып тастау

33

37.51

Жүректі транспланттау

34

37.66

Имплантталатын қосалқы жүрек жүйесін енгізу

35

37.76

Трансвеналық атриялық және/немесе вентрикулярлық электродты (электродтарды) ауыстыру

36

37.94

Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды импланттау

37

37.941

Автоматты кардиовертерді/дефибрилляторды, жалпы жүйені ауыстыру

38

37.96

Автоматты кардиовертердің/дефибриллятордың тек импульстарының генераторын ғана импланттау

39

38.12

Бастың және мойынның басқа артерияларының эндартерэктомиясы

40

38.34

Анастомозбен қолқаның резекциясы

41

38.341

Қолқа доғасының үзігін түзету

42

39.28

Экстра-интракраниалдық васкулярлық шунттау

43

39.591

Қолқа-өкпе саңылауының пластикасы

44

39.65

Экстракорпоралдық мембраналық оксигенация

45

39.72

Бас пен мойынның тамырларын эндоваскулярлық (жаппай) эмболиялау немесе окклюзиялау

46

39.73

Кеуде қолқасына протезді эндоваскулярлық имплантанттау

47

39.731

Қолқаның коарктациясын стенттеу

48

41.01

Сүйек кемігінің мезенхималдық дің жасушаларын транспланттау

49

41.04

Аутологиялық гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз транспланттау

50

41.05

Аллогендік гемопоэздік дің жасушаларын тазартусыз транспланттау

51

41.06

Кіндік дің жасушаларын трансплантаттау

52

41.10

Феталдық бағаналық жасушаларды транспланттау

53

50.52

Өлімнен кейінгі донордан бауырды транспланттау

54

50.59

Бауырды басқа транспланттау

55

52.53

Радикалдық субтоталдық панкреатэктомия

56

52.80

Ұйқыбезін транспланттау, нақтыланбаған

57

55.5016

Тромбэктомиямен түбегейлі нефрэктомия

58

55.62

Қайтыс болғаннан кейінгі донордан бүйректі транспланттау

59

56.7404

Блохин бойынша қосымша антирефлюксті механизмі бар Политано-Летбеттердің модификацияланған әдісі бойынша уретероцистонеостомия

60

63.8301

Обструкциялық азошәует кезіндегі микрохирургиялық инвагинациондық вазоэпидидимостомия

61

69.921

Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзақ хаттама

62

69.922

Классикалық экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама

63

69.923

АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып, экстракорпоралдық ұрықтандыру, ұзын хаттама

64

69.924

АЖСИИ (аналық жасушаға сперматозоидты интрацитоплазмалық инъекциялау) жасай отырып экстракорпоралдық ұрықтандыру, қысқа хаттама

65

78.191

Кезеңдік түзетуді қажет ететін жамбас сүйектерінде сыртқы бекітуші құрылғыны пайдалану

66

81.041

Ішкі транспедикулярлық жүйе мен кейдждердің бекітуі арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі

67

81.042

Эндокорректор бекітуі арқылы кеуде және бел омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі

68

81.062

Эндокорректордың ішкі бекітуі арқылы бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, алдыңғы жету әдісі

69

81.073

Бел және сегізкөз омыртқаларының спондиллодезі, бүйір көлденең қол жеткізу, дискіні протездеу

70

81.53

Сан-жамбас буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған

71

81.55

Тізе буынының ауыстырылуын тексеру, нақтыланбаған

72

81.9610

Сүйек ісігі кезінде буындарды және/немесе сүйекті ауыстыру

73

86.66

Теріні аллотранспланттау

74

99.791

Қанның гематопоэздік дің жасушаларын дайындау

75

92.291

Қалқанша безі ауруының радио-йод терапиясы

  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 16 қазаны
№ ҚР ДСМ-134/2020
бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған бұйрықтарының тізбесі
1) «Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14630 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 12 қаңтарда жарияланған);
2) «Жоғары технологиялы медициналық қызметтердің түрлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 1112 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-42 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17962 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 19 желтоқсанда жарияланған);
3) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 10 сәуірдегі № ҚР ДСМ-37/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20381 болып тіркелген, Қазақстан Республикасыың Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 15 сәуірде жарияланған).