• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 25

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысы

Редакция 18.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігін құру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 408 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже);
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер – аумақтық бөлімшелер мен мемлекеттік мекемелердің атаулары өзгертілсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ұйымдарың акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестеріне иелік ету және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне берсін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 30.12.2020 жылғы № 934 Қаулысына сәйкес (23.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 23 қазандағы № 701
қаулысымен бекітілген
  • 14
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, азаматтық қорғаныс, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі мен одан әрі дамуын қамтамасыз ету, өрттердің алдын алуды және сөндіруді ұйымдастыру салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
  • 1
2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:
1) Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті;
2) Өртке қарсы қызмет комитеті;
3) Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті;
  • 1
4) Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 28.06.2024 жылғы № 519 Қаулысына сәйкес (01.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)
5) Төтенше жағдайлардың алдын алу комитеті.
2-тармақ 5-тармақшамен толықтырылды ҚР Үкіметінің 28.06.2024 жылғы № 519 Қаулысына сәйкес
  • 1
3. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  • 1
4. Министрлік мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның рәміздері мен айырым белгілері, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және мемлекеттік тілде өз атауы бар мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.02.2022 жылғы № 55 Қаулысына сәйкес (01.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 22.10.2022 жылғы № 844 Қаулысына сәйкес (08.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)
5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  • 1
6. Министрліктің, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.02.2022 жылғы № 55 Қаулысына сәйкес (01.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
7. Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  • 1
8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.02.2022 жылғы № 55 Қаулысына сәйкес (01.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 2-кіреберіс.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.10.2022 жылғы № 834 Қаулысына сәйкес (08.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
10. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 07.02.2022 жылғы № 55 Қаулысымен (01.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.
12. Министрліктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
  • 1
13. Министрлікке өз өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қарым-қатынастарға түсуге тыйым салынады.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.02.2022 жылғы № 55 Қаулысына сәйкес (01.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
Егер Министрлікке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
  • 1
2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 07.02.2022 жылғы № 55 Қаулысына сәйкес (01.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
  • 1
14. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
14-тармақ алынып тасталды ҚР Үкіметінің 07.02.2022 жылғы № 55 Қаулысымен (01.09.2021 ж. редакцияны қараңыз)
15. Міндеттері:
1) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою;
2) азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру және жүргізу;
3) өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту;
5) азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуі және одан әрі дамуы;
6) азаматтық қорғау саласында салааралық үйлестіру.
15-1. Өкілеттіктері:
2-тарау 15-1-тармақпен толықтырылды ҚР Үкіметінің 07.02.2022 жылғы № 55 Қаулысына сәйкес
1) құқықтары:
мемлекеттік органдар мен ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан ақпарат сұрату;
өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылмаған мәселелер бойынша дербес шешімдер қабылдау;
өз құзыреті шегінде орындауға міндетті нормативтік құқықтық актілер және нұсқаулық-әдістемелік құжаттар қабылдау;
нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу немесе осындай актілердің бастамашыл жобаларын уәкілетті органдардың қарауына беру;
орталық және жергілікті атқарушы органдарға өздері қабылдаған актілердің күшін жою немесе өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ шетелдік және жергілікті сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;