«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 143-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан бас бостандығы шектелген адамдарға, сондай-ақ ұсталған, қамауға алынған және арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 28 қазандағы № 745 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 29 қазанда № 21534 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды ҚР Ішкі істер министрінің 07.07.2022 жылғы № 562 Бұйрығына сәйкес (өзгерту қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 143-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан бас бостандығы шектелген адамдарға, сондай-ақ ұсталған, қамауға алынған және арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
1) «Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 314 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11206 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 28 шілдеде жарияланған);
2) «Бас бостандығы шектеулі азаматтарға, сондай-ақ сот үкімі бойынша жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жүрген, арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі № 314 бұйрығына өзгерістер енгізу» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 2 қарашадағы № 728 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16033 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2012 жылғы 12 желтоқсанда жарияланған).
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жетекшілік ететін орынбасарына және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі Е. Тургумбаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің 2020 жылғы 28 қазаны № 745 бұйрығымен бекітілген
Сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан бас бостандығы шектелген адамдарға, сондай-ақ ұсталған, қамауға алынған және арнайы мекемелерге орналастырылған адамдарға медициналық көмек көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан бас бостандығы шектелген адамдарға, ұсталған, қамауға алынған және арнайы мекемелерге орналастырылғандарға медициналық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 143-бабына сәйкес әзірленді және сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан бас бостандығы шектелген адамдарға, ұсталған қамауға алынған және арнайы мекемелерге орналастырылғандарға медициналық көмек көрсету тәртібін айқындайды.
2-тарау. Бас бостандығы шектеулі адамдарға медициналық көмек көрсету тәртібі
2. Арнайы мекемелер: уақытша ұстау изоляторында (бұдан әрі - УҰИ), белгілі бір тұрғылықты жері мен құжаттары жоқ адамдарға арналған қабылдау-тарату орындарында (бұдан әрі – ҚТО), әкімшілік қамауға алынған адамдарға арналған арнайы қабылдау орындарында (бұдан әрі – АҚО) медицина қызметкерлері онда ұсталатын адамдарға медициналық көмекті ұйымдастырады және көрсетеді, арнайы мекемелерде санитариялық-эпидемиологиялық қағидалар мен гигиеналық нормативтердің сақталуын қамтамасыз етуді ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Шұғыл медициналық көмекке, сондай-ақ онкологиялық, жыныстық жолмен берілетін аурулар, АИТВ-инфекциясы, туберкулез, қант диабеті мен үздіксіз бақылау және емдеу көрсетілетін басқа да аурулар бойынша амбулаторлық немесе стационарлық тексерілуге және емге мұқтаж адамдар Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау жүйесінің тиісті медициналық ұйымдарында (бұдан әрі - медициналық ұйымдар) медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі (бұдан әрі – МККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – МӘМС) щеңберінде қажетті мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі.
Гаупвахталарда ұсталатын әскери қызметшілерге медициналық көмек «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құрамаларының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызметінің жарғысында көзделген тәртіппен көрсетіледі.
3. Медициналық көмек көрсету кезінде арнайы мекемелердің медицина қызметкерлері Кодексті, осы Қағидаларды және денсаулық сақтау саласындағы өзге де құқықтық актілерді басшылыққа алады.
4. Арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету үшін медицина қызметкерінің кабинеті (бұдан әрі - медициналық кабинет) немесе медициналық пункт жұмыс істейді.
5. Бас бостандығы шектеулі адамдарға медициналық көмек көрсететін медициналық кабинеттің жұмысын ұйымдастыру және бақылау астана, республиалық маңызы бар қалалар мен облыстық полиция департаменттерінің (бұдан әрі – ПД медициналық бөлімдері) медициналық бөлімдері (топтары) жүзеге асырады.
6. Арнайы мекемелерде ұсталатын адамдардың санитариялық – эпидемиологиялық салауаттылығы бойынша жұмысты ұйымдастыру және бақылауды ПД медициналық бөлімдерінің санитариялық – эпидемиологиялық бақылау топтары жүзеге асырады.
7. Медициналық кабинет дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен және залалсыздандыру препараттармен қамтамасыз етіледі.
8. Медициналық кабинетті дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен Қазақстан ұлттық дәрілік формулярына сәйкес жүзеге асырылады.
Дәрілік формулярды медициналық кабинеттің медициналық қызметкері жасақтайды, алдағы жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей ПД медициналық бөлімінің басшысымен (бас маманымен) келісіліп арнайы мекеменің басшысы бекітеді.
9. Арнайы мекемелердің медицина қызметкерлері:
1) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға дәрігерге дейін және бірінші медициналық-санитариялық көмек көрсетуді;
2) арнайы мекемелердің үй-жайларында эпидемияға қарсы режимнің сақталуын қамтамасыз етуді;
3) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды медициналық-санитариялық қамтамасыз ету мәселелері бойынша мемлекеттік денсаулық сақтауды басқарудың жергілікті органының медициналық ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасасуды жүзеге асырады.
10. Арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарға медициналық көмек көрсету кезінде медицина қызметкерлері:
1) келіп түскен, күнделікті аралау жүргізу, медициналық көмекке жүгінген, арнайы мекемеден кеткен кезде медициналық тексеру жүргізу арқылы жұқпалы, венерологиялық, тері, психикалық, паразиттік және басқа да қауіпті ауруларды анықтауды;
2) дәрігерге дейінгі медициналық көмек көрсетуді;
3) стационарлық емге мұқтаж науқастарды ауруханаға жатқызуды;
4) дәрігер-мамандар мен консультанттардың ұсыныстары мен тағайындауларын орындауды;
5) дәрілік құралдарға және медициналық жабдықтарға қажеттілікті есептеуді, оларды сатып алу туралы тиісті өтінімдерді арнайы мекеменің басшылығына белгіленген тәртіппен ұсынуды, оларды сақтаудың, берудің және есепке алудың белгіленген тәртібін орындауды;
6) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдарды орналастыру, тамақтандыруды ұйымдастыру, монша-кір жуумен қамтамасыз ету, арнайы санитариялық өңдеу кезінде санитариялық ережелерді, гигиеналық нормативтердің сақталуын қамтамасыз етуді;
7) жеке қорғаныс затымен қамтамасыз етуді қоса жұқпалы науқастар анықталған кезде санитариялық - эпидемияға қарсы және санитариялық- алдын алу іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етуді;
8) залалсыздандыру іс-шараларының жүргізілуін бақылауды қамтамасыз етуді;
9) арнайы мекемелерде ұсталатын адамдар арасында түсіндірме жұмыстарының жүргізілуін, соның ішінде АИТВ-инфекциясы, ЖЖБИ, вирусты гепатит, туберкулезге қарсы көрнекі үгіттемелермен (брошюралар, плакаттар, парақшалар) радиодәрістер өткізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз етуді;
10) ПД медициналық бөлімдері санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау тобына және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органының ведомстволарына Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-175/2020) 034/е нысанға сәйкес арнайы мекемелерде ұсталатын адамдардың арасында жұқпалы науқастардың анықталғаны туралы шұғыл хабарламалар жіберуді;
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 05.01.2022 жылғы № 1 Бұйрығына сәйкес (28.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрыққа сәйкес медициналық қызметкер кабинетінің бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарына сәйкес медициналық құжаттаманы жүргізу.
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің м.а. 05.01.2022 жылғы № 1 Бұйрығына сәйкес (28.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 29.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. Айналасындағы адамдарға қауіп төндіретін жұқпалы ауруларға күдікті және шұғыл медициналық көмекке мұқтаж адамдарды анықтау мақсатында жаңа келгендердің барлығына арнайы мекемеге келген бірінші тәулік ішінде медициналық қызметкер бастапқы алдын алу медициналық тексеру жүргізеді. Қабылдау арнайы мекеме бойынша кезекші қызметкер немесе бақылаушылар қызметі өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
Бұл ретте тері, венерологиялық, психикалық аурулардың белгілеріне, педикулезбен, қышымамен ауыратындыққа ерекше көңіл бөлінеді.
Тексеруді медицина қызметкері медициналық кабинетте жүргізеді. Тексеру нәтижелері осы Қағидаларға 1 қосымшаға сәйкес арнайы мекемелерде ұсталатын адамдардан бастапқы жауап алу және оларға медициналық көмек көрсетуді тіркеу журналына тіркеледі.
12. Бастапқы медициналық қарау барысында медициналық қызметкер міндетті түрде:
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |