БҰЙЫРАМЫН:










Отправить по почте

«Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 27 қазандағы № 1048 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 28 қазанда № 21526 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылдың 27 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 17.06.2025 жылғы № 290 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiкті жасау және ұсыну қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 630 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 14613 болып тіркелген, 2017 жылғы 17 қантарда Нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау банкінде № 14613 болып жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
«II бөлім «Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер» Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан жүргізілген төлемдердің сомасын көрсетеді.»;
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті (З.А.Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Е. Жамаубаев
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 27 қазаны № 1048 Бұйрыққа қосымша
Мемлекеттiк мекемелердiң, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiнiң, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының бюджеттiк есептiлiктi жасау және ұсыну қағидаларына 13-1-қосымша
_____________________________ жылға арналған Жәбірленушілерге өтемақы қорының түсімдері мен пайдаланылуы туралы есеп
Мерзімділігі: айлық, жылдық
Өлшем бірлігі: мың теңге
|
Атауы |
Үдемелі қорытындымен есепті кезең үшін атқарылу |
|
1 |
2 |
|
I. Кірістер |
|
|
Салықтық емес түсімдер, барлығы Оның ішінде түсімдер коды бойынша: |
|
|
II.Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сынан төлемдер |
|
|
ІІІ. Кірістер мен төлемдер сальдосы |
|
|
IV. Қаржы жылының басындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы |
\ |
|
V. Есепті кезеңнің аяғындағы Жәбірленушілерге өтемақы қорының ҚБШ-сындағы ақша қалдығы |
|
|
|
|
Ведомствоның басшысы ________ _________________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)
Мөр орны
Деректерді қалыптастыруға жауапты, ведомствоның құрылымдық бөлiмшесiнiң басшысы _______ ________________________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде)

Бұл мүмкіндік тек қана тіркелген пайдаланушыларға беріледі. Өтініш, кіріңіз немесе тіркеліңіз. |
|
| Тіркелу | |