«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 5 қарашадағы № 11-1-4/319 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 6 қарашада № 21603 болып тіркелді
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-тармағы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Цифрландыру департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі М. Тілеуберді
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрымдылық даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 5 қарашасы № 11-1-4/319 Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11646 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 17 қыркүйекте жарияланған).
2. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 11-1-2/328 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12056 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 1 қазанда жарияланған).
3. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 9 желтоқсандағы № 11-1-2/584 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14783 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 10 наурызда жарияланған).
4. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 2 наурыздағы № 11-1-4/78 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16804 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 3 мамырда жарияланған).
5. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2018 жылғы 7 қарашадағы № 11-1-4/515 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18066 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 10 қаңтарда жарияланған).
6. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 11-1-2/177 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 31 қазандағы № 11-1-4/565 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19565 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 12 қарашада жарияланған).
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |