Toggle Dropdown
2
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы Басшысының 2020 жылғы 4 қарашадағы № 3 бұйрығы
Toggle Dropdown
Редакция 29.04.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 5 қазандағы № 427 Жарлығының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының 2020 жылғы 23 қазандағы № 9-НҚ бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы ережесінің 20-тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Мыналар:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақтөбе облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
4) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
6) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
7) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
8) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
9) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қостанай облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
10) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
11) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
12) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Павлодар облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
13) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
14) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
15) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
16) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Алматы қаласы бойынша департаменті туралы ережеосы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес;
Toggle Dropdown
17) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаменті туралы ереже осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2020 жылғы 11 маусымдағы № 81 бұйрығының күші жойылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Заң басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін қазақ және орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының аумақтық бөлімшелері белгіленген мерзімде осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Toggle Dropdown
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Басшы Н. Айдапкелов
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы
басшысының 2020 жылғы 4 қарашадағы
№ 3 бұйрығына
1 - қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті туралы ереже
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент) Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының (бұдан әрі – Ұлттық статистика бюросы) Департаменттің құзыреті шегінде мемлекеттік статистикалық қызмет мәселелері бойынша іске асыру функцияларын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
3. Департамент мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Toggle Dropdown
4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.
Toggle Dropdown
5. Департамент заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Toggle Dropdown
6. Департамент өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Toggle Dropdown
7. Департамент құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
Toggle Dropdown
8. Департаменттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 73.
Toggle Dropdown
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Ақмола облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Toggle Dropdown
10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.
Toggle Dropdown
11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
12. Департаментке кәсіпкерлік субъектілерімен Департаменттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.
Toggle Dropdown
Егер Департаментке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Toggle Dropdown
2-тарау. Департаменттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Toggle Dropdown
13. Мақсаттары:
Toggle Dropdown
1) мемлекеттік статистика принциптерін сақтай отырып, статистикалық қызметті жүзеге асыру;
Toggle Dropdown
2) қоғамның, мемлекеттің және халықаралық қоғамдастықтың ресми статистикалық ақпаратқа деген сұранысын қанағаттандыру.
Toggle Dropdown
14. Құқықтары мен міндеттері: