• Менің таңдаулыларым
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Назар аударыңыз! Құжаттың 13.05.2025 күші жойылды

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Түсініктемелер жазу, айту
  • Белгі бауына қою
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца(beta)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қарашадағы № 1120 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 қарашада № 21670 болып тіркелді

Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес 
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
1 «Мұнай секторы ұйымдарынан және Жәбірленушілерге өтемақы қорына түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) қамтылатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында:
мынадай мазмұндағы 32, 75 және 76 ерекшелікпен толықтырылсын:
«32 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, оның республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
75 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, оның республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар
76 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, оның республикалық бюджеттен қаржыландырылатын оның аумақтық бөлімшелері салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
1 «Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 001 бюджеттік бағдарламасы және 100, 104, 111 және 123 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 626 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«626 Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
001 Реформаларды қалыптастыруға және тиімді іске асыруға жәрдемдесу бойынша көрсетілетін қызметтер, стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік басқару жүйесі мен квазимемлекеттік секторды жетілдіруге қатысу
100 Стратегиялық жоспарлау, мемлекеттік статистикалық қызмет салаларында реформаларды қалыптастыруға және тиімді іске асыруға жәрдемдесу, мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік басқару жүйесі мен квазимемлекеттік секторды жетілдіруге қатысу жөніндегі көрсетілетін қызметтер бойынша уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету
104 Ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету және мемлекеттік органды ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету
111 Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің күрделі шығыстары
123 Ағымдағы әкімшілік шығыстар»;
мынадай мазмұндағы 100, 101, 102, 105, 109, 114, 119, 114, 116, 119, 122, 133 және 139 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
«100 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізу
101 Өкілдiк шығындарға арналған қаражат есебiнен іс-шаралар өткізу
102 Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резерві есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
105 Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалардың, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларды, оның ішінде концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
109 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен ағымды іс-шаралар өткізу
114 Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің қаражаты есебінен соттардың шешімдері бойынша орталық мемлекеттік органдардың міндеттемелерін орындау
116 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер
119 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізу
122 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң арнайы резервi есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін трансферттер
133 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс-шаралар өткізуге арналған мемлекеттік басқарудың басқа деңгейлеріне берілетін нысаналы даму трансферттер
139 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу»;
5 «Жоспарлау және статистикалық қызмет» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 002 бюджеттік бағдарламасы және 100, 101 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 626 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«626 Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі
002 Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету
100 Статистикалық деректерді жинау, өңдеу және тарату жөніндегі қызметтер
101 Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу»;
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
201 «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және оның іске асырылуын ұйымдастыру жөніндегі қызметтер»;
241 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Энергетика, атом энергиясы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы қызметті үйлестіру бойынша көрсететін қызметтер» бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Энергетика, атом энергиясы, мұнай-газ және мұнай-химия өнеркәсібі саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі көрсетілетін қызметтер»;
243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономикалық саясатты дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру бойынша көрсетілетін қызметтер» бюджеттік бағдарламасының атауы және 100 «Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономикалық саясатты дамыту, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және іске асыру, табиғи монополиялар субъектілерінің және статистика қызметі саласындағы қызметті peттеу, бәсекелестікті қорғауды қамтамасыз ету, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» және 102 «Экономика, мемлекеттік басқару, өңірлік даму және мемлекеттік материалдық резерв саласында зерттеулер жүргізу, әлеуметтанушылық, талдамалық және консалтингтік қызметтер көрсету» бюджеттік кіші бағдарламалар мынадай редакцияда жазылсын:
«001 Инвестициялар тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру, экономикалық саясатты дамыту, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін peттеу, өңірлік даму және кәсіпкерлікті дамыту саласындағы қызметті үйлестіру бойынша көрсетілетін қызметтер