Toggle Dropdown
23
Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-225/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 21713 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 01.05.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодекс 121-бабының 4-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының [[1-тармағына|454706991] сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Toggle Dropdown
1
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А. Ғиниятқа жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Toggle Dropdown
1
Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 121-бабының 4-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және жедел медициналық жәрдем, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көрсету тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) арнайы дайындалған әуе кемесі – функционалдық мақсатына және пайдалану сипаттамаларына сәйкес медициналық көмек көрсету үшін жеке қолданылатын аппараттармен, аспаптармен, жабдықтармен, кешендермен, жүйелермен жарақтандырылған медициналық авиация желісі бойынша мамандандырылған операцияларды орындауға арналған әуе кемесі;
Toggle Dropdown
2) әуе кемесі (көлік) – жер (су) бетінен шағылысқан ауамен әрекеттесуді болғызбай, ауамен өзара әрекеттесу есебінен атмосферада қалықтайтын аппарат;
Toggle Dropdown
3) әуе кемесінің (көліктің) командирі – белгіленген тәртіппен тиісті оқудан өткен, ұшқыш куәлігі және осы үлгідегі әуе кемесін дербес басқару құқығына рұқсаты бар тұлға;
Toggle Dropdown
4) әуе компаниясы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланушының сертификаты бар заңды тұлға;
Toggle Dropdown
5) бейінді маман – жоғары медициналық білімі, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;
Toggle Dropdown
6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
7) денсаулық сақтау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;
Toggle Dropdown
8) жедел медициналық жәрдем (бұдан әрі – ЖМЖ) – өмірге қатер төндіретін жіті аурулар мен жай-күйлер кезінде, сондай-ақ оқиға орнында және (немесе) медициналық ұйымға бару жолында денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау үшін шұғыл және кезек күттірмейтін нысандағы медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесі;
Toggle Dropdown
9) жедел өтінім – әуекомпанияның және медициналық авиацияның мобильдік бригадасының ұшуын жүзеге асыру үшін негіз болып табылатын уәкілетті орган бекіткен нысан;
Toggle Dropdown
10) кезек күттірмейтін медициналық көмек – пациенттің өміріне анық қатер төндірмейтін, кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек;
Toggle Dropdown
11) қашықтан көрсетілетін медициналық қызметтер – аурулар мен жарақаттардың диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және олардың профилактикасы, медицина қызметкерлерінің өзара, жеке тұлғалармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен қашықтықтан өзара іс-қимыл жасауын, көрсетілген адамдарды сәйкестендіруді, сондай-ақ олар жасайтын әрекеттерді құжаттауды қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар арқылы зерттеулер мен бағалауды жүргізу мақсатында медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну;
Toggle Dropdown
12) медициналық авиация – әуе көлігін тарта отырып, халыққа шұғыл нысанда жедел медициналық көмек беру;
Toggle Dropdown
13) медициналық авиацияның мобильдік бригадасы (бұдан әрі – МАМБ) – жедел медициналық жәрдем, сондай-ақ білікті бейінді мамандардың мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмегін тікелей көрсететін медициналық авиацияның құрылымдық-функционалдық бірлігі болып табылады;
Toggle Dropdown
14) медициналық авиацияның үйлестіруші дәрігері – жоғары медициналық білімі бар, маман сертификаты бар адам тиісті мамандық бойынша және медициналық авиация бөлімшесіне/бөлімшеден негізделген өтінімді қабылдауды/беруді ұйымдастырушы және жедел өтінімді орындау рәсімі;
Toggle Dropdown
15) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттағы бұйымдар және медициналық техника;
Toggle Dropdown
16) медициналық білім беру ұйымы – «Денсаулық сақтау» даярлық бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
Toggle Dropdown
17) медициналық көрсетілетін қызметтер – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылдары;
Toggle Dropdown
18) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
Toggle Dropdown
19) мобильді авиацияның мобильдік бригадасының дәрігері – жоғары медициналық білімі, «Жедел және кезек күттірмейтін медициналық жәрдем» және (немесе) «Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектер)» және (немесе) «Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология, неонаталдық реанимация) (балалар)» мамандығы бойынша маман сертификаты бар тұлға;
Toggle Dropdown
19-1) мобильді бригада - бұл инфекциялық және басқа аурулар кезінде азаматтарға медициналық қызмет көрсетуге бағытталған МСАК мамандарының үйде қызмет көрсету жұмысының нысаны
Toggle Dropdown
20) мобильдік камера – аудио-бейне ақпаратты жазуға, сақтауға және көрсетуге арналған құрылғы;
Toggle Dropdown
21) пайдаланушы – азаматтық әуе кемелерін пайдаланумен айналысатын немесе осы салада өз қызметтерін ұсынатын жеке немесе заңды тұлға;
Toggle Dropdown
22) парамедик – алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіптік даярлық курсынан өткен адам;
Toggle Dropdown
23) санитариялық автокөлік – пациенттерді, алып жүретін медицина персоналын, сондай-ақ кейіннен транспланттау үшін ағзалар (ағзалардың бөліктерін) мен тіндерді (тіндердің бөліктерін) тиісті медициналық ұйымдарға тасымалдауға арналған мамандандырылған жерүсті көлік құралы;
Toggle Dropdown
24) төтенше жағдай – адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін апат, қауіпті табиғи құбылыстар, апаттар, зілзала және басқа да жойқын құбылыстар салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай;
Toggle Dropdown
25) төтенше жағдай – азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгілеуге жол беретін және оларға қосымша міндеттер жүктейтін, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүддесінде ғана қолданылатын және мемлекеттік органдар, ұйымдар қызметінің ерекше құқықтық режимін білдіретін уақытша шара;
Toggle Dropdown
26) трансплантаттау – ағзаларды (ағзаның бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бөлігін) организмнің басқа жеріне немесе басқа организмге ауыстырып салу;
Toggle Dropdown
27) тұрақты рейс – авиакомпания белгілеген және жариялаған кестеге сәйкес орындалатын рейс;
Toggle Dropdown
28) үйлестіруші ұйым – «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 134-бабы 2-тармағының 5) тармақшасы негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес айқындалған заңды тұлға;
Toggle Dropdown
29) хабардар етілген келісім – адамның медициналық көмек алуға және (немесе) оның шешім қабылдауы үшін маңызы бар медициналық көмектің және (немесе) зерттеудің барлық аспектісі туралы ақпаратты алғаннан кейін нақты зерттеуге қатысуға өз келісімін жазбаша ерікті түрде растау рәсімі. Хабардар етілген жазбаша келісім Кодекстің 1-бабы 279) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ресімделеді;
Toggle Dropdown
30) шұғыл медициналық көмек – денсаулыққа елеулі зиянды болғызбау және (немесе) өмірге төнген қатерді жою үшін кезек күттірмейтін медициналық араласуды қажет ететін кенеттен болған жіті аурулар мен жай-күйлер, созылмалы аурулардың асқынуы кезінде көрсетілетін медициналық көмек.
Toggle Dropdown
3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖМЖ станциясы (бұдан әрі – ЖМЖС) стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелері және медициналық қызметтер көрсететін әуе кемелері конструкторлық және техникалық сипаттамалары бойынша біркелкі медициналық жабдықпен жарақтандырылады. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ЖМЖ станциясы медициналық ақпараттық жүйелерге қол жеткізуін немесе Үйлестіруші ұйым үшін ақпараттық жүйлермен интеграциялануын қамтамасыз етеді.