• Мое избранное
Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-224/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 2 желтоқсанда № 21712 болып тіркелді

Редакция 19.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 32) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2023 жылғы № 80 Бұйрығына сәйкес (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының халқының психикалық денсаулығы саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
2. Мынадай:
1) «Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 95 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13404 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 30 наурызда жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасында психиатриялық көмек көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 8 ақпандағы № 95 бұйрығына өзгерістер енгізу және кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-17 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17632 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде2018 жылғы 2 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 30 қарашадағы
№ ҚР ДСМ-224/2020 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Осы Стандарт өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2023 жылғы № 80 Бұйрығымен (30.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.05.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Стандарт жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 27.12.2024 жылғы № 114 Бұйрығына сәйкес (04.05.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасының халқына психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасынасәйкес әзірленді және психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын талаптар мен қағидаларды белгілейді.
2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:
1) апиын агонистерімен қолдаушы терапия (бұдан әрі – ААҚТ) – психикалық-әлеуметтік қолдауымен үйлесімділікте ұзақ әсер ететін дәрілік препараттарды (агонистерді немесе апиындардың ішінара агонистерін) қолдана отырып, апиындық тәуелділікті емдеу әдісі;
2) динамикалық байқау – пациенттің денсаулық жағдайын жүйелі түрде байқау, сондай-ақ осы байқау нәтижелері бойынша қажетті медициналық көмек көрсету;
3) динамикалық байқау тобы – диагностикалық және емдік іс-шараларды таңдау кезінде дәрігердің тәсілін айқындайтын топтарға пациенттерді бөлу;
4) жақын орта – қашықтықтан медициналық қызметтер көрсетілетін адаммен тікелей байланыста болатын және (немесе) тұратын адамдар;
5) жедел бөлімше (бұдан әрі – ЖБ) – суицидтік мінез-құлыққа ие кәмелет жасына толмаған адамға көмек көрсету кезінде өңірдің әр түрлі секторларының мамандары арасындағы өзара іс-қимылды жүзеге асыратын, сондай-ақ кәмелет жасына толмаған адамдардың суицидтік мінез-құлқының және өңірде көрсетілген көмектің статистикасын қалыптастыратын денсаулық сақтау ұйымының құрылымдық бөлімшесі;
6) консультативтік байқау – психикаға белсенді әсер ететін затты зиянды қолдануы бар адамды және (немесе) құмар ойындарға патологиялық құмарлығы бар адамды медициналық байқау;
7) медициналық-әлеуметтік көмек – бұл тізбесін уәкілетті орган айқындайтын әлеуметтік мәні бар аурулармен ауыратын адамдарға көрсетілетін медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек;
8) медициналық-әлеуметтік оңалту – жұмысқа араластыруға, отбасылық және қоғамдық өмірге қатыстыруға арналған медициналық, әлеуметтік және еңбек іс-шараларын пайдалана отырып, науқастар мен мүгедектердің денсаулығын қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешені;
9) мультипәндік топ – пациент ағзасының функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына байланысты қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;
10) психикаға белсенді әсер ететін заттар (бұдан әрі – ПБЗ) – бір рет қабылдағанда адамның психикалық және тәндік функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт тұтынған кезде психикалық және тәндік тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғи жолмен алынған заттар (алкоголь, есірткі, психотроптық заттар, олардың аналогтары, басқа да есеңгірететін заттар);
11) психикалық денсаулық саласындағы медициналық-әлеуметтік көмек – бұл психикалық, мінез-құлық бұзылушылықтары (аурулары) бар (бұдан әрі – ПМБ) адамдарға көрсетілетін медициналық және әлеуметтік-психологиялық көмек;
12) ПМБ бар пациентті оңалтудың жеке бағдарламасы – оңалтуды жүргізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін қамтитын іс-шаралар кешені;
13) статистикалық есепке алу – электрондық ақпараттық жүйеде динамикалық байқауға жатпайтын ПМБ бар тұлға туралы мәліметтерді тіркеу және сақтау;
14) суицид жасау қаупі – өліммен аяқталатын, өзін әдейі өмірден айыруға бағытталған іс-әрекет жасау ықтималдығы;
15) суицид жасау қаупінің факторлары – өзін өліммен аяқталған өмірден әдейі айыруға бағытталған іс-әрекетті жасау ықтималдығына әсер ететін мән-жайлар;
16) өтініш беруші – қашықтықтан медициналық қызмет көрсетілетін адам.
2-тарау. Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымы
3. Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсететін ұйымдарға мыналар жатады:
1) аудандық деңгейде:
дәрігерлік амбулатория;
медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы;
аудандық емхана;
нөмірлік аудандық емхана;
аудан орталығында және аудандық маңызы бар қалаларда құрылатын аудандық аурухана.
2) қалалық деңгейде:
дәрігерлік амбулатория;
медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы;
қалалық емхана;
бастапқы психикалық денсаулық орталығы (бұдан әрі – БПДО);
психикалық денсаулық орталығы (бұдан әрі – ПДО);
көпбейінді қалалық аурухана.