Toggle Dropdown
1
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда мәжбүрлеп емдеу үшін ішкі тәртіп қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-237/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 10 желтоқсанда № 21747 болып тіркелді
Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 173-бабы 5-тармағының тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда мәжбүрлеп емдеу үшін ішкі тәртіп қағидалары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Toggle Dropdown
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 8 желтоқсаны
№ ҚР ДСМ-237/2020
Бұйрыққа 1-қосымша
Toggle Dropdown
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары (ауруы) бар адамдарды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда мәжбүрлеп емдеу үшін ішкі тәртіп қағидалары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда мәжбүрлеп емдеу үшін ішкі тәртіп қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 173-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) (бұдан әрі - ПМБ) бар адамдарды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда (бұдан әрі – ПД МКК ұйым) мәжбүрлеп емдеу үшін ішкі тәртіптің тәртібін айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) психикаға белсенді әсер ететін заттар (бұдан әрі – ПБЗ) – бір рет қабылдағанда адамның психикалық және тәндік функцияларына, мінез-құлқына әсер ететін, ал ұзақ уақыт тұтынған кезде психикалық және тәндік тәуелділік туғызатын синтетикалық немесе табиғи жолмен алынған заттар (алкоголь, есірткі, психотроптық заттар, олардың аналогтары, басқа да есеңгірететін заттар);
Toggle Dropdown
2) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтар (аурулар) - психикалық қызметтің бұзылуымен сипатталатын аурулардың халықаралық сыныптамасына сәйкес аурулар тобы.
Toggle Dropdown
2-тарау. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикалық және мінез-құлықтық бұзылушылықтары (ауруы) бар адамдарды психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымда мәжбүрлеп емдеу үшін ішкі тәртіп тәртібі
Toggle Dropdown
3. ПБЗ-ны пайдалануға байланысты ПМБ бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу ПД МКК ұйымдарының мамандандырылған бөлімшелерінде (бұдан әрі-бөлімшелер) жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
4. Бөлімшеге, күтуге арналған үй-жайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ПД МКК ұйымының персоналы, күзет ұйымының қызметкерлері және өзге де адамдар кіре алады.
Toggle Dropdown
5. Пациенттердің бөлімше мен серуендеу ауласының аумағынан шығуы медициналық персонал мен күзет ұйымы қызметкерінің алып жүруімен емдеу-диагностикалық және оңалту еңбек іс-шараларын жүргізу үшін ғана жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
6. ПД МКК ұйымында әйелдер ерлерден бөлек орналастырылады.
Toggle Dropdown
7. Бөлімшеде бақылаудың мынадай түрлері көзделеді:
Toggle Dropdown
1) жалпы бақылау режимі – бөлімшеде қозғалысты шектемей тәулік бойы бақылау. Пациенттер үшін жалпы бақылау режимі:
Toggle Dropdown
өзіне және айналасындағы адамдарға қауіптің болмауы;
Toggle Dropdown
бөгде адамның көмегінсіз жеке гигиенаны сақтау қабілеті;
Toggle Dropdown
күн тәртібін сақтамауда көрінетін мінез-құлық бұзушылықтарының болмауы, бөлімшенің персоналы мен пациенттеріне дұрыс емес қатынасы;
Toggle Dropdown
2) бақылаудың күшейтілген режимі – тәулік бойы бақылау және бөлімшеден тыс қозғалысты шектеу. Күшейтілген бақылау режимі пациенттер үшін:
Toggle Dropdown
өзіне және айналасындағыларға қауіп төндірмейтін ПМБ көріністерінің болуы;
Toggle Dropdown
бөгде адамның көмегінсіз жеке гигиенаны сақтау қабілеті;
Toggle Dropdown
күн тәртібін сақтамауда көрінетін, бөлімшенің персоналы мен пациенттеріне қатысты емес, бірақ режимді бұзушылар үшін арнайы палатаға орналастыруды талап етпейтін мінез-құлық бұзушылықтарының болуы;
Toggle Dropdown
3) бақылаудың қатаң режимі – бақылау палатасында тәулік бойы үздіксіз байқау, бөлімшеде және одан тыс жерлерде медицина персоналы мен күзет ұйымы қызметкерінің тұрақты алып жүруі. Науқастар үшін қатаң режим:
Toggle Dropdown
өзіне және айналасындағыларға тікелей қауіп;
Toggle Dropdown
тиісті күтім болмаған жағдайда (дәрменсіздік) өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыра алмау);
Toggle Dropdown
4) режимді бұзушылар үшін арнайы палатада болу режимі – тәуліктік үздіксіз бақылау, күзет қызметкерінің бөлімшеде және одан тыс жерлерде тұрақты алып жүруі. Арнайы палатада болу режимі ішкі тәртіп қағидаларын бұзса немесе емделуден жалтарса, егер оның іс-әрекеті айналасындағылардың немесе оның жеке басының өмірі мен денсаулығына қатер төндірсе, пациенттер үшін белгіленеді.
Toggle Dropdown
Режимді бұзушылар үшін арнайы палатаға орналастыру Кодекстің 173-бабының 6-тармағына сәйкес жүргізіледі.
Toggle Dropdown
8. Соттың шешімі бойынша мәжбүрлеп емдеудегі адамдар үшін ішінара емдеуге жатқызу, емдеу демалыстарының режимдері қолданылмайды.
Toggle Dropdown
9. Пациенттер келіп түскен кезде бөлімшенің ішкі тәртіп қағидаларымен және осы бөлімшеде болу тәртібін регламенттейтін өзге де құжаттармен танысады.
Toggle Dropdown
10. Бөлімшеде болған кезеңде қатаң бақылау режиміндегі және режимді бұзушылар үшін арнайы палатадағы пациенттерді қоспағанда, пациенттер:
Toggle Dropdown
1) хат-хабар жүргізеді, сәлемдемелерді, бандерольдерді, ақшалай, пошталық аударымдарды алады және жібереді, мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуды ресімдейді;
Toggle Dropdown
2) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасады;
Toggle Dropdown
3) дербес шоттағы қаражат есебінен бөлімшеде сақтауға және пайдалануға тыйым салынбаған Тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды, сондай-ақ басқа да заттарды (үстел ойындары, музыкалық аспаптар, гигиена құралдары және басқалар) сатып алады;
Toggle Dropdown
4) осы Қағидалардың 12-тармағында белгіленген тәртіппен жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен) кездеседі;
Toggle Dropdown
5) күн тәртібіне сәйкес медицина қызметкері мен күзет ұйымы қызметкерінің ілесіп жүруімен күнделікті серуен жасауға міндетті.
Toggle Dropdown
11. Бөлімше пациенттері:
Toggle Dropdown
1) ішкі тәртіп ережелерін сақтайды;
Toggle Dropdown
2) мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын ПД МКК ұйымының әкімшілігі мен медициналық персоналының заңды талаптарын орындайды;
Toggle Dropdown
3) тағайындалған емді қабылдайды;
Toggle Dropdown
4) медициналық ұсынымдарды ескере отырып, мәдени-бос уақыт, спорттық (соматикалық денсаулық жағдайы бойынша) іс-шараларға, қоғамдық пайдалы еңбекке қатысады;
Toggle Dropdown
5) бөлімшенің мүлкіне ұқыпты қарайды;
Toggle Dropdown
6) бөлімшеде тазалық пен тәртіпті сақтайды, сондай-ақ оның аумағында аптасына екі сағаттан артық емес тазалауды жүзеге асырады;
Toggle Dropdown
7) жеке гигиенаны сақтайды.
Toggle Dropdown
12. Жақын туыстарымен, жұбайымен (зайыбымен) кездесу жұмыс күндері осы үшін арнайы бөлінген бөлімшенің үй-жайында, ПД МКК әкімшілігі айқындаған емдеу рәсімдерін қабылдау, тамақтану және тыныш сағат уақытын қоспағанда, сағат 08.00-ден 17.00-ге дейін ұсынылады.
Toggle Dropdown
13. Пациенттерге арналған сәлемдемелер науқастың тегі мен аты, берілу күні мен уақыты көрсетіле отырып, буып-түю ыдысында беріледі. Сәлемдемелерді қабылдау орындарында және бөлімшелерде рұқсат етілген тағамдардың (олардың санын көрсете отырып) және пайдалануға дайын тамақ өнімдерінің тізімдері орналастырылады.
Toggle Dropdown
14. Тыйым салынған тағамдар мен пайдалануға дайын тамақ өнімдерінің тізбесін бөлімшенің ерекшелігіне, пациенттердің диеталық тамақтану нормаларына сүйене отырып, өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға сәйкес ПД МКК ұйымының бірінші басшысы бекітеді.
Toggle Dropdown
15. Медицина персоналы пациенттердің жеке заттарының арасында болуға тыйым салынған заттарды, өнімдерді, заттарды беруге жол бермеуді түсіндіреді.
Toggle Dropdown
16. Пациенттер ішкі тәртіп қағидаларын бұзған, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған және (немесе) материалдық залал келтірген кезде ПД МКК ұйымының әкімшілігі:
Toggle Dropdown
1) пациент бөлімшеден өз бетінше кеткен кезде ішкі істер органдарын, пациенттің жақын туыстарын, жұбайын (зайыбын) (бар болса) хабардар етеді.
Toggle Dropdown
Пациентті мәжбүрлеп емдеуге жеткізуді сот қаулысының негізінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының қызметкерлері жүзеге асырады.
Toggle Dropdown
ПД МКК-да пациенттің өз бетінше болмау кезеңі емдеу мерзіміне есептелмейді;
Toggle Dropdown
2) пациент құқық бұзушылықтар жасаған және (немесе) мәжбүрлеп емдеу кезеңінде материалдық залал келтіруі кезінде ішкі істер органдарына мәлімдейді;
Toggle Dropdown
3) бөлімшеде сақтауға және пайдалануға тыйым салынған заттарды, олар сәлемдемелерде (сауқаттар) және (немесе) пациенттердің жеке заттары арасында табылған кезде алып қояды, ол туралы акт жасалады. Заттардың сипатына байланысты оларды пациент шығарылғанға дейін сақтайды немесе туыстарына береді немесе құқық қорғау органдарына мәлімдейді;
Toggle Dropdown
4) психомоторлы қозу және өзіне және айналасындағыларға қауіптіліктің жоғары ықтималдығы кезінде Кодекстің 175-бабының 2-тармағында регламенттелген талаптарды сақтай отырып, қысым көрсету шараларын қолданады.
Toggle Dropdown
17. Бөлімшенің күзетін ұйымдастыру ПД МКК ұйымының әкімшілігіне жүктеледі және Қазақстан Республикасының күзет қызметі саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
18. Күзет қызметтерін «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес күзет қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар ұсынады.
Toggle Dropdown
3-тарау. Пациентті мамандандырылған бөлімшеден шығару тәртібі
Toggle Dropdown
19. Пациент мәжбүрлеп емдеуді тоқтатады және кодекстің 174-бабының 1-тармағына сәйкес ПЗ КҚПБ бөлімшесінен шығарылады.
Toggle Dropdown
20. Пациент емделуден жалтарған жағдайда болу мерзімі медициналық қорытындыға негізделген ПД МКК ұйымы әкімшілігінің өтініші негізінде сот шешімі бойынша, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін. Бұл ретте ПД МКК ұйымында болу уақыты екі жылдан аспайды.
Toggle Dropdown
21. Бөлімшеден босатылатын пациенттер туралы ПД МКК ұйымының әкімшілігі тұрмыстық және еңбекке орналасуға жәрдем көрсету үшін пациенттің тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органға және бақылауды қамтамасыз ету үшін тұрғылықты жері бойынша денсаулық сақтау ұйымына хабарлайды.
Toggle Dropdown
22. Бөлімшеден шығарылған адамға алып қойылған және ұйымның сақтау камерасында сақталатын құжаттар, ақша мен заттар қайтарылады.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 8 желтоқсаны
№ ҚР ДСМ-237/2020
Бұйрыққа 2-қосымша
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылды деп танылатын кейбір бұйрықтарының тізбесі
Toggle Dropdown
1. «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ереже мен Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы ішкі тәртіп қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 383 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7048 болып тіркелген, 2011 жылғы 4 тамызда № 111 (2101) «Заң газеті» газетінде жарияланған).
Toggle Dropdown
2. «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ереже мен Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы ішкі тәртіп қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 383 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 3 қарашадағы № 770 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7316 болып тіркелген, 2012 жылғы 15 мамырда № 68 (2250) «Заң газеті» газетінде жарияланған).
Toggle Dropdown
3. «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ереже мен Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы ішкі тәртіп қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 383 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 17 ақпандағы № 88 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7456 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 мамырда № 72 (2254) «Заң газеті» газетінде жарияланған).