• Мое избранное

Отправить по почте

3

Мейіргерлік күтім көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 қарашадағы № ҚР ДСМ-199/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 25 қарашада № 21674 болып тіркелді

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 127-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Мейіргерлік күтім көрсету қағидалары бекітілсін.
1) «Паллиативтік көмекті және мейірбике күтімін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 168 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10803 болып тіркелген, 2015 жылғы 15 мамырда «Әділет» акпараттық- құқықтық жүйесінде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № ҚР ДСМ-62 бұйрығымен бекітілген, өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің кейбір бұйрықтар тізбесінің 1-тармағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18637 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 23 қарашасы
№ ҚР ДСМ-199/2020
Бұйрыққа қосымша
1. Осы Мейіргерлік күтім көрсету қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі (бұдан әрі - Кодекс) 127-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мейіргерлік күтім көрсету тәртібін айқындайды.
1) дәрігерге дейінгі медициналық көмек - орта медицина қызметкерлері дербес немесе денсаулықты насихаттауды, пациенттің жай-күйін бағалауды, дәрігерге дейін диагноз қоюды, дәрігерге дейінгі араласу жоспарын тағайындауды, дәрігерге дейінгі манипуляциялар мен емшараларды орындауды және науқастарға, мүгедектер мен хал үстіндегі адамдарға күтімді қамтитын мультипәндік команда құрамында көрсететін медициналық көмек;
2) денсаулық сақтау ұйымы - денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
3) Емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі – Портал) – пациенттерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуға жолдамаларды электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеу мен сақтаудың бірыңғай жүйесі;
4) кеңейтілген практика мейіргері – мейіргер ісі саласында орта білімнен кейінгі немесе жоғары білімі бар, мейіргерлік күтім шеңберінде кеңейтілген функцияларды жүзеге асыратын маман;
5) мамандандырылған медициналық көмек - диагностиканың, емдеудің, медициналық оңалтудың арнайы әдістерін талап ететін аурулар кезінде, оның ішінде қашықтықтан медициналық көрсетілетін қызметтер құралдарын пайдалана отырып, бейінді мамандар көрсететін медициналық көмек;
6) медициналық қызметтер - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және паллиативтік бағыты бар іс-қимылы;
7) медициналық ұйым - негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
8) мейіргерлік бағалау – мейіргердің пациенттің физиологиялық, психологиялық, социологиялық және рухани жай-күйі туралы ақпарат жинауы;
9) мейіргерлік диагноз - мейіргерлік күтімнің бөлігі және пациенттің ауруының клиникалық белгілерін денсаулығына байланысты нақты және ықтимал проблемаларын сипаттайтын мейіргердің клиникалық пікірі;
10) мейіргерлік араласу – пациенттердің денсаулығы мен жайлылығын жақсарту үшін мейіргердің іс- әрекеттері;
11) мейіргерлік күтімнің нәтижелері – мейіргерлік күтімнің сапасын түпкілікті бағалау;
12) мейіргерлік құжаттама – мейіргерлердің немесе кеңейтілген практика мейіргерінің басшылығымен күтімді жүзеге асыратын басқа да адамдардың пациенттерге ұсынған мейіргерлік күтім туралы жазба және (немесе) есеп;
13) мейіргерлік күтім - денсаулықты насихаттауды, аурулардың профилактикасын және науқастардың, мүгедектер мен хал үстіндегі адамдардың күтімін қамтитын, барлық жастағы, топтар мен қоғамдастықтардың адамдарына, науқастарға немесе сау адамдарға мейіргерлер және кеңейтілген практиканың мейіргерлері көрсететін медициналық қызметтер кешені;
14) мейіргер - мейіргер ісі саласында техникалық және кәсіптік медициналық білімі бар, мейіргерлік күтімді дербес немесе кеңейтілген практика мейіргерінің немесе дәрігердің супервизиясымен жүзеге асыратын маман;
15) пациент - медициналық көмек көрсетуді қажет ететін ауруының немесе жай-күйінің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға.
3. Мейіргерлік күтімді амбулаториялық, стационарды алмастыратын, стационарлық жағдайларда, сондай-ақ үйде «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес ересектерге және (немесе) балаларға амбулаториялық-емханалық және (немесе) стационарды алмастыратын көмек, стационарлық көмек көрсетуге медициналық қызметке лицензиясы бар медициналық ұйымдар көрсетеді.
4. Пациентке мейіргерлік күтімді Кодекстің 27-бабына сәйкес «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты бар медицина қызметкерлері ұсынады.
5. Мейіргерлік күтім осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі – ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру, сондай-ақ ерікті медициналық сақтандыру жүйесінде ақылы негізде көрсетіледі.
6. Мейіргерлік күтім аудандық, қалалық, облыстық деңгейлерде, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда және астанада оны көрсетудің барлық кезеңдерінде сабақтастық және үздіксіз бақылау қағидаттарын сақтай отырып көрсетіледі.
7. Мейіргерлік күтім: дәрігердің қабылдауында, күндізгі немесе тәулік бойы стационарда, медицина қызметкерін, мобильді бригаданы шақыру кезінде, медицина қызметкерлерінің белсенді патронажы, үйде емдеуді ұйымдастыру кезінде және пациентке қатысты оның уақтылы тамақтануын, дәрі қабылдауды, толыққанды ұйқыны және өмір мен емдеу үшін басқа да аса маңызды функцияларды қамтамасыз ету мақсатында орындалатын іс-шараларды, сондай-ақ денсаулықты насихаттауды, аурулардың профилактикасын қамтиды.
8. Мейіргерлік күтім Кодекстің 127-бабының 2-тармағына сәйкес тәулік бойы дәрігерлік байқауды қажет етпейтін жағдайларда, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерінде (бөлімдерде, палаталарда, төсектерде, кабинеттерде), дербес мамандандырылған медициналық ұйымдарда (мейіргерлік күтім ауруханаларында (бұдан әрі – МКА)) стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде, оның ішінде мобильдік бригадаларды пайдалана отырып жүзеге асырылады.
9. Пациентті мейіргерлік күтім көрсететін ұйымдарға емдеуге жатқызу ТМККК шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек (бұдан әрі – МСАК) маманының немесе медициналық ұйымның бейінді маманының жолдамасы бойынша Портал арқылы пациентті немесе оның заңды өкілін стационарға жатқызудың мерзімі туралы хабардар ете отырып, жоспарлы тәртіппен жүзеге асырылады.
10. Пациентті мейіргерлік күтім көрсететін медициналық ұйымдарға емдеуге жатқызу медициналық көмек көрсетудің жоспарлы және (немесе) шұғыл нысанында жүзеге асырылады.
11. Стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмекті және тұрақты дәрігерлік бақылауды талап ететін пациенттер МКА-ға емдеуге жатқызылмайды.
2) учаскелік дәрігердің, жалпы практика дәрігерінің немесе аудандық, қалалық емхана немесе мамандандырылған медициналық ұйым маманының жолдамасының болуы көзделеді.
13. Пациентті МКА мейіргерінің қарап-тексеруі оның денсаулық жағдайын, емдеуге жатқызу мерзімдерін айқындау және МКА-ға емдеуге жатқызуға қарсы көрсетілімдерді анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
14. Науқасты МКА-да емдеген кезде пациент туралы мәліметтер Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша Науқастарды қабылдауды және емдеуге жатқызудан бас тартуды есепке алу журналына және медициналық картаға тіркеледі, сондай-ақ МКА Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысандар бойынша есепке алуды жүргізеді және өз жұмысы туралы есеп береді.
15. Мейіргерлік күтім түрінде стационар жағдайында көмек алған пациентті ауруханадан шығарған кезде Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша статистикалық карта толтырылады.
16. Науқастың медициналық картасынан алынған қажетті ұсынымдары бар үзінді көшірме пациенттің қолына немесе оның заңды өкіліне қол қойғызып беріледі және бекітілген жеріндегі МСАК медицина ұйымына беріледі.
17. Мейіргер пациенттің биологиялық өлімін уақтылы тіркейді.
18. Пациент қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде мейіргерлік көмекті жүзеге асыратын мейіргер отбасына ығыр қылмайтын әдепті нысанда психологиялық көмек көрсетеді, қажет болған жағдайда, психологтың консультациясы тағайындалады.
19. МКА орта медицина персоналы мейіргерлік күтім көрсеткен кезде мыналарды:
1) пациент денсаулығының жай-күйін тәулік бойы бақылауды және асқынулардың профилактикасына бағытталған іс-шаралар жүргізуді;
2) оларға күнделікті қарап-тексерулерді жүргізуді қоса алғанда, пациенттерге медициналық күтім жасауды;
5) медициналық ем-шараларды (дене қызуын, артериялық қысымды өлшеу, компрессорларды салу, таңуды жүзеге асыру, жауыр жараларды тазалау, тазарту клизмаларын орындау және басқалар);
6) пациенттердің денсаулық жай-күйі нашарлаған кезде медициналық-санитариялық алғашқы көмекті;
7) емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша симптоматикалық терапия кешенін;
8) пациенттерге санитариялық-гигиеналық көмекті (сүрту, жуу, гигиеналық ванна, тырнақтарын алу, шашын тарау, іш киім мен төсек жаймаларын ауыстыру және басқалар);
9) МКА мейіргері тағайындаған медициналық-әлеуметтік көмек көрсету, оның ішінде «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 8-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес қорғаншылық және қамқоршылық органдарына әлеуметтік оңалтуды қажет ететін кәмелетке толмағандарды асырап алуға, қамқоршылыққа алуға, бала асырап алатын отбасыға орналастыруға жәрдемдесу бойынша іс-шараларды орындауды жүзеге асырады.
20. Амбулаториялық жағдайларда мейіргерлік күтім амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жұмыс істеу кезеңінде жұмыс күндері үйде жүзеге асырылады.
21. Үйдегі мейіргерлік күтім емдеуге жатқызуды қажет етпейтін, бірақ денсаулығының жай-күйі мейіргерлік күтімді қажет ететін пациенттерге көрсетіледі.
22. Мейіргерлік күтімге мұқтаж пациенттердің тізімін МСАК ұйымдарымен медициналық ақпараттық жүйелер арқылы қалыптастырады.
23. Мейіргер Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысандар бойынша пациенттің жай-күйін бағалауды, мейіргерлік күтім жоспарын жасауды және орындауды, дәрігер жасаған тағайындауларды орындауды, анықталған проблемаларға сәйкес күтім жасау жоспарын бейімдеуді және іске асыруды, пациенттерді, отбасыларды, күтімді жүзеге асыратын адамдарды оқытуды, бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.
Кеңейтілген практика мейіргерлері Кодекстің 127-бабының 5-тармағына сәйкес клиникалық хаттамаларға және клиникалық мейіргерлік нұсқауларға сәйкес пациенттің (клиенттің) жай-күйін мейіргерлік бағалауды, мейіргерлік диагноз қоюды, мейіргерлік араласу жоспарын тағайындауды және тиімділік мониторингін қамтитын тәуелсіз кәсіптік мейіргерлік күтімді жүзеге асырады.
24. Мейіргерлік күтім көрсету кезінде емдеуші дәрігердің тағайындауы бойынша (көрсетілімдер болған кезде) ауырсынуға қарсы терапия жүргізу және оның тиімділігін айқындау клиникалық хаттамаларға және Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша ауырсынуды бағалауға сәйкес жүзеге асырылады.   

Қызметтердің коды

Қызметтер


 


 

Орта медицина персоналы көрсететін қызметтер

1.

D93.891.019

Науқас балаға күтім жасауды үйрету

2.

D93.891.022

Қатты сырқат пациенттің шашын, тырнақтарын күту, қырындыру

3.

D93.891.023

Қатты сырқат пациенттің ауыз қуысына күтім жасау

4.

D93.891.024

Ауыз-жұтқыншақтан сілемейлерді сорып алу

5.

D93.891.025

Оростомалар, эзофагостомалар кезіндегі құрал

6.

D93.891.026

Трахеостома кезіндегі құрал

7.

D93.891.027

Назогастральды сүңгіге, мұрын канюлялалары және катетерлеріне күтім жасау

8.

D93.891.028

Жоғары тыныс жолдарынан сілемейлерін сору

9.

D93.891.029

Мұрыннан сілемейлер сору

10.

D93.891.030

Фарингостома кезіндегі құрал

11.

D93.891.031

Интраназальды дәрілік препараттарды енгізу

12.

D93.891.032

Гастростома кезіндегі құрал

13.

D93.891.033

Назогастральды сүңгіге күтім жасау

14.

D93.891.034

Гастростома арқылы қатты сырқат пациентті тамақтандыру

15.

D93.891.035

Илеостома кезіндегі құрал

16.

D93.891.036

Интестинальды сүңгіге күтім жасау

17.

D93.891.037

Интестинальды сүңгі арқылы қатты сырқат пациентті тамақтандыру

18.

D93.891.038

Илеостомаға күтім жасауды үйрету

19.

D93.891.039

Жуан ішек стомалары кезіндегі құрал

20.

D93.891.040

Колостомоға күтім жасауды үйрету

21.

D93.891.041

Қатты сырқат пациентті дефекациялау кезіндегі құрал

22.

D93.891.042

Тазалау клизмасын қою

23.

D93.891.043

Газ шығару түтікшесін қою

24.

D93.891.044

Ккопролитті алып тастау

25.

D93.891.045

Нәжіс ұстамау кезіндегі құрал

26.

D93.891.046

Сифонды клизма қою

27.

D93.891.047

Қынапты ұстап тұратын сақинаны (пессария) енгізу, алу

28.

D93.891.048

Сыртқы есту өтісіне күтім жасау

29.

D93.891.049

Қатты сырқат пациенттің көздеріне күтім жасау

30.

D93.891.050

Конъюнктивтік қуысқа дәрілік заттарды инстилляциялау

31.

D93.891.051

Қатты сырқат пациенттің несеп шығаруы кезіндегі құрал

32.

D93.891.052

Несеп катетеріне күтім жасау

33.

D93.891.053

Цистостомоға және уростомоға күтім жасау

34.

D93.891.054

Несеп ұстамау кезіндегі құрал

35.

D93.891.055

Төсектегі қатты сырқат пациентті жатқызу және/немесе орналастыру

36.

D93.891.057

Қатты сырқат пациенттің ауыз және/немесе назогастральды сүңгі арқылы тамақтандыру

37.

D93.891.058

Қатты сырқат пациенттің төсек жаймасын ауыстыруға дайындау

38.

D93.891.059

Қатты сырқат пациенттің киімін және іш кимін ауыстыру бойынша құрал

39.

D93.891.060

Қатты сырқат пациенттің сыртқы жыныс және бұтаралық ағзаларына күтім жасау

40.

D93.891.061

Дренажға күтім жасау

41.

D93.891.062

Дәрілік препараттарды парентеральды енгізу кезіндегі құрал

42.

D93.891.063

Жауыржараның даму қаупінің дәрежесін бағалау

43.

D93.891.064

Жауыржараның ауырлық дәрежесін бағалау

44.

D93.891.065

Ауырсынудың қарқындылығын бағалау

45.

D93.891.066

Пациенттің отбасы мүшелерін төсекке жатқызу және орнын ауыстыру техникасына үйрету

46.

D93.891.067

Пациентті төсекке және/немесе креслоға өз көмегімен орналасуға үйрету

47.

D93.891.068

Пациентті балдақпен жүруге үйрету

48.

D93.891.069

Пациентті қосымша тіректің көмегімен жүруге үйрету

49.

D93.891.021

Тері қабықтарының тұтастығы бұзылғанда таңулар салу


 

Код

Психологтың қызметтері

50.

А02.005.000

Консультациялық қабылдау: Психолог (психологиялық мәртебесін бағалау, психотерапиялық/психологиялық интервенциялар, психологиялық қолдау көрсету)


 


 

Әлеуметтік қызметкердің қызметтері

51.

A01.007.000

Орта білімі бар әлеуметтік қызметкердің консультациясы (қабылдау)

52.

A01.007.001

Медициналық-әлеуметтік зерттеп-қарауды ұйымдастыруды өткізу: орта білімі бар әлеуметтік қызметкер

53.

A01.007.002

Үй жағдайларында жүргізілетін медициналық күтімнің негіздеріне пациенттің отбасы мүшелерін үйрету: Орта білімі бар әлеуметтік қызметкер