Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 21824 болып тіркелді
Редакция 06.09.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 100) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығына
қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидалары
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 100) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі – Кодекс) әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектісінің (бұдан әрі – денсаулық сақтау субъектісі) жұмыскерлерін көтермелеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдар мен жарналарды жинақтауды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) мультипәндік топ – пациент ағзасының функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына қарай қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;
4) медициналық көрсетілетін қызметтер – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылдары;
5) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі - МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету бойынша құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
6) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің қатысушылары арасындағы қарым-қатынасты реттейтін мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;
7) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен берілетін медициналық көмектің көлемі.
3. Денсаулық сақтау субъектісінің жұмыскерлерін көтермелеу: осы Қағидалардың 2-тарауына сәйкес сараланған қосымша ақы түрінде бюджет және бюджеттен тыс қаражаттың қалыптасқан үнемделуі есебінен (бұдан әрі-қаражатты үнемдеу);
ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық – санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінде (бұдан әрі – МСАК субъектісі) қызмет нәтижелерінің ынталандырушы компонентінің (бұдан әрі – ЫК) қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
4. Денсаулық сақтау субъектісінің жұмыскерлерін көтермелеу лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, жұмысты, оның ішінде айрықша күрделі және шұғыл жұмыстарды өте сапалы орындағаны үшін, бастама жасағаны, шығармашылық белсенділігі және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін жүргізіледі.
5. Денсаулық сақтау субъектісінің жұмыскерлерін көтермелеу олардың қызметтерін бағалаудың нәтижелері бойынша:
1) медицина жұмыскерлеріне – осы Қағидалардың 2 және 3-тарауларына сәйкес денсаулық сақтау субъектісі қызметінің нәтижелерін бағалау бойынша тұрақты комиссия (бұдан әрі – комиссия);
2) медициналық емес білімі бар жұмыскерлерге (бұдан әрі – медициналық емес жұмыскерлер) – көтермелеу тәртібі осы Қағидалардың 3-тарауында айқындалған Медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің әлеуметтік жұмыскерлері мен психологтарын қоспағанда, денсаулық сақтау субъектісінің басшысы осы Қағидалардың 2-тарауына ұқсас айқындайды.
Медициналық емес жұмыскерлерді көтермелеу туралы ұсынымды денсаулық сақтау субъектісінің басшысы айқындаған, қарамағындағы жұмыскерлердің лауазымдық міндеттерін орындау үшін жауапты адамдар және (немесе) денсаулық сақтау субъектісінің басшысы қалыптастырады.
6. ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу мәселелерін қарау үшін комиссия құрылады, оның мүшелерінің жалпы саны тақ санды және кемінде бес адамды құрайды. Денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу мәселелерін қараған кезде комиссия мүшелерінің жалпы саны оның құрамының кемінде үштен екісін құрауы тиіс.
Мыналар комиссияның мүшелері болып табылады:
отырыста комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы денсаулық сақтау субъектісі басшысының орынбасарлары немесе бөлімше меңгерушілері қатарынан сайланатын төраға;
комиссия мүшелерінің ашық дауыс беруі арқылы сайланатын комиссия төрағасының орынбасары;
денсаулық сақтау субъектісінің басшысы айқындаған құрылымдық бөлімшелердің басшылары;
кәсіподақ комитетінің өкілдері және денсаулық сақтау субъектісі жұмыскерлерінің жаппай дауыс беруі арқылы сайланатын денсаулық сақтау субъектісінің басқа да жұмыскерлері.
7. Комиссияның денсаулық сақтау субъектісінің жұмыскерлеріне көтермелеу төлеу туралы шешімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес отырыстың Хаттамасын толтыра отырып, ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Егер комиссия отырысына қатысып отырған комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, комиссия шешімі қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда, комиссия төрағасының орынбасары дауыс берген комиссия мүшелерінің шешімі қабылданды деп есептеледі. Комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда комиссияның мүшесі жазбаша түрде баяндалған комиссия отырысының хаттамасына қоса берілетін ерекше пікірін қоса береді.
8. Денсаулық сақтау субъектісінің жұмыскерлерін есепті кезеңде көтермелеу негізгі жалақыны төлеу кезінде есепті кезеңнен кейінгі айда жүргізіледі.
2-тарау. Қаражатты үнемдеудің есебінен сараланған қосымша ақы түрінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық жұмыскерлерін көтермелеу тәртібі
9. Денсаулық сақтау субъектісінің жұмыскерлерін көтермелеу осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес бекітілген денсаулық сақтау субъектісінің медицина жұмыскерлерінің қызметін бағалау өлшемшарттарының негізінде сараланған қосымша ақы түрінде қаражатты үнемдеу есебінен олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
10. Медицина жұмыскерлеріне сараланған қосымша ақы төлеу туралы шешімді Комиссия осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көтермелеу туралы ұсынымның негізінде есепті кезеңнен кейінгі айда қабылдайды.
11. Көтермелеу туралы ұсынымды денсаулық сақтау субъектісінің басшысы айқындаған тұлғалар медицина жұмыскерлері көрсететін қызметтердің көлеміне қол жеткізуді және сапасын арттыруды үйлестіруді жүзеге асыру үшін есепті кезеңнен кейінгі айда комиссияның қарауына енгізеді.
12. Денсаулық сақтау субъектісінің басшысына сараланған қосымша ақы төлеу медицина жұмыскерлерінің (дәрігерлік персоналдың) кемінде 50% қамтыған жағдайда медицина жұмыскерлерінің (дәрігерлік персоналдың) сараланған қосымша ақысының орташа сомасынан 150%-дан аспайтын мөлшерде айқындалады.
13. Денсаулық сақтау субъектісінің медицина жұмыскеріне есептік кезеңде:
1) қарастырылып отырған кезеңде осы жұмыскерден тәртіптік жаза алынбаса, бірақ оны қолдану сәтінен бастап екі айдан артық болмаса;
2) тиісті денсаулық сақтау субъектісінде кемінде бір ай жұмыс істесе;
3) сынақ мерзімі кезеңінде;
4) жыл сайынғы төленетін еңбек демаласын қоспағанда, Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес ай сайынғы есептік кезең мерзімінде демалыста күнтізбелік 14 күннен артық болған кезде;
5) күнтізбелік 14 күннен артық уақытша еңбекке жарамсыздығы кезінде;