Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21853 болып тіркелді
ID документа скопирован в буфер обмена
Бұйрық № ҚР ДСМ-293/2020 от 2020-12-21г./Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін бекіту туралы
Языки документа
Уважаемые пользователи, процесс скачивания данного документа займет несколько минут.
Редакция 20.06.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 104-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығына 1-қосымша
Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 104-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленді және:
1) инфекциялық және паразиттік аурулардың Қазақстан Республикасының аумағына әкеліну және (немесе) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралу қаупі төнген жағдайда;
2) инфекциялық және паразиттік аурулардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) таралу қаупі төнген жағдайда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (көліктегі) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың ведомстволық объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен енгізіледі (күші жойылады).
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің қаулысы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға (таратылуға) және міндетті түрде орындалуға жатады.
3. Орталық атқарушы органдар мен әскери-медициналық (медициналық), сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық бөлімшелері бар өзге де орталық мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде Кодекстің 11-бабының 1-тармағының 9) тармақшасына сәйкес халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлімшесін бір мезгілде хабардар ете отырып, әскерлердің, бөлімшелер мен ведомстволық ұйымдардың аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді белгілейді (оның күшін жояды).
4. Кодекстің 104-бабының 5-тармағымен бекітілген Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесінде (бұдан әрі – Тізбе) көзделген инфекциялық аурулардың әкеліну және таралу қаупі төнген жағдайда:
1) инфекциялық және паразиттік аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған;
2) кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шараларды қамтитын шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізіледі.
5. Инфекциялық және паразиттік аурулардың Қазақстан Республикасының аумағына әкеліну және (немесе) Қазақстан Республикасының барлық аумағында таралу қаупі төнген жағдайда Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде немесе Қазақстан Республикасының барлық аумағында кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың өмірінің ерекше жағдайларымен шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді.
6. Инфекциялық және паразиттік аурулардың тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) таралу қаупі төнген жағдайда бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде (жекелеген объектілерде) кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың өмірінің ерекше жағдайларымен шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин енгізеді.
2-тарау. Инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібі
7. Шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібі және пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейді.
8. Инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин Кодекстің 104-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің тиісті қаулысы қабылданған сәттен бастап, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың ведомстволық объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен 24 (жиырма төрт) сағат ішінде енгізіледі.
9. Шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин уәкілетті орган белгілейтін Қазақстан Республикасының аумағына шетелден инфекциялық аурулардың әкеліну және (немесе) инфекциялық аурулар жағдайларының пайда болу тәуекелдерін айқындау өлшемшарттарына сәйкес аумақтық ерекшеліктерге, жұқпалылыққа, берілу жолдарына, өлім-жітімге және инфекциялық аурулардың таралуының басқа да эпидемиялық маңызды факторларына байланысты енгізіледі.
10. Тізбеде көзделген инфекциялық аурулардың шетелден әкеліну, Қазақстан Республикасының аумағында пайда болу және таралу қаупі төнген жағдайда инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин:
1) республика, екі және одан көп өңірлер бойынша – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының қаулысымен;
2) өңірлер (облыс, республикалық маңызы бар қала және астана) бойынша – тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (көліктегі) Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе оның орынбасарларының қаулысымен;
3) ведомстволық объектілерде инфекциялық аурулар тіркелген кезде –мемлекеттік органның халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын ведомстволарының немесе құрылымдық бөлімшелерінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің және оның орынбасарының, олардың басшысының және маманының қаулысымен енгізіледі.
11. Инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин:
1) шетелден Қазақстан Республикасының аумағына кіруді (Қазақстан Республикасының аумағынан шығуды) және жекелеген өңірлерде (облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада) көлік (әуе, теміржол, автомобиль) құралдарымен қозғалысты шектеуді;
2) кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет объектілерінің қызметін шектеуді;
3) бейбіт жиналыстарды, ойын-сауық, спорттық, діни және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ бала тууға, үйлену тойына, қазаға байланысты отбасылық ғұрыптарды ұйымдастыруды және өткізуді шектеуді;
4) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімдерді өндіруді, әкелуді, әкетуді, қолдануды және өткізуді шектеуді;
5) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде жанаспайтын термометрия, зертханалық зерттеп-қарау және қажет болған жағдайда инфекциялық аурулар бойынша қолайсыз елдерден келген адамдарға оқшаулау жүргізуді;
6) инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарды зертханалық зерттеп-қарауға, оқшаулауға және емдеуге жатқызуға (немесе үйде оқшаулауға), медициналық бақылауға, емдеуге жіберуді;
7) инфекциялық аурулардың ықтимал тарату көздері болып табылатын адамдарды, инфекциялық науқастармен байланыста болған адамдарды, сондай-ақ инфекциялық ауруға күдікті адамдарды зертханалық және медициналық зерттеп-қарауға және оқшаулауға жіберуді;
8) инфекциялық аурулардың жеке және ұжымдық профилактикасы шараларын қолдануды;
9) үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау жүргізуді қамтиды.
12. Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезде Кодекстің 104-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тиісті аумақтарда осы Қағидаларға 10-тармақта көзделген адамдар инфекциялық аурулардың таралуын болдырмауға бағытталған шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің күшін жояды.
3-тарау. Кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың өмірінің ерекше режимін көздейтін шектеу іс-шараларын жүзеге асыру тәртібі
13. Кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің және халықтың өмірінің ерекше режимін көздейтін шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру тәртібін объектілердің эпидемиялық маңыздылығын, инкубациялық кезеңнің мерзімін, эпидемиологиялық ахуалдың сырқаттанушылық серпінін және санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың тиімділігін ескере отырып, осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген адамдар белгілейді.
14. Кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин Кодекстің 104-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің (көліктегі) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің тиісті қаулысы қабылданған сәттен бастап, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдардың ведомстволық объектілерінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен 24 (жиырма төрт) сағат ішінде енгізіледі.
15. Тізбеде көзделген инфекциялық аурулардың шетелден әкеліну, Қазақстан Республикасының аумағында пайда болу және таралу қаупі төнген жағдайда кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин Кодекстің 104-бабында көзделген тәртіппен:
1) кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет объектілерінің қызметін;
2) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалануға және қолдануға арналған өнімді Қазақстан Республикасының аумағында өндіруді, әкелуді, әкетуді, қолдануды және өткізуді шектеуді енгізу жолымен жүзеге асырылады.
16. Эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған кезде Кодекстің 104-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде және тиісті аумақтарда осы Қағидаларға 10-тармақта көзделген адамдар кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметтің ерекше режимін көздейтін шектеу іс-шараларының, оның ішінде карантиннің күшін жояды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығына 2-қосымша
Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулардың тізбесі
№ |
Инфекциялық аурулардың атауы |
1. |
Оба |
2. |
Тырысқақ |
3. |
Сары қызба |
4. |
Вирустық геморрагиялық қызбалар |
5. |
Ауыр жіті респираторлық синдром (АЖРС) |
6. |
Вирустың жаңа кіші типі тудырған адам тұмауы |
7. |
Вирустың жаңа кіші типі тудырған коронавирустық инфекция |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-293/2020 бұйрығына 3-қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1) «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10527 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 сәуірде жарияланған);
2) «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10826 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 15 мамырда жарияланған);
3) «Денсаулық сақтаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № ҚР ДСМ-45/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20596 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 11 мамырда жарияланған).
Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена
Ссылка на документ скопирована в буфер обмена
Документ добавлен в избранное
Комментарий удален
Закладка успешно добавлена
Закладка удалена
Закладка изменена
Функция доступна только для подписчиков системы
Чтобы оставить закладку, пожалуйста
Содержание
Комментарий успешно добавлен