«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 86-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Отправить по почте
Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын, көлемі мен мерзімділігін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 21820 болып тіркелді
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексі 86-бабының 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары, көлемі мен мерзімділігі бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын сақтау департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 05.07.2022 жылғы № ҚР ДСМ- 65 Бұйрығына сәйкес (15.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары, көлемі мен кезеңділігі
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары, көлемі мен кезеңділігі (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 86-бабының 11-тармағына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексеруді жүргізу тәртібін, көлемін және кезеңділігін айқындайды.
2. Халықтың нысаналы тобы 1 айдан бастап 18 жасқа дейінгі балалар болып табылады.
3. Профилактикалық медициналық қарап-тексерулер кейіннен динамикалық бақылау және сауықтырумен меншік нысанына қарамастан, сондай-ақ жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық поездарды пайдалана отырып амбулаториялық – емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары (бұдан әрі – АЕК ұйымдары) жүзеге асырады.
4. АЕК ұйымдары:
1) халықтың медициналық ұйымға бекітілген қатарынан профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына қалыптастырады;
2) осы қарап-тексерулерді жүргізу үшін бейінді медициналық ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз етеді;
3) халықты профилактикалық медициналық қарап-тексерулерден өту қажеттігі туралы хабардар етеді;
4) мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткізу туралы деректерді медициналық ақпараттық жүйелерге (бұдан әрі – МАЖ) енгізеді;
5) өткізілетін профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге ай сайын талдау жүргізеді және есептік кезеңдегі айдың 5-күніне дейін денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ақпаратты ұсынады.
5. Қосымша зерттеп-қарауға жіберілген мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалардың профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелері бойынша орта медицина жұмыскері немесе АЕК ұйымының жауапты адамы МАЖ-ға толық зерттеп-тексеруге жолдаманы қалыптастырады, ол ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы беріледі.
2-тарау. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу тәртібі
6. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді аумақтық АЕК ұйымының мамандары білім беру ұйымдарының аумағына шығып жүргізеді.
7. Мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын мектепке дейінгі жастағы балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексерулер бекітілген жері бойынша АЕК ұйымдарында жүргізіледі.
8. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу: дайындық сатысын, профилактикалық медициналық қарап-тексеруді және қорытынды кезеңді қамтиды.
9. Дайындық кезеңі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балалардың, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарын қалыптастырудан және ақпараттық сүйемелдеуден тұрады. Дайындық сатысын АЕК ұйымының: медициналық пункттің, фельдшерлік-акушерлік пункттің, дәрігерлік амбулаторияның, аудандық, қалалық емхананың орта медицина персоналы, білім беру ұйымының (болған жағдайда), оның ішінде мектепке дейінгі ұйымның орта медицина персоналы жүзеге асырады және мыналарды қамтиды:
есепті жылдың алдындағы қыркүйек айына дейін кешіктермей алдағы профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын нысаналы топтың жыл сайынғы тізімін, одан әрі ай сайын түзетумен қалыптастыру және құру;
балалардың заңды өкілдерін профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өтудің қажеттілігі мен шарттары туралы хабардар ету;
мектепке дейінгі (мектепке дейінгі ұйымдарға баратын балалар), мектеп жасындағы балаларды, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының және жоғары оқу орындарының білім алушыларын профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткізу үшін білім беру ұйымдарының (бар болса), оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың аумағына аумақтық АЕК ұйымы мамандарының шығу кестесін жасау.
10. Профилактикалық медициналық қарап-тексеру мамандардың қарап-тексеруін және профилактикалық медициналық қарап-тексеруден өткені туралы деректерді МАЖ-ға толтыруды көздейді.
11. Профилактикалық медициналық қарап-тексеру: дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған кезеңдерді қамтиды.
Дәрігерге дейінгі кезеңді медициналық пункттің, фельдшерлік-акушерлік пункттің, дәрігерлік амбулаторияның, аудандық, қалалық емхананың, білім беру ұйымының орта медицина персоналы (болған жағдайда), оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдардың орта медицина персоналы жүргізеді және ол мыналарды қамтиды:
1) антропометриялық өлшеулер (үш жасқа дейінгі балалардың салмағы, бойы, басы мен кеудесінің көлемі) жүргізу, Кетле индексін есептеу;
2) балалардың жүйке-психикалық даму шкласы бойынша психофизикалық дамуын бағалау;
3) артериялық қысымды өлшеу (7 және одан жоғары жастағы балалар);
4) плантография жүргізу және оны бағалау (5 және одан жоғары жастағы балалар);
5) көру өткірлігін анықтау;
6) есту жітілігін зерттеу. Тыныш үй-жайда орта медицина қызметкері мен баланың арасы кемінде 5 метр болатындай қашықтықта 3 және одан үлкен жастағы балалардың екі құлағына кезек-кезек сыбырлап сөйлеу арқылы зерттеу жүргізіледі;
7) 14 және 17 жастағы балаларды қоса алғанда электрокардиографиялық зерттеу жүргізу (12 бұрылу).
8) 1 жасқа дейінгі, 2 жастағы, 5 жастағы, 14 және 17 жасты қоса алғанда балалардағы қан мен несептің жалпы талдауы.
12. Біліктілік кезеңі педиатр, терапевт дәрігер (15 жастан 17 жасқа дейінгі балалар үшін) немесе жалпы практика дәрігері жүргізеді және дәрігерге дейінгі зерттеп-қарау деректерін ескере отырып, баланың денсаулығының жай-күйін, психофизикалық, жыныстық дамуын бағалауды, қатыгездік таныту белгілерін анықтауды қамтиды.
Біліктілік кезеңі барысында:
1) жалпы қарап-тексеру;
2) тері жабындарын және бастың шаш бөлігін қарап-тексеру;
3) көзге көрінетін шырышты қабықтарды: көздің, ауыз қуысы, жұтқыншақ конъюнктивиттерін қарап-тексеру. Тістің жай-күйіне, тістүйіс жағдайына, қатты таңдайдың жағдайының биіктігіне, таңдай бадамшаларының көлемі мен түрлеріне, дыбыс функциясына (дауыстың дыбысталуына) назар аудару;
4) қалқанша без аймағын қарап-тексеру және пальпациялау;
5) кеуде қуысы мен омыртқа бағанасын, аяқ-қолды қарап-тексеру;
6) перифериялық лимфа түйіндерін: жақасты, шап, қолтықасты пальпациялау;
7) қанайналым ағзаларын зерттеу (жүректі қарап-тексеру, аускультациялау), пульстің жиілігін, толуын, ырғағын анықтау. Аускультация кезінде дыбыстардың дауыстылығы мен тазалығы байқалады. Жүрек шуылы анықталған кезде әртүрлі қалыпта (тұрып, жатып) зерттеулер және мөлшерленген дене жүктемесімен функционалдық сынамалар жүргізіледі;
8) тыныс алу ағзаларын зерттеу (өкпе аускультациясы, тыныс алу жиілігін анықтау);
9) асқорыту ағзаларын зерттеу (ішперде қуысы ағзаларын, оң қабырға асты аумағын, бауырды, эпигастральдық аумақты, көкбауырды, оң және сол мықын аймақтарын, қасаға үстілік аумақты пальпациялау). Шырышты қабықтардың жай-күйіне, тілдің, қызыл иектің, үстіңгі таңдайдың, тістердің өңезденуіне назар аударылады. Созылмалы уыттану белгілері анықталады (тері жабындарының бозғылттануы, орбиталдық көлеңкелер);
10) зертханалық зерттеп-қарау нәтижелерін бағалау;
11) жыныс ағзаларын қарап-тексеру. 10 жастан асқан қыздарды қарап-тексеру кезінде гинекологиялық анамнезге, шағымдарға, етеккір функциясының бұзылуына ерекше назар аударылады. 12 жастан асқан балаларды қарап-тексеру кезінде түктердің өсу түріне (еркек немесе әйел типі бойынша) назар аударылады. Көрсетілімдер болған кезде қыздар балалар гинекологына жіберіледі;
12) туғаннан бастап 17 жасқа дейін қоса алғанда даму тобының нұсқасын айқындай отырып, нервтік-психикалық дамуды бағалау (бұдан әрі – НПД): 1 – НПД қалыпты деңгейі; 2 – НПД – дағы елеусіз ауытқулар; 3-НПД-дағы айқын ауытқулар.
4 жастан 6 жасқа дейінгі балаларда ойлау және сөйлеу, моториканың дамуы, зейін мен есте сақтау, әлеуметтік байланыстар бағаланады.
7 жастан 8 жасқа дейінгі балаларда психоқимылдық сала мен мінез-құлық, зияткерлік даму, эмоциялық-вегетативтік сала бағаланады.
9 жастан 10 жасқа дейінгі балаларда абстрактілі-логикалық операциялардың, логикалық пайымдаулардың қалыптасуы қосымша бағаланады.
11 жастан 17 жасқа дейінгі балаларда эмоционалды-вегетативтік сала, соматикалық-вегетативтік көріністер, вегето-диэнцефалиялық көріністер анықталады.
13) пубертограммалар әдісімен жыныстық дамуды бағалау, қорытынды (норма, озу, қалып қою) беріледі;
14) жарақаттар мен оның салдарын анықтау арқылы озбырлық белгілерін, ұру белгілерін (таяқпен немесе шыбықпен ұрғаннан кейінгі сызық қанталаулар, белбеумен, жіппен, ұрғаннан кейін ілгек түріндегі қанталаулар, жіппен немесе белбеумен байлау, тарту іздері, темекімен күйдіру іздері, көз торшасына қан құйылу, субдуралдық қан ұюлар).
13. Патологиялық өзгерістер анықталған кезде бейінді маманға қосымша қарап-тексеруге жібереді.
14. Мамандандырылған сатыны бейінді мамандықтардың дәрігерлері жүргізеді және МАЖ-да нәтижелерді толтыра отырып, қарап-тексеруді қамтиды:
1) хирург немесе травмотолог-ортопед немесе травматолог ерте шақтағы балаларда кіндік, шап сақиналарының кеңеюіне, ішінің ақ сызығының бұлтиған жарығына, крипторхизмге, тік ішектің түсуіне, аяқ-қолының, кеудесінің қисаюына назар аударады. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың омыртқаларының қисаюын, отырысының, ірі және ұсақ буындары функцияларының бұзылуын анықтайды. Табан күмбезінің жағдайын қарап-тексеруді, плантограмманы бағалауды, жүрісін бағалауды жүргізеді. Ұлдардың аталық бездерінің төмен түсуін анықтайды;
2) уролог немесе хирург несепжыныс жүйесінің патологиясының жоқ екендігін анықтайды;
3) отоларинголог мұрынның алдыңғы риноскопиясын жүргізеді және тыныс алу функциясын тексереді, артқы риноскопиясын, фарингоскопиясын, мойын (жақасты, алдыңғы және артқы мойын, құлақарты) түйіндерін саусақпен қарап-тексеруді, отоскопияны, естуді зерттеуді жүргізеді;
4) невропатолог жалпы қарап-тексеру жүргізеді (дермографиялық сипаттарының, буын суреттерінің және басқалардың болуын анықтау), бассүйек-ми нервтерінің, қимыл-қозғалыс функцияларының жағдайын; сіңірлік, периосттық, тері рефлекстерін зерттеу; вегетативтік реттеуді бағалау. 14 және 17 жастағы балаларды қоса алғанда орталық нерв жүйесі тарапынан патологияларды болдырмау үшін қосымша электроэнцефалографиялық зерттеуден өтеді;
5) стоматолог тістеу, пародонт жағдайын, гигиена, РМА (қызылиектің қабыну үрдісін бағалауға папиллярлық маргинальды альвеолярлық индекс), КПУ (бір баладағы кариозды пломбаланған және жұлынған тістердің саны) индекстерін, тісжегінің белсенділік дәрежесін, диспансерлеу, оңалту және профилактика жоспарын бағалай отырып, баланы кешенді қарап-тексеруді жүргізеді, диспансеризация жоспарын құрады;
6) офтальмолог көру өткірлігін анықтайды, көру ағзасын сырттай қарап-тексеру жүргізеді; бүйірінен жарық түсіре отырып және жүргізу жарығында қарап-тексеру, офтальмоскопияны жүргізеді. Медициналық көрсетілімдер болған жағдайда, 14 және 17 жастағы балалар қосымша көз қысымын өлшеуден өтеді;
7) эндокринолог гинекомастияны, жыныстық дамудың кідіруін немесе уақытынан бұрын дамуын, бойының өсуінің кідіруін, семіздікті, қалқанша безінің ұлғаюын, қант диабетін, крипторхизманы болдырмау үшін қарап-тексеру жүргізеді.
15. Профилактикалық медициналық қарап-тексеру аяқталғаннан кейін бейінді мамандардың қорытындысы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып, педиатр дәрігер, терапевт дәрігер не жалпы практика дәрігері мынадай «денсаулық топтарын» айқындай отырып, балалардың (15 жастан 17 жасқа дейінгі балаларды қоса алғанда) денсаулық жай-күйіне кешенді бағалау жүргізеді:
1-топ – дені сау балалар;
2-топ – дені сау, бірақ функциялық ауытқулары бар, сондай-ақ жіті және созылмалы ауруларға қарсы тұру қабілеті төмен, қауіп факторлары бар балалар;
3-топ – ағзаның функциялық мүмкіндіктері сақталған, компенсация жағдайындағы созылмалы аурумен ауыратын балалар;
4-топ – ағзаның функциялық мүмкіндіктері төмен, субкомпенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар балалар;
5-топ – ағзаның функциялық мүмкіндіктері айтарлықтай төмендеген, декомпенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар балалар.
16. 3, 4, 5 денсаулық топтарына жататын балалар АЕК ұйымдарының мамандарында немесе тиісті бейіндегі мамандарда динамикалық бақылауға және сауықтыруға жатады.
17. Педиатр, терапевт не жалпы практика дәрігері профилактикалық медициналық қарап-тексеруді аяқтағаннан кейін денсаулықты кешенді бағалауды жүргізеді, денсаулық тобын көрсете отырып, физикалық және жүйке-психикалық дамуын бағалаумен эпикриз бен қорытындыны ресімдейді. Қорытындыда толық қарап-тексеру, бақылау, санитариялық-гигиеналық қағидаларды сақтау, режим, дене тәрбиесі және шынықтыру, профилактикалық екпелерді жүргізу, шекті жай-күй мен аурулардың профилактикасы бойынша, дене шынықтыру тобы (негізгі немесе арнайы топ) және 15 жастан бастап ер балаларға – военкомат үшін қорытынды мен ұсынымдар береді.
18. Қорытынды сатыда АЕК ұйымының дәрігері немесе АЕК ұйымының жауапты адамы тексеру нәтижелерін МАЖ-ға енгізеді.
19. Балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексеру нәтижелері олардың заңды өкілдерін танысыстырылып, туралы қол қоюмен жеткізіледі.
3-тарау. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларды қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексеру жүргізу көлемі мен кезеңділігі
20. Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды профилактикалық медициналық қарап-тексеру осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын профилактикалық медициналық қарап-тексеруді жүргізу кезеңділігіне сәйкес жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай- ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидалары, көлемі мен кезеңділігіне 1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № ҚР ДСМ-146 Бұйрығына сәйкес (05.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 18.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының оқушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық қарап-тексеру көлемі
№ |
Профилактикалық медициналық тексеріп-қарау көлемі |
Мақсатты топ |
Қызметтер пакетінің атауы |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
1 айлық балалар |
ТМККК |
Кенес: Хирург |
МӘМС |
||
Кенес: Невропатолог |
|||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
||
2 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
2 айлық балалар |
ТМККК |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
3 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
3 айлық балалар |
ТМККК |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
4 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
4 айлық балалар |
ТМККК |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
5 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
5 айлық балалар |
ТМККК |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
6 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
6 айлық балалар |
ТМККК |
Кенес: Оториноларинголог |
МӘМС |
||
Кенес: Офтальмолог |
|||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
||
7 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
7 айлық балалар |
ТМККК |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
8 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
8 айлық балалар |
ТМККК |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
9 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
9 айлық балалар |
ТМККК |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
10 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
10 айлық балалар |
ТМККК |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
11 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
11 айлық балалар |
ТМККК |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
12 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
12 айлық балалар |
ТМККК |
Жалпы қан талдауы |
|||
Жалпы зәр талдауы |
|||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
13 |
Кенес: Хирург |
1 жастан 2 жасқа дейінгі балалар |
МӘМС |
Кенес Оториноларинголог |
|||
Кенес Офтальмолог |
|||
Кенес: Невропатолог |
|||
14 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
1 жас және 3 айлық балалар |
ТМККК |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
15 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
1 жас және 6 айлық балалар |
|
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
16 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
1 жас және 9 айлық балалар |
|
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
17 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
2 жастағы балалар |
|
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
18 |
Кенес: Оториноларинголог |
2 жастан 3 жасқа дейінгі балалар |
МӘМС |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру |
МӘМС |
||
19 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
2 жас 3 айлық балалар |
ТМККК |
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
20 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
2 жас 6 айлық балалар |
|
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
21 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
2 жас 9 айлық балалар |
|
Жалпы қан талдауы |
|||
Жалпы зәр талдауы |
|||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
22 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
3 жастан 4 жасқа дейінгі балалар |
ТМККК |
Кенес: Хирург |
МӘМС |
||
Кенес: Оториноларинголог |
|||
Кенес: Невропатолог |
|||
Кенес: Офтальмолог |
|||
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру |
|||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
||
23 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
4 жастан 5жасқа дейінгі балалар |
ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру |
МӘМС |
||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
||
24 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
5 жастан 6 жасқа дейінгі балалар |
ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру |
МӘМС |
||
Жалпы қан талдауы |
ТМККК |
||
Жалпы зәр талдауы |
|||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
25 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
6 жастан 7 жасқа дейінгі балалар |
ТМККК |
Кенес: Хирург |
МӘМС |
||
Кенес Оториноларинголог |
|||
Кенес: Невропатолог |
|||
Кенес: Офтальмолог |
|||
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру |
|||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
||
26 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
7 жастан 8 жасқа дейінгі балалар |
ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру |
МӘМС |
||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
||
27 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
8 жастан 9 жасқа дейінгі балалар |
ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру |
МӘМС |
||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
||
28 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
9 жастан 10 жасқа дейінгі балалар |
ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру |
МӘМС |
||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
||
29 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
10 жастан 11 жасқа дейінгі балалар |
ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру |
МӘМС |
||
Кенес: Хирург |
|||
Кенес: Оториноларинголог |
|||
Кенес: Офтальмолог |
|||
Кенес: Эндокринолог |
|||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
||
30 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
11 жастан 12 жасқа дейінгі балалар |
ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру |
МӘМС |
||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
||
31 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
12 жастан 13 жасқа дейінгі балалар |
ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру |
МӘМС |
||
Кенес: Офтальмолог |
|||
Кенес: Эндокринолог |
|||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
||
32 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
13 жастан 14 жасқа дейінгі балалар |
ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру |
МӘМС |
||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
||
33 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
14 жастан 15 жасқа дейінгі балалар |
ТМККК |
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру |
МӘМС |
||
Кенес: Хирург |
|||
Кенес: Оториноларинголог |
|||
Кенес: Офтальмолог |
|||
Электрокардиографиялық зерттеу (12 бұрамада) |
ТМККК |
||
Кенес: Невропатолог |
МӘМС |
||
Электроэнцефалография |
|||
Жалпы қан талдауы |
ТМККК |
||
Жалпы зәр талдауы |
|||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
|||
34 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
15 жастан 16 жасқа дейінгі балалар |
ТМККК |
Кенес: Хирург |
МӘМС |
||
Кенес: Оториноларинголог |
|||
Кенес: Невропатолог |
|||
Кенес: Офтальмолог |
|||
Кенес: Эндокринолог |
|||
Кенес: Уролог |
|||
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру |
|||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
||
35 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
16 жастан 17 жасқа дейінгі балалар |
ТМККК |
Кенес: Офтальмолог |
МӘМС |
||
Кенес: Уролог |
|||
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру |
|||
Жалпы қан талдауы |
ТМККК |
||
Жалпы зәр талдауы |
ТМККК |
||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
||
36 |
Қабылдау: Мейірбике немесе фельдшер |
17 жастан 18 жасқа дейінгі балалар |
ТМККК |
Электрокардиографическое исследование (в 12 отведениях) |
|||
Кенес: Хирург |
МӘМС |
||
Кенес Оториноларинголог |
|||
Кенес Невропатолог |
|||
Электроэнцефалография |
|||
Кенес: Офтальмолог |
|||
Кенес Эндокринолог |
|||
Кенес: Уролог |
|||
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы балалардың, жалпы орта білім беру ұйымдары оқушыларының ауыз қуысын профилактикалық тексеру |
|||
Қабылдау: Терапевт, Отбасылық дәрігер немесе жалпы практика дәрігері |
ТМККК |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-264/2020 бұйрығына 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған деп танылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының «Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» 2009 жылғы 10 қарашадағы №685 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 26 қарашада № 5918 болып енгізілген, 2010 жылы Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер № 3 жинағында жарияланды)).
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2011 жылғы 16 наурыздағы № 145 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6902 болып тіркелген, 2011 жылғы 16 маусымда «Егемен Қазақстан» № 255 (26653) газетінде жарияланды).
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының «Халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеру жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы № 887 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8283 болып тіркелген, 2013 жылғы 29 мамырда № 136 (28075) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды).
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 361 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10199 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 қазандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).
5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Халықтың нысаналы топтарын профилактикалық медициналық тексеріп-қарауды жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 995 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16223 болып тіркелген, 2018 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде жарияланды).
6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 3 қазандағы № ҚР ДСМ-133 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19441 болып тіркелген, 2019 жылғы 7 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде жарияланды).
7. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «Профилактикалық медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ осы қарап-тексерулерді өткізудің қағидалары мен кезеңділігін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 685 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2020 жылғы 2 сәуірдегі № ҚР ДСМ-22/2020 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20294 болып тіркелген, 2020 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрде эталондық бақылау банкінде жарияланды).