Toggle Dropdown
6
Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 20 желтоқсанда № 21818 болып тіркелді
Toggle Dropdown
Редакция 25.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 27-бабының 6-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Toggle Dropdown
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Toggle Dropdown
1
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Toggle Dropdown
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
Toggle Dropdown
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
Toggle Dropdown
1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2020 жылғы 15 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-274/2020 бұйрығына
1-қосымша
Toggle Dropdown
Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттары
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттары (бұдан әрі – Қағидалары) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 27-бабының 6-тармағына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі –Заң) 10-бабынының 1-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы сертификатты алу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау тәртібін, сондай – ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттарын айқындайды.
Toggle Dropdown
2. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Toggle Dropdown
1) әкімшілік құжаттың нөмірі мен коды (бұдан әрі – ӘҚНК) – электрондық құжатқа рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесімен берілетін нөмір;
Toggle Dropdown
2) денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау - денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары түлектерінің біліктілігінің Денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарт талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін білім мен дағдыларды бағалау рәсімі;
Toggle Dropdown
3) денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты (бұдан әрі – маман сертификаты) - жеке тұлғаның біліктілігін және клиникалық немесе фармацевтикалық практикаға немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке дайындығын қоса алғанда, оның денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік қызметке дайындығын растайтын, белгіленген үлгідегі құжат;
Toggle Dropdown
4) денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттау (бұдан әрі - сертификаттау) - жеке тұлға біліктілігінің денсаулық сақтау саласындағы салалық біліктілік шеңберінде және кәсіптік стандарттарда белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау рәсімі, сондай-ақ клиникалық немесе фармацевтикалық практикаға немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметке дайындықты қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік қызметке дайындықты айқындау;
Toggle Dropdown
5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Toggle Dropdown
6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы маман – санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг, санитариялық-эпидемиологиялық сараптама, гигиеналық оқыту, санитариялық-эпидемиологиялық аудит, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы ұйымда халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы тәуекелдерінің дәрежесін бағалау бойынша функцияларды жүзеге асыруды қамтитын еңбек міндеттерін орындайтын жеке тұлға.
Toggle Dropdown
3. Маман сертификаты әрбір 5 (бес) жыл сайын расталуы тиіс.
Toggle Dropdown
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауды жүргізу, шетелдік мамандарды қоса алғанда, денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатының қолданысын растау қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған адамды, денсаулық сақтау саласындағы маманды сертификаттауға жіберу шарттары
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-249/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламалары білім алушыларының білімі мен дағдыларын бағалау, түлектерінің кәсіптік даярлығын бағалау, денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік даярлығын бағалау қағидалары» бұйрығына сәйкес (бұдан әрі – білім мен дағдыларды бағалау қағидасы) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21763 болып тіркелген) сәйкес бағалау жөніндегі ұйым жүргізетін кәсіптік даярлығын бағалаудан өткен мамандар клиникалық немесе фармацевтикалық практикаға жіберу үшін сертификаттаудан (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) біліктілік деңгейіне сәйкес өтеді.
Toggle Dropdown
Біліктілік деңгейін беруге немесе растауға өтініш беруші емес көрсетілетін қызметті алушы кәсіптік даярлықты бағалау нәтижесін ұсынбайды.
Toggle Dropdown
5. Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде денсаулық сақтау саласында Медициналық және (немесе) фармацевтикалық білім алған көрсетілетін қызметті алушылар «орта, техникалық және кәсіптік туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 230 бұйрықтарына сәйкес білімі және (немесе) біліктілігі танылған жағдайда сертификаттауға жіберіледі, (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33219 болып тіркелген) және «білім туралы құжаттарды тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 268 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32800 болып тіркелген) (бұдан әрі - тану қағидалары).
Toggle Dropdown
6. Көрсетілетін қызметті алушы сертификаттаудан өту және қолданыстағы маман сертификатын растау үшін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz, www.elicense.kz (бұдан әрі – портал) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің аумақтық департаментіне (бұдан әрі-көрсетілетін қызметті беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш жібереді.
Toggle Dropdown
Медициналық білімі бар көрсетілетін қызметті алушы осы қағиданың 2-қосымшасына сәйкес «Клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттар мен мәліметтерді ұсынады (бұдан әрі – № 1тізбе).
Toggle Dropdown
Фармацевтикалық білімі бар көрсетілетін қызметті алушы осы қағиданың 3-қосымшасына сәйкес «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы маман сертификатын беру» мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің 8-тармағында белгіленген тізбеге сәйкес құжаттар мен мәліметтерді ұсынады (бұдан әрі – № 2 тізбе).
Toggle Dropdown
7. Қолданыстағы маман сертификатын растауға арналған құжаттар мен мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен ерте емес ұсынады.
Toggle Dropdown
8. Маман сертификаты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрінің 2020 жылғы 30 қарашадағы № ҚР ДСМ-218/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарды сертификаттауға жататын мамандықтар мен маманданулардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21699 болып тіркелген) (бұдан әрі - Мамандықтар мен маманданулардың тізбесі) сәйкес беріледі.
Toggle Dropdown
9. Көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» веб – порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған көрсетілетін қызметті алушының (құжат иесінің) келісімі болған кезде, іске асырылған интеграция (бұдан әрі – сервис) арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде мәліметтерді алады:
Toggle Dropdown
2012 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілген қызметті алушылар үшін денсаулық сақтау саласында жоғары және (немесе) жоғары орнынан кейінгі білімі туралы (сервисте болған жағдайда);
Toggle Dropdown
2012 жылдан кейін оқуды бітірген көрсетілген қызметті алушылар үшін денсаулық сақтау саласындағы орта (техникалық және кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы (сервисте болған жағдайда);
Toggle Dropdown
мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша қолданыстағы маман сертификаты және біліктілік деңгейі туралы (сервисте болған жағдайда);
Toggle Dropdown
білім туралы құжаттарды алғаннан кейін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін өзгерткен көрсетілетін қызметті алушы үшін атын, әкесінің атын (бар болса), тегін ауыстыру немесе неке (ерлі-зайыптылық) қию туралы немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы (сервисте болған жағдайда);
Toggle Dropdown
білім мен дағдыларды бағалау қағидасына сәйкес кәсіптік даярлығын бағалау нәтижелері туралы;
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес көрсетілген қызметті алушының еңбек қызметін растайтын құжаттары (сервисте қызметкерлердің бейіндері және еңбек шарттарын есепке алу туралы мәліметтер болған жағдайда);
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисінен алынған деректерге сәйкес мәлімделген мамандық немесе мамандандыру бойынша медициналық немесе фармацевтикалық қызметке тыйым салу немесе тыйым салынбау туралы (сервисте болған жағдайда).
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушыға ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттар мен мәліметтерді талап етуін жол берілмейді.
Toggle Dropdown
10. Көрсетілетін қызметті беруші құжаттар мен мәліметтер келіп түскен күні оларды қабылдайды және тіркейді.
Toggle Dropdown
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Toggle Dropdown
11. Көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының құжаттары мен мәліметтерін тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде № 1 Тізбенің 8-тармағына немесе № 2 Тізбенің 8-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толықтығын тексереді.
Toggle Dropdown
№ 1 Тізбенің 8-тармағына немесе № 2 Тізбенің 8-тармағына және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарға сәйкес ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің толық болмау фактісі анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды (еркін нысанда) жібереді.
Toggle Dropdown
12. Ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің осы қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ӘРПК ) 73-бабы бойынша әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік береді, ол туралы көрсетілетін қызметті алушы алдын ала, бірақ мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей хабардар етіледі (дәлелді бас тарту).
Toggle Dropdown
13. Көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешімге қарсылықты оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде ұсынады.
Toggle Dropdown
14. Көрсетілетін қызметті алушы өзінің қарсылығын ауызша білдірген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тыңдау хаттамасын жүргізеді, ол ӘРПК-нің 74-бабына сәйкес ресімдейді.
Toggle Dropdown
15. Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттар мен мәліметтер тізбесі және осындай құжаттар мен мәліметтерді ресімдеу туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда ұсынады.