• Мое избранное

Отправить по почте

Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-291/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 21 желтоқсанда № 21831 болып тіркелді

Редакция 18.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Преамбула жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 19.11.2021 жылғы № ҚР ДСМ-120 Бұйрығына сәйкес (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес қоса беріліп отырған Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.04.2022 жылғы № ҚР ДСМ -38 Бұйрығына сәйкес (19.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А.Цой
Денсаулық сақтау министрі
 2020 жылғы 20 желтоқсандағы
 № ҚР ДСМ-291/2020
 бұйрығына қосымша
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.08.2021 жылғы № ҚР ДСМ-86 Бұйрығымен (20.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 19.11.2021 жылғы № ҚР ДСМ-120 Бұйрығымен (20.08.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қазаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 29.04.2022 жылғы № ҚР ДСМ -38 Бұйрығымен (19.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.05.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2022 жылғы 1 ақпаннан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 14.09.2022 жылғы № ҚР ДСМ-97 Бұйрығымен (29.04.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.12.2022 жылғы № ҚР ДСМ-157 Бұйрығымен (14.09.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 24.01.2023 жылғы № 14 Бұйрығымен (08.12.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
38-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 23.06.2023 жылғы № 118 Бұйрығымен (24.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 22.09.2023 жылғы № 151 Бұйрығымен (24.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 05.04.2024 жылғы № 12 Бұйрығына сәйкес (22.09.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бөлім. Жалпы ережелер
1. Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 69-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде (бұдан әрі – ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде (бұдан әрі – МӘМС) денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.09.2024 жылғы № 70 Бұйрығына сәйкес (05.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі және 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады)
1) адамның иммундық тапшылық вирусын (бұдан әрі – АИТВ инфекциясы) жұқтырған бір адамға арналған тариф – АИТВ инфекциясын жұқтырған бір адамға шаққандағы АИТВ инфекциясын жұқтырған адамдарға клиникалық хаттамалар негізінде қалыптастырылатын ТМККК шеңберінде медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;
2) АИТВ инфекциясы бойынша халықты зерттеп-қарауға арналған тариф – АИТВ инфекциясын зерттеп-қарау бойынша бір жүгінушіге есептегендегі ТМККК шеңберінде көрсетілетін қызметтердің құны;
3) ақпараттық төлем жүйесі (бұдан әрі – АТЖ) – ТМККК шеңберіндегі және МӘМС жүйесіндегі денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілген қызметтерді сатып алу, оның ішінде сатып алу шарттарын орындау бойынша қызметті автоматтандыратын ақпараттық жүйелер;
4) ауыл субъектісі – мынадай әкімшілік-аумақтық бірліктердің біріне кіретін: аудандық маңызы бар қала, аудан, ауылдық округ, ауыл, кент және «Бекітілген халықтың тіркелімі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «БХТ» АЖ) тіркелген халыққа қызметтер көрсету кешенін ұсынатын аудандық маңызы бар және ауылдың денсаулық сақтау субъектісі;
5) ауыл халқына ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – ауыл халқына арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив) – түзету коэффициенттерін ескере отырып, «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – «БХТ» АЖ) тіркелген бір ауыл тұрғынына шаққандағы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде көрсетілетін қызметтері кешенінің құны;»;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.05.2025 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (03.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақша алынып тасталды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.05.2025 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (03.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – Қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;
8) базалық мөлшерлеме – стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларды бір емделіп шығу жағдайына есептегендегі медициналық көмек көрсетуге арналған қаржы қаражатының орташа көлемі;
9) бірлесіп орындаушы – ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсетуге үміткер денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына (бұдан әрі – дерекқор) енгізілген, жасасқан қызметтерді сатып алу шарты бойынша қызметтер берушінің міндеттерінің бір бөлігін орындау үшін бірлесіп орындау шартын қызметтер беруші жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
10) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
11) достық кабинетіне жүгінген халықтың негізгі топтарының бір адамына арналған тариф – достық кабинетіне жүгінген халықтың негізгі топтарының бір адамына шаққандағы ТМККК шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтер кешенінің құны;
12) емделіп шығу жағдайы – пациентке келіп түскен кезден бастап шыққанға дейін стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда көрсетілген медициналық қызметтер кешені;
13) жыныстық-жастық түзету коэффициенті – халықтың әртүрлі жыныстық-жастық санаттарының медициналық көмекті тұтыну деңгейіндегі айырмашылықтары ескерілетін коэффициент;
14) ынталандырушы компоненті (бұдан әрі – ЫК) – «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің жұмыскерлерін көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21824 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-278/2020 бұйрық) айқындалған тәртіпте түпкілікті нәтижесінің қол жеткізілген индикаторлары негізінде денсаулық сақтау субъектісінің жұмыскерлерін ынталандырушы компонентінің қаражаты есебінен көтермелеу әдісі;
14-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.05.2025 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (03.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15) клиникалық-шығындық топтар (бұдан әрі – КШТ) – емдеуге арналған шығындар бойынша ұқсас аурулардың клиникалық біртекті топтары;
16) қызметтер беруші – Қор немесе бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21744 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрық) айқындалған тәртіпте көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартын жасасқан денсаулық сақтау субъектісі;
17) медициналық ақпараттық жүйе (МАЖ) – денсаулық сақтау субъектілерінің процестерін электрондық форматта жүргізуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе;
18) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетуге арналған кешенді жан басына шаққандағы норматив (бұдан әрі – МСАК КЖН) – МСАК денсаулық сақтау субъектісіне «БХТ» АЖ-да тіркелген бекітілген бір адамға ТМККК шеңберінде МСАК қызметтері кешенінің құны;
18-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.05.2025 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (03.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
19) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
19-тармақша алынып тасталды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.05.2025 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (03.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20) медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі (бұдан әрі – МСАК субъектісі) – «БХТ» АЖ порталында тіркелген бекітілген халыққа ТМККК шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектісі;
21) медициналық көмек – дәрілік қамтамасыз етуді қоса алғанда, халықтың денсаулығын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;
22) медициналық көмек көрсету ақауы (бұдан әрі – ақау) – «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалу мониторингін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-321/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21904 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-321/2020 бұйрық) бекітілген медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарын сақтамаудан және клиникалық хаттамалардан негізсіз ауытқудан көрінетін медициналық қызметтер (көмек) көрсету тәртібінің бұзылуы, сондай-ақ медициналық қызмет (көмек) көрсетудің расталмаған жағдайының және (немесе) медициналық қызметтер (көмек) құнының (шығын сыйымдылығы коэффициентінің, тарифтің) негізсіз жоғарылауының фактісі, сондай-ақ медициналық қызметтер (көмек) көрсету мерзімдерінің сақталмауы;
23) медициналық көрсетілетін қызметтер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтер) – денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және паллиативтік бағыты бар іс-қимылдары;
24) медициналық көрсетілетін қызметтер көлемінің регрессивті шкаласы – уәкілетті орган белгілеген норманы орындағанға дейін «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтерге тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21550 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-170/2020 бұйрық) бекітілген тарифтер бойынша ақы төлеу жүргізілетін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеу схемасы, артық болған жағдайда төмендету коэффициенттері қолданылады;
25) нысаналы жарна – «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарналар төлеуден босатылған Қазақстан Республикасының азаматтары үшін, әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтеріне ақы төлеу үшін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекеттің жарналары түрінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қызметтер көрсетуге ақы төлеу үшін республикалық бюджеттен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтеусіз және қайтарымсыз төлемдер;
26) психикалық денсаулық орталығының бір науқасына арналған кешенді тариф – «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» АЖ-ның «Психикалық науқастардың тіркелімі» және «Наркологиялық науқастардың тіркелімі» (бұдан әрі – «ПНТ» және «ННТ» АЖ) ішкі жүйелерінде тіркелген бір науқасқа есептегендегі ТМККК шеңберінде психикалық денсаулық орталықтарының ауыратын науқастарға медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;
27) республикалық денсаулық сақтау ұйымдары – уәкілетті органның қарамағындағы денсаулық сақтау ұйымдары, дербес білім беру ұйымының, медициналық білім беру ұйымдарының денсаулық сақтау ұйымдары;
28) тариф – «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тарифтерді қалыптастыру қағидаларын және әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21858 болып тіркелген) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрық) сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмек көрсету кезінде түзету коэффициенттерін ескере отырып есептелген медициналық қызмет бірлігінің немесе медициналық қызметтер кешенінің құны;
29) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты (бұдан әрі – көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты) – медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсетуді көздейтін Қор мен денсаулық сақтау субъектісінің арасындағы жазбаша нысандағы келісім;
30) туберкулезбен ауыратын бір науқасқа арналған кешенді тариф – «Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» АЖ-ның «Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімі» ішкі жүйесінде (бұдан әрі – «ДНЭТ» АЖ ТНҰТ) тіркелген туберкулезбен ауыратын бір науқасқа есептегендегі ТМККК шеңберінде туберкулезбен ауыратын науқастарға көрсетілетін медициналық-әлеуметтік қызметтер кешенінің құны;
31) ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына шекті баға – «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың сауда атауына шекті бағаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-77 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23886) (бұдан әрі – № ҚР ДСМ-77 бұйрық) сәйкес уәкілетті орган бекіткен ТМККК және МӘМС жүйесінде сатып алуды одан жоғары бағамен жүргізуге болмайтын, дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауына немесе медициналық бұйымның техникалық сипаттамасына арналған баға;
32) ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуын мониторингтеу (бұдан әрі – мониторинг) – Қордың немесе бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қызметтер берушінің шарттық міндеттемелерді тиісінше орындауы бойынша бағалауы және (немесе) жасалған көрсетілетін қызметтерді сатып алу шарты шеңберінде медициналық көрсетілетін қызметтер (көмек) сапасына сыртқы сараптама;
33) түзету коэффициенттері – № ҚР ДСМ-309/2020 бұйрығы негізінде бекітілген ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде көрсетілетін медициналық қызметтерге тариф белгілеу мақсатында көрсетілетін қызметтің есептік құнына қолданылатын коэффициенттер;
34) цифрлық денсаулық сақтау субъектісі (Қағидаларға сәйкес) (бұдан әрі – ЦДС) – денсаулық сақтау субъектілерімен ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысты қоса алғанда, денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттық-техникалық сүйемелдеу бөлігінде қызметті жүзеге асыратын немесе қоғамдық қатынастарға түсетін заңды тұлға;
34-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.05.2025 жылғы № 43 Бұйрығына сәйкес (03.09.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.05.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)