Bestprofi Logo

Бұйрық № ҚР ДСМ-299/2020 от 2020-12-21г./Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы

Отправить на почту


Языки документа

Документ на казахском языке

Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21852 болып тіркелді

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің 8-бабының 9) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-299/2020 бұйрығына 1-қосымша

1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 08.11.2022 жылғы № ҚР ДСМ-131 Бұйрығына сәйкес (21.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 22.11.2022 жылдан бастап)

Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидалары

1. Осы Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 8-бабының 9) тармақшасына, 25-бабына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1 тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласында аккредиттеу тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;

2) денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникасы –білім беру ұйымының құрылымдық бөлімшесі немесе денсаулық сақтау ұйымы, оның базасында ғылым мен практиканың қазіргі заманғы жетістіктері негізінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша медициналық білімнің білім беру бағдарламалары іске асырылады;

3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

4) интеграцияланған академиялық медициналық орталық – білім беруді, зерттеулер мен клиникалық практиканы интеграциялау арқылы медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту үшін ресурстарды бірлесіп пайдалану мақсатында жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi медициналық білім беру ұйымын денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымдармен және денсаулық сақтау ұйымдарымен біріктіру;

5) клиникалық база – бірлесіп қызмет ету туралы шарт бойынша денсаулық сақтау саласында кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру үшін білім беру ұйымы пайдаланатын денсаулық сақтау ұйымы;

6) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

7) медициналық қызметтер (көмек) сапасының тәуелсіз сараптамасы –көрсетілетін медициналық қызметтердің (көмектің) тиімділік, толымдық және стандарттарға сәйкес көрсеткіштерін көрсететін индикаторларды пайдалану арқылы, денсаулық сақтау субъектілері көрсететін медициналық қызметтер (көмек) сапасының деңгейі туралы қорытындыны шығару мақсатында ішкі және сыртқы сараптар шеңберінде тәуелсіз сарапшылар жүргізетін рәсім;

8) резидентура базасы – базасында уәкілетті орган белгілеген тәртіппен резидентура бағдарламалары іске асырылатын медициналық ұйым ретінде аккредиттелген денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымының клиникасы, университеттік аурухана, ұлттық орталық, ғылыми орталық немесе ғылыми-зерттеу институты;

9) университеттік аурухана – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының көпбейінді емдеу-профилактикалық құрылымдық бөлімшесі немесе көпбейінді емдеу-профилактикалық ұйым, оның базасында ғылым мен практиканың қазіргі заманғы жетістіктері негізінде жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша медициналық білімнің білім беру бағдарламалары іске асырылады.

3. Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеуді жүзеге асыратын орган (ұйым) денсаулық сақтау саласындағы аккредиттелген субъектілердің деректер банкін қалыптастырады.

2-тарау. Медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерін аккредиттеу тәртібі

4. Көрсетілетін медициналық қызметтердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін тану мақсатында медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүргізуге үміткер денсаулық сақтау субъектісі аккредиттеуден өту үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) кеңсесіне мынадай құжаттарды:

1) осы Қағидалардың 1 -қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті;

2) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша (негіздемелермен) медициналық ұйымдарды аккредиттеуді медициналық ұйымдарды аккредиттеуді жүзеге асыру бойынша аккредиттеу туралы куәлікті алуға арналған шарттар бойынша өзін-өзі бағалау нәтижелерді ұсынады.

Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген өзін-өзі бағалау нәтижелерін растайтын құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып, көшірмелерде не электрондық көшірмелерде электрондық поштаға беріледі kmfk@dsm.gov.kz немесе ықшам дискіде (оптикалық ақпарат тасымалдаушысы).

5. Денсаулық сақтау субъектілерін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында немесе орналасқан жері бойынша мемлекеттік кіріс органында мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтер Комитет «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталынан алады.

6. Комитет құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.

Денсаулық сақтау субъектісі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтінішті қабылдау және құжаттарды тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

7. Осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың және цифрлық құжаттар сервисінен алынған мәліметтердің толықтығы құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде тексеріледі.

Денсаулық сақтау субъектісі құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған немесе осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес мәліметтер болмаған жағдайда, Комитет көрсетілген мерзімдерде Комитет басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған өтінішті одан әрі қараудан бас тартуды (еркін нысанда) жібереді.

8. Денсаулық сақтау субъектісі құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде Комитет оларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды және қарау нәтижелері бойынша 2 (екі) жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау субъектісінің атауын, құжаттардың келіп түскен күнін, осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес мәліметтерді, әрбір ұсынылған құжат бойынша талдамалық ақпаратты, денсаулық сақтау субъектісінің аккредиттеу шарттарына сәйкестігі не сәйкес еместігі туралы қорытындыларды қамтитын талдамалық анықтама (еркін нысанда) жасайды.

9. Егер Денсаулық сақтау субъектісі осы Қағидалардың 2-қосымшасында көзделген аккредиттеу шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, Комитет Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексінің (бұдан әрі –ӘРПК) 73 және 74-баптарына сәйкес тыңдауды жүргізеді.

10. Комитет ӘРПК – нің 73-бабына сәйкес шешім қабылдау (дәлелді бас тарту) мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күні бұрын денсаулық сақтау субъектісіне алдын ала шешім жібереді және тыңдау күні мен уақыты туралы хабарлайды.

11. Алдын ала шешім және тыңдау күні мен уақыты туралы хабарлама өтініште көрсетілген денсаулық сақтау субъектісінің телефон нөміріне не электрондық поштасына хабарлама арқылы жіберіледі. Тыңдау ӘРПК – нің 73-бабында көзделген тәсілдердің бірімен жүргізіледі.

12. ӘРПК – нің 74-бабынасәйкес тыңдау нәтижелері бойынша Комитет тыңдау хаттамасын ресімдейді.

13. Тыңдау хаттамасына қол қойылғаннан кейін Комитет хаттаманың электрондық көшірмесін танысу үшін денсаулық сақтау субъектісінің электрондық поштасына жібереді.

Тыңдау хаттамасы бойынша ескертулер болған жағдайда денсаулық сақтау субъектісі оларды тыңдау хаттамасы жіберілген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комитет ның электрондық поштасына жібереді.

14. Ескертулер беруге ұсынылған мерзім өткеннен кейін тыңдау хаттамасы бойынша Комитет 3 (үш) жұмыс күні ішінде түпкілікті шешімді ресімдейді.

15. Егер субъект (мәліметтер, құжаттар) осы Қағидалардың 2-қосымшасында белгіленген барлық шарттарға толық сәйкес келген жағдайда Комитет аккредиттеу туралы шешімді қабылдайды.

16. Комитеттің аккредиттеу туралы куәлік беру туралы шешімі бұйрықпен ресімделеді.

17. Аккредиттеу туралы шешім (Комитет басшысының бұйрығын тіркеу) шығарылғаннан кейін денсаулық сақтау субъектісіне осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бес жыл мерзімге аккредиттеу туралы куәлік беріледі.

18. Дәлелді бас тартуға (еркін нысанда) Комитет басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылады және өтініш берушіге электрондық құжат түрінде не қағаз нысанда жіберіледі.

19. Шағым Комитеттің және (немесе) оның лауазымды адамның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) Комитет басшысының атына беріледі.

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание