• Мое избранное
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца
  • 4

Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 22 желтоқсанда № 21847 болып тіркелді

Редакция 10.03.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 221-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 18.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-84 Бұйрығына сәйкес (28.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және бейресми білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары.
2. Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • 1
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«____»________________2020 жыл
  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-303/2020
Бұйрығына 1 қосымша
  • 1
Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 жылғы № ҚР ДСМ-46 Бұйрығымен (21.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 28.12.2021 жылғы № ҚР ДСМ-136 Бұйрығымен (26.05.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 18.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-84 Бұйрығымен (28.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.06.2023 жылғы № 117 Бұйрығына сәйкес (18.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидалары және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 221-бабының 6-тармағына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша және формальды емес білім беру бағдарламаларын іске асыру және қосымша және формальды емес білім беру арқылы алынған оқыту нәтижелерін тану тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) бағалау жөніндегі ұйым - денсаулық сақтау саласындағы білім алушылардың, кәсіптік даярлық түлектерінің және мамандардың білімі мен дағдыларын бағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган аккредиттеген ұйым;
2) біліктілікті арттыру - бұрын алған кәсіптік білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын қолдауға, кеңейтуге, тереңдетуге және жетілдіруге, сондай-ақ негізгі мамандық ішінде жаңа (қосымша) құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін қосымша білім беру нысаны;
3) білім беру бағдарламасы - оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;
4) білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесі - осымша білім берудің барлық бағдарламаларын есепке алудың бірыңғай ақпараттық ортасын қалыптастыруға және өзектендіруге арналған автоматтандырылған ақпараттық платформа;
5) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі – қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;
6) денсаулық сақтау саласындағы маман - кәсіптік медициналық және (немесе) фармацевтикалық білімі бар және медициналық және (немесе) фармацевтикалық практиканы немесе халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға;
7) оқу нәтижелерін тану – мемлекеттік органның қосымша және формальды емес білім беру нәтижелерінің оның иесін кәсіби қызметте пайдалану мақсатында маңыздылығын растауы;
8) оқыту нәтижелері - қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламасы шеңберінде меңгерілген кәсіптік құзыреттердің білімі мен дағдыларын оң бағалаумен расталған;
9) сараптау ұйымы – білім беру ұйымдары мен ғылыми ұйымдар іске асыратын денсаулық сақтау саласындағы біліктілікті арттыру бағдарламаларына сараптаманы жүзеге асыру үшін медициналық және фармацевтикалық білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым;
10) сертификаттау курсы - мамандық бейіні шеңберінде арнайы мамандандыру бойынша қосымша кәсіби білімді, іскерлікті және дағдыларды кеңейтуге, тереңдетуге және қалыптастыруға бағытталған қосымша білім беру нысаны;
11) тағылымдама – теориялық дайындық нәтижесінде алынған кәсіптік білімді, іскерлік пен дағдыны практикада қалыптастыруға және бекітуге, сондай-ақ одан әрі кәсіптік қызмет үшін жұмыстың өзіндік ерекшелігін, озық тәжірибені зерделеуге бағытталған формальды емес білім беру нысаны;
12) тыңдаушы – қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымға оқуға қабылданған тұлға;
13) формальды емес білім беру – оқу орны, мерзімі мен нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдарымен жүзеге асыралатын және оқыту нәтижелерін растайтын құжат берілетін білім беру түрі.
  • 1
3.  Кодекстің 221-бабы 6-тармағының екінші бөлігіне сәйкес қосымша білім беру қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын және танылған аккредиттеу органдарының тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеуден өткен білім беру және ғылыми ұйымдарда жүзеге асырылады.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.12.2025 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (20.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беруді жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары, ұлттық және ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу институттары, жоғары медициналық колледждер аккредиттелген медициналық ұйымдар базасында Кодекстің 221-бабының 6-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырады.
Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі, жоғары білімі бар мамандарға, оның ішінде ғылыми-педагогилік кадрларға қосымша білім беруді жоғары және (немесе) жоғары білімнен кейінгі білім беру ұйымдары, сондай-ақ ұлттық, ғылыми орталықтар мен ғылыми-зерттеу институттары ұсынады.
Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандарға, оның ішінде педагогикалық кадрларға қосымша білім беруді биологиялық қауіпсіздік және ерекше қауіпті инфекциялардың зертханалық диагностикасы мәселелері бойынша бағдарламаларды қоспағанда жоғары медициналық колледждер жүзеге асырады.
4. Қосымша білім беру бюджет, жұмыс беруші қаражаты және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.
Республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен оның ішінде шетелдік ұйымдарға қосымша білім беруге мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларда немесе дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы оған меншік құқығымен тиесілі оның еншілес ұйымы және коммерциялық емес медициналық білім беру ұйымдарының клиникаларында жұмыс істейтін денсаулық сақтау саласындағы мамандар жіберіледі.
5. Қосымша білім беру бағдарламаларын игеру тыңдаушының жұмыстан қол үзіп немесе жартылай қол үзіп оқу арқылы жүргізіледі.
Жұмыстан жартылай қол үзіп игеру жағдайында кадрлар жұмысын толық емес жұмыс уақытында орындай алады және сонымен қатар қосымша білім беру нысандарының бірі бойынша, оның ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10768 болып тіркелген) қашықтықтан білім беру оқытуды бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларымен белгіленген тәртіпте қашықтықтан білім беру оқытуды қолдана отырып, оқиды.
2-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру тәртібі
6. Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары каталогының ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – Каталог) жарияланған білім беру бағдарламаларының тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Каталогты сараптама ұйымы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық түрде қалыптастырады, жариялайды және өзектендіреді.
Қосымша білім берудің білім беру бағдарламасын (бұдан әрі – бағдарлама) каталогқа енгізу және жариялау төрт кезеңде жүргізіледі:
1) Каталогтың ақпараттық жүйесінде денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымынан өтінім беру;
2) өтінімді қарау және бағдарламаға сараптама тағайындау;
3) бағдарламаны сараптау;
4) Каталогта бағдарламаны жариялау және өзектендіру
7. Қосымша білім беру бағдарламалары мазмұны мен бағытына (мақсатына) қарай:
1) салалық біліктілік шеңберіне және денсаулық сақтау саласындағы кәсіптік стандарттарға сәйкес кәсіптік құзыреттерді қолдауға, тереңдетуге және жетілдіруге бағытталған біліктілікті арттыру бағдарламалары;
2) мамандық бейіні бойынша жаңа кәсіби құзыреттерді кеңейтуге және (немесе) игеруге бағытталған сертификаттау курсы болып бөлінеді.
8. Біліктілікті арттыру бағдарламалары осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес төрт деңгейге бөлінеді.
9. Қосымша білім беру бағдарламаларының ұзақтығы біліктілікті арттыру үшін 2 кредиттен (60 академиялық сағат) 9 кредитке (270 академиялық сағат) дейін, сертификаттау курстары үшін 10 кредиттен (300 академиялық сағат) және одан да көп кредитті құрайды. Бір кредит 30 академиялық сағатқа тең.
9-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.12.2025 жылғы № 175 Бұйрығымен (20.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Формальды емес білім берудің (тағылымдама, семинар, тренинг, мастер-класс, вебинар, онлайн курс) ұзақтығын денсаулық сақтау саласындағы білім беру және ғылым ұйымы дербес айқындайды.
10. Денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымы қосымша білім беру бағдарламалары тыңдаушыларының бастапқы (бастапқы) білім деңгейін анықтау үшін базалық, оқыту кезінде - ағымдағы, оқу аяқталғаннан кейін - қорытынды бақылау жүргізіледі.
11. Бағдарламаны меңгерген тыңдаушыларға қорытынды бақылаудың оң нәтижесі бойынша (шекті балдан жоғары):
1) біліктілікті арттыру – осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік беріледі;
2) сертификаттау курстары – осы Қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша маман меңгерген білім мен дағдылардың тізбесін қамтитын қосымшасы (транскрипт) бар сертификаттау курсы туралы куәлік беріледі.
Қосымшасыз сертификаттық курс туралы куәлік (транскрипт), оның ішінде шетелде алынғандар да жарамсыз болады;
3) шекті балдан төмен қорытынды бақылау нәтижесі бар тыңдаушыларға қайталама қорытынды бақылау тағайындалады. Қорытынды бақылаудың шекті балдан төмен нәтижесін қайта алған кезде тыңдаушыларға осы Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша игерілген бағдарламаның көлемін көрсете отырып, қосымша білім алғандығы туралы анықтама беріледі.
Формальды емес білім алуды аяқтаған денсаулық сақтау саласындағы мамандарға формальды емес білім алу туралы сертификат беріледі.
12. Шетелде қосымша білім беру бағдарламаларынан өткен денсаулық сақтау саласындағы мамандар қосымша білім туралы құжатты қосымшасымен (транскрипт) ұсынады.
Шет тілінде берілген құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі нотариат куәландырған аудармасы қосымша ұсынылады.
13. Біліктілікті арттырудан өту туралы өтініштерді қабылауды қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары «электрондық үкімет» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – веб - портал) арқылы электрондық форматта (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде жүзеге асырады.
14. «Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
14-тармақ өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.12.2025 жылғы № 175 Бұйрығымен (20.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Процестің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін қамтитын мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтер осы Қағидаларға 6-қосымшада келтірілген.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қағаз жеткізгіште беру көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге жеке басын куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге тікелей жүгіну жолымен не көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге электрондық сұрау салуы негізінде веб-портал арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.
Жеке басын куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) көрсетілетін қызметті беруші веб-портал арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушының осы көрсетілетін қызметті берушіден қосымша немесе формальды емес білім алуын тексеруді, мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіруді және қосымша білім алу аяқталмаған кезде мемлекеттік қызмет көрсету немесе анықтама беру туралы шешім қабылдауды көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен тағайындалған жауапты тұлға жүзеге асырады.
Сұрау салуды өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші сұрау салу келіп түскен сәттен бастап он бес минут ішінде жүзеге асырады.
Өңдеу қорытындылары бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 3 немесе 4-і қосымшаларға сәйкес нысан бойынша біліктілігін арттырудан өткені туралы құжатты не қосымша білім алуды аяқтамағаны туралы анықтаманы береді және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі Көрсетілетін қызметті алушы білім беру ұйымына құжаттарды берген сәттен бастап, сондай-ақ веб - портал арқылы жүгінген кезде-тізбеге сәйкес 1 (бір) жұмыс күнінен аспайды.
Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес тәртіппен мемлекеттік қызметтер көрсетуді мониторингтеу мақсатында «Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттырудан және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік қызмет көрсету туралы деректерді мониторингтің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі осы Қағидаларды бекіткен, толықтырулар енгізген және (немесе) өзгерткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды өзектендіреді және денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарына, веб-порталының операторына және бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
15. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағының 6-қосымшасында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші қате туындаған сәттен бастап дереу «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын және бірыңғай байланыс орталығын sd@nitec.kz электрондық пошта арқылы бірыңғай қолдау қызметіне сұрату жіберу арқылы хабардар етеді қатенің нақты уақытын көрсете отырып.
17. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің тікелей мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Веб - портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефоны арқылы алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды сотқа дейінгі тәртіппен қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.
Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, шағым түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны жібереді және әкімшілік іс шағымды қарайтын органға.
Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін жол беріледі.
3-тарау. Қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану тәртібі
18. Қосымша білім беру құжаты біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларын және (немесе) сертификаттық курсты қорытынды бақылаудың оң нәтижесі (шекті балдан жоғары) негізінде беріледі.
19. Шетелдік қосымша және формальды емес білім беру ұйымы берген қосымша және формальды емес білім туралы құжат мынадай талаптар сақталған кезде Қазақстан Республикасында жарамды деп танылады:
қосымша білім беру үшін:
1) қосымша білім беру атауының мәлімделген мамандыққа сәйкестігі;
2) қосымша білім беру бағдарламаларының ұзақтығының осы Қағидалардың 9 – тармағына сәйкестігі;
3) игерілген бағдарламаның кредиттерін (сағаттарын) және құзыреттер тізбесін көрсете отырып, қосымша білім беру куәлігіне (транскрипт) қосымшаның болуы.
Формальды емес білім беру үшін – формальды емес білім туралы құжат немесе тағылымдама қорытындысы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маманға құрылымдық бөлімше басшысының пікірі.
20. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары «Денсаулық сақтау қызметкерлерінің үздіксіз кәсіптік даму нәтижелерін растау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-283/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21843 болып тіркелген) сәйкес қосымша және формальды емес білім беруді оқытудың расталған нәтижелерін растайды.
Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім
беру қағидаларына
1-қосымша
1-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.12.2025 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (20.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларының каталогы

/п

Білім беру ұйымның атауы

Біліктілікті арттыру бағдарламасының / сертификаттау бағдарламасының атауы

Бағдарламаның мақсаты

Бағдарламаның ұзақтығы сағатпен /кредитпен

Нысаналы топ

Бағдарлама сәйкес келетін салалық біліктілік шеңберіндегі біліктілік деңгейі

Біліктілікті арттыру бағдарламасының деңгейі (базалық, орта, жоғары).

Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім беру
қағидаларына 2-қосымша
Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларының деңгейлері


 

Мамандығы бойынша жұмыс өтілі, жылдармен

0-1

1-2

2-3

3-5


 

5-7

7-10


 

10-13

13-15


 

15-16

16-20


 

20-25


 

25-тен жоғары,

әрі қарай әр 5 жыл сайын


 

Біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламаларының деңгейлері (базалық, орта, жоғары, мамандандырылған)

Базалық деңгей:

кәсіптік қызметтің жалпы мәселелеріне сәйкес келетін біліктілікті арттыру циклдері

 

Орташа деңгей:

кәсіптік қызметтің тереңдетілген мәселелеріне сәйкес келетін біліктілікті арттыру

 

Жоғары деңгейі:

кәсіптік қызметтің инновациялық, озық технологияларының тереңдетілген мәселелеріне сәйкес келетін біліктілікті арттыру

 

Жоғары деңгейі:

кәсіптік қызметтің инновациялық, озық технологияларының тереңдетілген мәселелеріне сәйкес келетін біліктілікті арттыру

 

Мамандандырылған деңгей: халықаралық немесе шетелдік оқыту

кәсіптік қызметтің инновациялық, озық жоғары технологиялық медициналық қызметтеріне

 

Мамандандырылған деңгей:

халықаралық немесе шетелдік оқыту

кәсіптік қызметтің инновациялық, озық жоғары технологиялық медициналық қызметтеріне


 

Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім
беру қағидаларына
3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.12.2025 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (20.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  Біліктілікті арттыру туралы сертификат № ______
 Осымен ____________________________________________________________________
                         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)  
 20 ___ жылғы «____» _______________ бастап «____» _____________ дейін
 Бағдарлама бойынша ________________________________________________________
 _________________________ сағат / кредит көлемінде біліктілікті арттырудан өткенін куәландырады  
 _____________________________________________________________________
 (оқытқан білім ұйымның атауы)  
 ___________________________________________________________________________
  (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)  
Біліктілікті арттыру бағдарламасына сәйкес келетін салалық біліктілік шеңберіндегі біліктілік деңгейі  
 __________________________________________________________________________
           Мөр орны  
           Берілген күні 20___ жылғы «____» ________________________________________
Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім
беру қағидаларына
4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.12.2025 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (20.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
 Сертификаттау курсы туралы куәлік № ______
 Осымен ____________________________________________________________________
                                         (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)  
  20 ___ жылғы «____» ________________ бастап «____» ___________________________дейін   
 мамандандыру ________________________________________________________
 бойынша ______________________ сағат / кредит көлемінде  
 ____________________________________________________________________
  ____________________________________________________________________
 (оқытқан білім ұйымның атауы)  
сертификаттау курсынан өткенін куәландырады  
  ____________________________________________________________________
  (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)  
Сертификаттау курсының бағдарламасына сәйкес келетін салалық біліктілік  
  шеңберіндегі біліктілік деңгейі _____________________________________________________  
Мөр орны  
  Берілген күні 20___ жылғы «____» _____________________________________
Сертификаттау курсы туралы куәлікке қосымша
 Оқытқан ұйымының атауы ____________
 _________________________
Транскрипт  
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)  
 ___________________________________  
 ___________________________________  
Оқу күні  
 ___________________________________  
Цикл атауы  
 ___________________________________
Мамандығы  
 ___________________________________
Мамандандыру  
 ___________________________________
Кредиттер саны  
 (сағат)_____________________________

Пән тақырыбының немесе бөлімінің атауы

Кредиттер / сағат саны

Қорытынды баға

 Тіркеуші____________________
 (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
 ________________________________________________________________________
                                                             (қолы)
 Тіркеу нөмірі № _____________  
 Берілген күні ________________
Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім беру
қағидаларына 5-қосымша
нысан
 Қосымша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама № ______
 Осымен ___________________________________________________________________, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) 20 ___ жылғы «____» ___________________ бастап «____» ___________________ дейін ________________________________________________________________ мамандығы бойынша ______________________________________________________________________ циклі бойынша ___________________________________ сағат көлемінде біліктілікті арттырудан өткенін куәландырады __________________________________________________________ қосымша білім беру бағдарламасы ___________________________________________________________________________ ______ (біліктілікті арттыру немесе сертификаттау курсы-көрсету) ___________________________________________________________________________ ______ (оқытқан ұйымның атауы) ___________________________________________________________________________ ______ (басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы) Қосымша білім беру бағдарламасына сәйкес келетін салалық біліктілік шеңберіндегі біліктілік деңгейі ________________________________________________________________ ___________________________________________________________________________ _______ (біліктілікті арттыру немесе сертификаттау курсы – астын сызу) Мөр орны Берілген күні 20___ жылғы «____» ______________
Денсаулық сақтау саласындағы
мамандарға қосымша және
формальды емес білім
беру қағидаларына
6-қосымша
6-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.12.2025 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (20.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Денсаулық сақтау саласы кадрларының біліктілігін арттыру және сертификаттау курстарынан өткені туралы құжаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдары

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері

1) көрсетілетін қызметті беруші (көрсетілетін қызметті алушы тікелей жүгінген кезде);

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы www.​egov.​kz (бұдан әрі - портал).

3

Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімі

көрсетілетін қызметті беруші: көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттарды тапсырған сәттен бастап - 1 (бір) жұмыс күнінен аспауы тиіс;

құжаттарды тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - отыз минут;

көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты -1 (бір) жұмыс күнінен аспауы тиіс.

портал арқылы - құжат тапсырылған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспауы тиіс.

4

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде ҚР резидентті емес тұлғаларға.

5

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі

1) біліктілікті арттырудан өткені туралы: «Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) бекітілген (бұдан әрі-Қағидалар) біліктілікті арттыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біліктілікті арттыру туралы куәлік;

2) сертификаттық курстан өткені туралы: денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттық курс туралы куәлік.

3) қосымша білім беруді аяқтамау туралы: Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың қосымша және формальды емес білім беру қағидаларының 5-қосымшаға сәйкес қосымша білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

тегін

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма сағат 13.00 -ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Бұл ретте әрбір қызмет беруші жұмыс беруші Еңбек кодексінің 63-бабына сәйкес еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес жұмыс режимін бекітеді;

2) порталда-жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) көрсетілетін қызметті берушіге: тікелей жүгінген кезде жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

2) порталға: электрондық түрдегі сұрату.

9

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды талап ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша;

5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті порталда тіркелген субъектінің ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы портал бір реттік пароль беру жолымен немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.

Цифрлық құжаттар сервисі мобильдік қосымшада пайдаланушылардың ақпараттық жүйелерінде авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.

Цифрлық құжатты пайдалану үшін пайдаланушылардың мобильдік қосымшада ақпараттық жүйелерінде қолжетімді әдістермен авторизациядан өту қажет, бұдан әрі «цифрлық құжаттар» бөлімінде одан әрі пайдалану үшін қажетті құжатты қарайды.

Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін пандус, шақыру түймесі, зағиптар мен нашар көретіндерге арналған тактильді жол, күту залы, құжаттар үлгілері бар тағандар болуы тиіс.

Көрсетілетін қызметті берушілердің мекенжайлары мен байланыс телефондары денсаулық сақтау саласындағы білім және ғылым ұйымдарының интернет-ресурстарында немесе көрсетілетін қызметті берушінің үй-жайларында орналастырылған. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 8-800-080-7777, 1414.

  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-303/2020
Бұйрығына 2 қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары
Талаптар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің 26.05.2021 жылғы № ҚР ДСМ-46 Бұйрығымен (21.12.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Талаптар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 28.12.2021 жылғы № ҚР ДСМ-136 Бұйрығымен (26.05.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Талаптар өзгертілді ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 18.08.2022 жылғы № ҚР ДСМ-84 Бұйрығымен (28.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Талаптар жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 20.06.2023 жылғы № 117 Бұйрығына сәйкес (18.08.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.08.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 221-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.12.2025 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (20.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Уәкілетті орган медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарын белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беру ұйымдарының Тізбеге енгізеді.
2. Осы Біліктілік талаптарында мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
1) білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің негізгі сипаттамаларының бірыңғай кешені;
2) денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша білім беру (бұдан әрі – Қосымша білім беру) – кәсіптік білімді, машықтар мен дағдыларды қолдау, кеңейту, тереңдету және жетілдіру, сондай-ақ жаңа (қосымша) құзыреттерді игеру үшін денсаулық сақтау кадрларының білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын оқыту процесі;
3) симуляциялық технологиялар – дағдыларды пысықтау және тапсыру үшін жасанды ортадағы клиникалық жағдайлардың статикалық және динамикалық процестерін имитациялауға және жаңғыртуға мүмкіндік беретін инновациялық технологиялар (манекендер, муляждар, симуляторлар, стандартталған пациенттер, виртуалды шындықтар, компьютерлік бағдарламалар);
4) формальды емес білім беру – оқу орны, мерзімі мен нысаны есепке алынбай көрсетілетін білім беру қызметтерін көрсететін ұйымдарымен жүзеге асыралатын және оқыту нәтижелерін растайтын құжат берілетін білім беру түрі.
2 - тарау. Денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптары
3. Медициналық мамандықтар бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға мынадай біліктілік талаптары қойылады:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.12.2025 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (20.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) білім беру қызметіне лицензиялар және (немесе) «Денсаулық сақтау саласындағы ғылыми ұйымға мәртебе беру және оны қайта қарау қағидаларын, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтің нәтижелілігіне бағалауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-316/2020 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21894 болып тіркелген) сәйкес ғылыми ұйым мәртебесі;
2) Кодекстің 221-бабының 6-тармағына сәйкес институционалдық аккредиттеу туралы куәліктің болуы;
3) қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту, олардың тиімділігін мониторингілеу, сондай-ақ қосымша білім беруді ұйымдастыру мен өткізу тәртібін реттейтін, қосымша білім беру ұйымының басшысы бекіткен құжаттардың болуы;
біліктілікті арттыру бағдарламасының болуы;
4) бейінді халықаралық ақпараттық желілерге, электрондық деректер базаларына, кітапхана қорларына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге қолжетімділіктің болуы;
5) оқытудың инновациялық, симуляциялық технологиялары мен интерактивті әдістерінің болуы;
6) оқытушылар құрамы туралы ақпарат:
жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында, ұлттық және ғылыми орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында (бұдан әрі – ЖОО, ҒЗИ, ҰО)ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы немесе магистр академиялық дәрежесі бар адамдар туралы;
педагогикалық санаты, қолданбалы немесе академиялық бакалавриаты бар адамдар туралы. жоғары медициналық колледждерде. Қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын штаттық профессор-оқытушылар құрамының саны оқытушылардың жалпы штатынан кемінде 40 % - составляет құрайды.
Практикалық сабақтарды өткізуді ғылыми дәрежесі жоқ, бірақ профессор-оқытушылар құрамының жалпы санының 40% - дан аспайтын практикалық денсаулық сақтау мамандары қатарындағы оқытушылар жүзеге асырады;
мамандық бейіні бойынша кемінде 10 жыл жұмыс тәжірибесі және кемінде 3 жыл ғылыми - педагогикалық өтілі бар ЖОО, ҒЗИ, қосымша білім беру ҰО оқытушылары, оқытылатын бейін бойынша соңғы 5 жылда кемінде 4 кредит (120 академиялық сағат) біліктілігін арттыру;
мамандық бейіні бойынша кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесі және кемінде 3 жыл ғылыми – педагогикалық өтілі бар жоғары медициналық колледждердің оқытушылары, оқытылатын бейін бойынша соңғы 5 жылда кемінде 4 кредит (120 академиялық сағат) біліктілігін арттыру;
7) материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы мәліметтер:
тыңдаушылар контингентінің көлеміне, санитариялық - техникалық нормалар мен қағидаларға сәйкес келетін аудиториялық Қордың, сыныптардың, зертханалардың меншік құқығында және (немесе) жедел (сенімгерлік) басқару, жалдау (жалдау) туралы шарттар бойынша болуы;
меншік құқығында және (немесе) жедел (сенімгерлік) басқару туралы шарттар бойынша тыңдаушылар контингентінің көлеміне сәйкес келетін қосымша білім беру бағдарламалары, Интернет желісіне, кітапхана қорына, симуляциялық жабдыққа (манекендерге, манекендерге) қол жеткізе отырып, баспа, аудио, бейнематериалдарды көрсетуге арналған компьютерлік жабдықтың санитариялық-техникалық нормалары мен қағидалары бойынша жалға алудың (жалдаудың) болуы муляждар, тренажерлер);
мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосылу туралы шарттың көшірмесі;
8) клиникалық базалардың болуын растайтын құжаттар және (немесе) аккредиттелген медициналық ұйымдармен шарт.
9) медициналық мамандықтар бойынша қосымша білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарға арналған уәкілетті орган бекіткен қосымша білім беру ұйымдарының тізбесіне ұйымды енгізу.
4. Денсаулық сақтау саласында формальды емес білім беруді жүзеге асыратын ұйымдарға денсаулық сақтау мамандары үшін фомальды емес білім беруді жүргізуге құқық белгілейтін құжаттардың, «электрондық үкімет» веб-порталынан алынған заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамасы, формальды емес білім беру бағдарламаларының бейініне сәйкес танылған аккредиттеу органдарының, штаттық және штаттан тыс оқытушылардың тізіліміне енгізілген аккредиттеу органдарында институционалдық аккредиттеу туралы куәліктің, оның ішінде ғылым докторы, кандидаты және ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар адамдардың болуы талап етіледі (немесе) философия докторы немесе магистр академиялық дәрежесі, мамандық бейіні бойынша кәсіби қызмет тәжірибесі соңғы 10 жылда кемінде 5 жыл, педагогикалық құзыреттіліктер және мамандық бейіні бойынша біліктілікті арттыру соңғы 5 жылда кемінде 4 кредит (120 академиялық сағат), бекітілген формальды емес білім беру бағдарламалары, білім беру контентін, деректер базасының ақпараттық жүйесін (архивті) жазып және сақтай отырып Қашықтықтан оқытуға арналған ақпараттық платформалар) верификациялау үшін онлайн қолжетімділігі бар формальды емес білім туралы берілген құжаттар.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 31.12.2025 жылғы № 175 Бұйрығына сәйкес (20.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
  • 1
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 21 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-303/2020
Бұйрығына 3 қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің күші жойылған кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндет атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5904 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланды, 2010 жылғы № 2).
2. «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы № 433 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11448 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 шілдедегі «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды).
3. «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау қағидаларын және қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 18 наурыздағы № 76 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14954 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 сәуірдегі Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
4. «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № ҚР ДСМ-7 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17436 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).
5. «Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қағидаларын, сондай-ақ қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 11 қарашадағы № 691 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-57/2020 бұйрығы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20733 болып тіркелген, 2020 жылғы 27 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).