• Мое избранное
Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-313/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 23 желтоқсанда № 21879 болып тіркелді

Редакция 24.02.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен  
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 31) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 30.11.2022 жылғы № ҚР ДСМ-144 Бұйрығына сәйкес (22.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған денсаулық сақтау субъектілерінің әкімшілік деректерін жинауға арналған мынадай нысандар бекітілсін:
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жекелеген инфекциялық және паразиттік аурулар туралы есеп;
осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес адамның иммун тапшылығы вирусына (АИТВ инфекциясын) иммундық-ферменттік талдау әдісі мен қанды зертханалық тексеру туралы есеп;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымдар бойынша вакциналар мен басқа да иммундық-биологиялық препараттардың қозғалысы туралы есеп;
осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес профилактикалық екпелермен қамту туралы есеп;
осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес өткізілген телемедициналық консультациялар мен бейне- конференцбайланыс сеанстарының саны туралы есеп;
осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын көмек көрсететін медициналық ұйымдардың төсек қорын пайдалану туралы есеп;
осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес анықталған диагнозбен өмірінде алғаш рет тіркелген аурулардың саны туралы есеп;
осы бұйрыққа 8-қосымшаға сәйкес медицина және фармацевтика кадрларының қозғалысы туралы есеп;
осы бұйрыққа 9-қосымшаға сәйкес жекелеген инфекциялық және паразиттік аурулар туралы есеп;
осы бұйрыққа 10-қосымшаға сәйкес қатерлі ісікпен ауыратын науқастар мен аурулар туралы есеп;
осы бұйрыққа 11-қосымшаға сәйкес туберкулезбен ауыратын науқастар туралы есеп;
осы бұйрыққа 12-қосымшаға сәйкес көбінесе жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен тері аурулары туралы есеп;
осы бұйрыққа 13-қосымшаға сәйкес психикалық және мінез-құлық бұзылушылығы аурулары және олармен ауыратын науқастар контингенттері туралы есеп;
осы бұйрыққа 14-қосымшаға сәйкес психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынудан туындаған психикасының және мінез бұзылушылығы аурулары және олармен ауыратын науқастар туралы есеп;
осы бұйрыққа 15-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымның қызмет көрсететін ауданында тұратын науқастардың және диспансерлік бақылауда тұрған тіркелген науқастар контингентінің ауруларының саны туралы есеп;
осы бұйрыққа 16-қосымшаға сәйкес стационардан шыққан науқастар контингенттері туралы есеп;
осы бұйрыққа 17-қосымшаға сәйкес медицина және фармацевтика кадрлары туралы есеп;
осы бұйрыққа 18-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің жұмысы туралы есеп;
осы бұйрыққа 19-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымының есебі;
осы бұйрыққа 20-қосымшаға сәйкес балаларға медициналық көмек көрсету туралы есеп;
осы бұйрыққа 21-қосымшаға сәйкес жүкті, босанатын және босанған әйелдерге медициналық көмек көрсету туралы есеп;
осы бұйрыққа 22-қосымшаға сәйкес жедел медициналық жәрдем ұйымының есебі;
осы бұйрыққа 23-қосымшаға сәйкес фельдшерлік-акушериялық, фельдшерлік, медициналық пункттердің және жеке үй-жайы жоқ медицина қызметкерінің есебі;
осы бұйрыққа 24-қосымшаға сәйкес ересектерге арналған туберкулез санаторийінің есебі;
осы бұйрыққа 25-қосымшаға сәйкес саламатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, дезинфекция станциясының, денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының және оның аумақтық филиалдарының (медициналық статистика бюросы) штат лауазымдары туралы есеп;
осы бұйрыққа 26-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау ұйымдарының желісі және қызметі туралы есеп;
осы бұйрыққа 27-қосымшаға сәйкес балалар мүгедектігі туралы есеп;
осы бұйрыққа 28-қосымшаға сәйкес жарақаттар, уланулар және сыртқы себептердің әсерінің кейбір басқа салдары туралы есеп.
29) осы бұйрыққа 28-1-қосымшаға сәйкес балаларға жүргізілген скрининг нәтижелері туралы есеп нысаны;
1-тармақ 29-тармақшамен толықтырылды ҚР Денсаулық сақтау министрінің 11.02.2025 жылғы № 7 Бұйрығына сәйкес (өзгерту 24.02.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы бұйрыққа 29-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі Ұлттық
статистика бюросы
Қазақстан Республикасы
 Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 22 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ -313/2020
Бұйрыққа 1-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: Республикасы Денсаулық сақтау минитрлігінің Cанитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.dsm.gov.kz 
Жекелеген инфекциялық және паразиттік аурулар туралы есеп
Есепті кезең 20 __ жылғы ________________ айға
Индекс: 1- ОИПЗ
Кезеңділігі: ай сайын