Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 939 қаулысы
Toggle Dropdown
Редакция 06.06.2022 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына академик Н.Ж. Батпеновтің есімі берілсін.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының атауы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып өзгертілсін.
Toggle Dropdown
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Toggle Dropdown
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысына енгізілетін тиісті өзгерістерді бекітуге ұсынуды;
Toggle Dropdown
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамында кәсіпорынды мемлекеттік қайта тіркеуді;
Toggle Dropdown
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
Toggle Dropdown
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Toggle Dropdown
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
Toggle Dropdown
2) «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Ұлттық экономика министрліктерінің кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы № 71 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 6, 41-құжат):
Toggle Dropdown
көрсетілген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі туралы ережеде:
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
Toggle Dropdown
«1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
Toggle Dropdown
реттік нөмірі 11-жол мынадай редакцияда жазылсын:
Toggle Dropdown
«11. Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы».
Toggle Dropdown
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин