Toggle Dropdown
69
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі
Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI Кодексі
Toggle Dropdown
Редакция 01.01.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
ЖАЛПЫ БӨЛІК
Toggle Dropdown
1-БӨЛІМ. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
Toggle Dropdown
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Toggle Dropdown
1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар
Toggle Dropdown
1. Осы Кодекс адам мен табиғаттың өзара іс-қимылы (экологиялық қатынастар) саласында жеке және заңды тұлғалардың қоршаған ортаға әсер ететін немесе әсер етуге қабілетті қызметті жүзеге асыруына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Toggle Dropdown
Осы Кодексте реттелетін қатынастарға мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың экологиялық және гидрометеорологиялық ақпаратқа қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг, метеорологиялық және гидрологиялық мониторинг жүргізу саласындағы қоғамдық қатынастар да жатады.
Toggle Dropdown
2. Табиғи ресурстарды пайдалану саласында, сондай-ақ қолданылу шамасына қарай, оларды сақтау, қалпына келтіру және молықтыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастар, табиғи ресурстың түріне қарай тиісінше Қазақстан Республикасының жер, су, орман заңнамасында, Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы, жануарлар дүниесін қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы заңнамасында және Қазақстан Республикасының табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану саласындағы өзге де заңнамасында реттеледі.
Toggle Dropdown
3. Қоршаған ортаны қорғау саласында туындайтын қоғамдық қатынастар, сондай-ақ халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету үшін қажетті және осы Кодекске қайшы келмейтін шамада Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасында реттеледі.
Toggle Dropdown
4. Техникалық реттеу саласында және стандарттау саласында өнімге, көрсетілетін қызметке, өнімнің өмірлік циклінің процестеріне (бұдан әрі – процестер), сәйкестікті бағалауға және растауға, аккредиттеуге қойылатын міндетті және ерікті талаптарды айқындау, белгілеу, қолдану және орындау кезінде, сондай-ақ осы Кодекске қайшы келмейтін шамада туындайтын қоршаған ортаны қорғау саласындағы қоғамдық қатынастар тиісінше Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы және стандарттау туралы заңнамасында реттеледі.
Toggle Dropdown
5. Атом энергиясын пайдалану және халықтың радиациялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастар осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану, радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы арнаулы заңнамасында реттеледі.
Toggle Dropdown
6. Биологиялық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы қоғамдық қатынастар осы Кодекске қайшы келмейтін бөлігінде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы арнаулы заңнамасында реттеледі.
Toggle Dropdown
7. Жеке және заңды тұлғалар, мемлекет, мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар осы Кодексте реттелетін қатынастардың субъектілері болып табылады.
Toggle Dropdown
2-бап. Қазақстан Республикасының экология заңнамасы
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының экология заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекстен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Toggle Dropdown
2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында, оның ішінде Қазақстан Республикасының құрлықтық қайраңында және айрықша экономикалық аймағында халықаралық құқық нормаларына сәйкес қолданылады.
Toggle Dropdown
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодексте қамтылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар, халықаралық шарттан оны қолдану үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актісін шығару талап етілетін жағдайларды қоспағанда, экологиялық қатынастарға тікелей қолданылады.
Toggle Dropdown
4. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа ретте, экологиялық қатынастарды реттейтін нормаларды Қазақстан Республикасының басқа заңдарына енгізуге тыйым салынады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының экологиялық қатынастарды реттейтін нормалар қамтылған өзге де заңдары арасында қайшылық болған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
Toggle Dropdown
5. Экологиялық қатынастар осы Кодекстің нормаларында реттелмеген жағдайларда оларға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасы қолданылады.
Toggle Dropdown
3-бап. Қазақстан Республикасының экология заңнамасының мақсаты мен міндеттері
Toggle Dropdown
1. Қазақстан Республикасының экология заңнамасының мақсаты Қазақстан Республикасында бірыңғай мемлекеттік экологиялық саясатты іске асырудың құқықтық негіздерін, міндеттері мен қағидаттарын, сондай-ақ тетіктерін айқындау болып табылады.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасы экология заңнамасының міндеттері:
Toggle Dropdown
1) қоршаған ортаның ластануын болғызбауға, кез келген нысандарда экологиялық залалдың келтірілуіне жол бермеуге және келтірілген экологиялық залалдың салдарларын жоюды қамтамасыз етуге, сондай-ақ қоршаған ортаға жағымсыз антропогендік әсерді біртіндеп азайтуға бағытталған мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру арқылы қоршаған ортаны қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
2) адамның өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының орнықты дамуының экологиялық негіздерін қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
4) орнықты даму тұрғысынан климаттың өзгеру қатеріне жаһандық ден қоюды нығайтуға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, климаттың өзгеруіне және «жасыл» экономикаға көшуге бейімделу жөніндегі халықаралық, өңірлік және трансшекаралық бағдарламаларды іске асыруға Қазақстан Республикасының үлесін қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
5) қоршаған ортаны, оның ішінде ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылықты білдіретін аумақтар мен объектілерді қорғау, сақтау және қалпына келтіру;
Toggle Dropdown
6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың барлық мемлекеттік органның өзара іс-қимыл жасауы мен қызметін үйлестіруді көздейтін тиімді жүйесін қалыптастыру;
Toggle Dropdown
7) мемлекеттің «жасыл» инвестициялар тартуды және ең үздік қолжетімді техникаларды, ресурс үнемдейтін технологиялар мен практикаларды кеңінен қолдануды, түзілетін қалдықтардың көлемін азайтуды және қауіптілік деңгейін төмендетуді және оларды тиімді басқаруды, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды, суды үнемдеуді, сондай-ақ энергия тиімділігін арттыру, табиғи ресурстарды орнықты пайдалану, қалпына келтіру және молықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруды көтермелеуі және ынталандыруы;
Toggle Dropdown
8) жұртшылық үшін экологиялық ақпараттың тұрақты және жүйелі жиналуын, жинақталуын, сақталуын, талдануы мен таратылуын, оның ішінде заманауи цифрлық технологияларды пайдалана отырып қамтамасыз ету, сондай-ақ әрбір адамның экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығын сақтау, осы құқықты іске асырудың негізгі шарттарын, тәртібі мен ерекшеліктерін айқындау;
Toggle Dropdown
9) қоршаған ортаны қорғау және Қазақстан Республикасының орнықты даму мәселелерін шешуде жариялылықты және жұртшылықтың жан-жақты қатысуын қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
10) тиімді экологиялық мониторинг пен экологиялық бақылауды қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
11) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүргізуге, қоршаған ортаны қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін қолда бар инфрақұрылымды жаңғыртуға және жаңасын салуға инвестициялар тарту үшін жағдай жасау;
Toggle Dropdown
12) қоршаған ортаны қорғау саласында Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің орындалуын, халықаралық ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз ету;
Toggle Dropdown
13) қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру, барлық білім беру деңгейінде экологиялық білімді насихаттау, орнықты дамуды қамтамасыз ету мақсатында экологиялық білім беру мен ағартуды дамыту;
Toggle Dropdown
14) қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңдылық пен құқық тәртібін нығайту.
Toggle Dropdown
4-бап. Экологиялық қауіпсіздік және Қазақстан Республикасының орнықты дамуының экологиялық негіздері
Toggle Dropdown
1. Қазіргі және болашақ ұрпақтың қажеттіліктерін әділ қанағаттандыру мақсатында экологиялық қауіпсіздік қамтамасыз етілген және табиғи ресурстар экологиялық теңгерімді пайдаланылған кезде экологиялық орнықтылықты бұзбай қол жеткізілетін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы орнықты даму деп танылады.
Toggle Dropdown
2. Қазақстан Республикасының орнықты дамуының экологиялық негіздері мыналар болып табылады:
Toggle Dropdown
1) қоршаған ортаға антропогендік әсер барынша азайтылған, жаңартылмайтын табиғи ресурстарды тұтыну қысқартылған, қалдықтардың түзілу және көмілу деңгейі төмендетілген, сондай-ақ оларды қайталама ресурстар ретінде пайдалану ынталандырылған кезде халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру сапасының артуымен сипатталатын өндіріс пен тұтынудың орнықты модельдерін қалыптастыру және қолдау;
Toggle Dropdown
2) табиғи экологиялық жүйелердің орнықты жұмыс істеуі, биологиялық әртүрлілікті (бұдан әрі – биоәртүрлілікті) сақтау және орнықты пайдалану, табиғи ортаның тозуына жол бермеу және оны жақсарту жөніндегі шараларды іске асыру, шөлейттенумен күрес;
Toggle Dropdown
3) Қазақстан Республикасының климаттың өзгеруін болғызбау және климаттың өзгеруіне бейімделу жөніндегі, сондай-ақ Жер атмосферасының озон қабатын қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыру арқылы климаттың өзгеру қатеріне жаһандық ден қоюға қатысуы;
Toggle Dropdown
4) Жер экожүйесінің саламатты жай-күйі мен тұтастығын сақтау, қорғау және қалпына келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы;
Toggle Dropdown
5) Қазақстан Республикасының экология заңнамасын халықаралық құқықтың қағидаттарымен және нормаларымен үйлестіру және халықаралық экологиялық құқықты дамытуға жәрдемдесу;
Toggle Dropdown
6) экологиялық залал немесе адамның өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіретін кез келген қызметтің түрлерін және заттардың басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан басқа мемлекеттерге көшіруді және ауыстыруды тежеу, болғызбау, сондай-ақ сақтық қағидатына сәйкес алдын алу шараларын қабылдау.
Toggle Dropdown
3. Адамның, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен өмірлік маңызды мүдделерінің қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсер ету салдарынан туындайтын қатерлерден қорғалу жағдайы ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде экологиялық қауіпсіздік деп түсініледі.
Toggle Dropdown
1
5-бап. Қазақстан Республикасының экология заңнамасының қағидаттары
Toggle Dropdown
Экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:
Toggle Dropdown
1) болғызбау қағидаты: қоршаған ортаның ластануын, табиғи ортаның тозуын, экологиялық залал және адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілуін туғызатын немесе туғызуы мүмкін кез келген қызмет осы Кодексте белгіленген шеңберде, қоршаған ортаға әсер ету көзінің өзінде көрсетілген салдарлардың туындауын болғызбау жөніндегі барлық қажетті шаралар қамтамасыз етілген жағдайда ғана жол беріледі;