Toggle Dropdown
Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 31 желтоқсандағы № 485 Жарлығы
Toggle Dropdown
Редакция 26.03.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Toggle Dropdown
1. Қоса беріліп отырған жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
Toggle Dropdown
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2020 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 485 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Toggle Dropdown
1
Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын
БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫ
Toggle Dropdown
1-тарау. Жалпы ережелер
Toggle Dropdown
1. Осы Жекелеген мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары (бұдан әрі – Біліктілік талаптары) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары, Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын министрлердің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және аппараттарының басшылары, сондай-ақ облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың, облыстық маңызы бар қалалардың, облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері мемлекеттік саяси лауазымдарына (бұдан әрі – мемлекеттік саяси лауазымдар) орналасу үшін әзірленді және осы мемлекеттік саяси лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтарға (бұдан әрі – кандидат) қойылады.
Toggle Dropdown
2. Мемлекеттік саяси лауазымдарға қойылатын талаптар:
Toggle Dropdown
1) білімі бойынша талаптарды;
Toggle Dropdown
2) құзыреттер бойынша талаптарды;
Toggle Dropdown
3) жұмыс тәжірибесі бойынша талаптарды қамтиды.
Toggle Dropdown
2-тарау. Білімі бойынша талаптар
Toggle Dropdown
3. Мемлекеттік саяси лауазымдарға орналасу үшін кандидаттардың жоғары білімінің болуы талап етіледі.
Toggle Dropdown
Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын министрлердің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары мемлекеттік саяси лауазымдарына орналасуға арналған білімі бойынша талаптарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша мемлекеттік саяси қызметшінің тікелей басшысы бекітеді.
Toggle Dropdown
Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің, сондай-ақ облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдерінің бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және аппараттарының басшыларын мемлекеттік саяси лауазымдарына орналасуға арналған білімі бойынша талаптар міндеттерді (қызметтің функционалдық бағыттарын) бөлумен айқындалады.
Toggle Dropdown
Саяси мемлекеттік лауазымдар үшін нақты салада кемінде он бес жыл практикалық жұмыс тәжірибесі болған кезде мамандығы бойынша жоғары білімнің болуы талап етілмейді.
Toggle Dropdown
Осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде белгіленген талаптар мемлекеттік саяси лауазымға кандидаттарды тағайындау Қазақстан Республикасы Президентінің келісімімен жүзеге асырылатын жағдайларда қолданылмайды.
Toggle Dropdown
3-тарау. Құзыреттер бойынша талаптар
Toggle Dropdown
4. Мемлекеттік саяси лауазымдарға орналасу үшін құзыреттердің болуы талап етіледі.
Toggle Dropdown
Мемлекеттік саяси лауазымдарға орналасу үшін құзыреттердің тізбесін және оларды бағалау тәртібін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Toggle Dropdown
4-тарау. Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар
Toggle Dropdown
5. Жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес еңбек өтілі және (немесе) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет өтілі және (немесе) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы жұмыс өтілін қамтиды.
Toggle Dropdown
5-1. Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарларының, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын министрлердің бірінші орынбасарлары мен орынбасарларының мемлекеттік саяси лауазымдарының міндеттерін (қызметтің функционалдық бағыттарын) бөлуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісу бойынша мемлекеттік саяси қызметшінің тікелей басшысы бекітеді.
Toggle Dropdown
5-2. Президенттік жастар кадр резервіне қабылданған адамдардың функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда білімі болса, онда болу мерзімі аяқталғаннан кейін соңғы атқаратын мемлекеттік саяси лауазымдарға, сондай-ақ төмен тұрған лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарға сәйкес келеді.
Toggle Dropdown
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары, Үкіметтің Қазақстан Республикасының Парламентіндегі өкілі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігін, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігін, құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарды қоспағанда) басшыларының бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын министрлердің бірінші орынбасарлары мен орынбасарлары мемлекеттік саяси лауазымдарына орналасу үшін:
Toggle Dropdown
1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, тиісті жетекшілік ететін саладағы бағытта кемінде төрт жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
2) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде айқындалған «Б» корпусының А-1, В-2, С-2, D-2, С-О-2, D-О-2 санаттарынан төмен емес басшы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, тиісті жетекшілік ететін саладағы бағытта кемінде төрт жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
2-1) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік орган департаменті бастығының орынбасарынан төмен емес немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, тиісті жетекшілік ететін саладағы бағытта кемінде төрт жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
3) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда, басшы лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған кезде, тиісті жетекшілік ететін бағыттағы салада кемінде төрт жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
4) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарының департамент директорларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, тиісті жетекшілік ететін саладағы бағытта кемінде төрт жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
5) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде орта кәсіпкерлік субъектілері, квазимемлекеттік сектор субъектілері не жылдық орташа штат саны кемінде жүз адам болатын коммерциялық емес ұйымдар басшыларының орынбасарларынан төмен емес лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, тиісті жетекшілік ететін бағыттағы салада кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
6) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда басшы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, тиісті жетекшілік ететін саладағы бағытта кемінде төрт жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
7) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде тиісті жетекшілік ететін бағыттағы салада кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ғылыми дәрежесі бар болған жағдайда, басшы лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
8) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламалары (PhD, бейін бойынша доктор) бойынша оқуын аяқтаған жағдайда, тиісті жетекшілік ететін бағыттағы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
9) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде жетекшілік ететін салада ең жоғары жетістігі болған жағдайда*, тиісті жетекшілік ететін бағыттағы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
10) не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
11) не кандидатты мемлекеттік саяси лауазымға тағайындауға Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі талап етіледі.
Toggle Dropdown
7. Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің бірінші орынбасарлары, орынбасарлары және аппараттарының басшылары, сондай-ақ облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдері мемлекеттік саяси лауазымдарына орналасу үшін:
Toggle Dropdown
1) кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, тиісті жетекшілік ететін бағыттағы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
2) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде айқындалған «Б» корпусының А-1, В-2, С-2, D-2, С-О-2, D-О-2 санаттарынан, не орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларының орынбасарларынан, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелері басшыларының орынбасарларынан төмен емес басшы лауазымдарда, не облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдері аппараттарының құрылымдық бөлімшелері басшыларының лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, тиісті жетекшілік ететін бағытқа сәйкес келетін салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
2-1) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде орталық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік орган департаменті бастығының орынбасарынан төмен емес немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес басқарма бастығы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
3) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда, басшы лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, жетекшілік ететін саладағы бағытта кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
4) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарының департамент директорларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, жетекшілік ететін саладағы бағытта кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
5) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде орта кәсіпкерлік субъектілері, квазимемлекеттік сектор субъектілері не жылдық орташа штат саны кемінде жүз адам болатын коммерциялық емес ұйымдар басшыларының орынбасарларынан төмен емес лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, жетекшілік ететін саладағы бағытта кемінде төрт жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
6) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда басшы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, жетекшілік ететін саладағы бағытта кемінде төрт жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
7) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде жетекшілік ететін саладағы бағытта кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ғылыми дәрежесі бар болған жағдайда, басшы лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
8) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура бағдарламалары (PhD, бейін бойынша доктор) бойынша оқуын аяқтаған жағдайда, жетекшілік ететін саладағы бағытта кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
9) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде жетекшілік ететін салада ең жоғары жетістігі болған жағдайда*, жетекшілік ететін саладағы бағытта кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
10) не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
11) не кандидатты мемлекеттік саяси лауазымға тағайындауға Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі талап етіледі.
Toggle Dropdown
Облыстардың әкімшілік орталығы болып табылатын қалалардың әкімдері мемлекеттік саяси лауазымдарына орналасу үшін сондай-ақ ұйымдық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындауға байланысты лауазымдарда кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуы талап етіледі.
Toggle Dropdown
8. Облыстық маңызы бар қалалардың (облыстың әкімшілік орталығы болып табылатын қалаларды қоспағанда), облыстар аудандарының және қалалардағы аудандардың әкімдері мемлекеттік саяси лауазымдарына орналасу үшін ұйымдық-өкімдік және әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындауға байланысты лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілінің болуы талап етіледі. Аталған лауазымдарға орналасу үшін сондай-ақ:
Toggle Dropdown
1) кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында не Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде, тұрақты негізде жұмыс істейтін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, облыстың ауданы мәслихатының депутаты мәртебесінде кемінде алты ай болған жағдайда, мемлекеттік қызметте кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
2) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде айқындалған «Б» корпусының А-3, В-4 санаттарынан, сондай-ақ С-3, D-3, С-О-3, С-R-1, D-О-2, E-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес басшы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда, мемлекеттік қызметте екі жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
2-1) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік орган басқармасының бастығынан төмен емес немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес бөлім бастығы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
3) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді даярлау мемлекеттік бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда, басшы лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
4) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарының басшы лауазымдарда кемінде екі жыл қызмет өтілі;
Toggle Dropdown
5) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде орта кәсіпкерлік субъектілерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің не жылдық орташа штат саны кемінде елу адам болатын коммерциялық емес ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі:
Toggle Dropdown
6) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдардың, шетелдік мемлекеттік құрылымдардың лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
7) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ғылыми дәрежесі болған жағдайда, басшы лауазымдарда кемінде екі жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
8) не шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын докторантура бағдарламалары (PhD, бейін бойынша доктор) бойынша оқуын аяқтаған жағдайда, кемінде үш жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
9) не кемінде үш жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ең жоғары жетістігі болған жағдайда*, басшы лауазымдарда кемінде бір жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
10) не Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
Toggle Dropdown
11) не кандидатты мемлекеттік саяси лауазымға тағайындауға Қазақстан Республикасы Президентінің келісімі талап етіледі.
Toggle Dropdown
*білім, ғылым, мәдениет және спорт саласындағы әлемдік деңгейдегі конкурстарда, жарыстарда жүлделі орындарды иеленуі.
Toggle Dropdown
Ескертпе.
Toggle Dropdown
Кандидаттар өзінің білімі, жұмыс тәжірибесі, құзыреті, кәсіби деңгейі және беделіне (сертификаттардың, біліктілігін арттыру туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілгені туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми басылымдар, олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын басқа мәліметтер) қатысты қосымша ақпаратты ұсына алады.