Toggle Dropdown
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 31 желтоқсанда № 22004 болып тіркелді
Редакция 13.10.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 9-бабының 26) тармақшасына, 40-2) және 40-4) тармақшаларына, 19-бабының 1) және 2) тармақшаларына және 20, 21 және 22-баптарына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жататын тамақ өнімін өндіру объектілеріне есепке алу нөмірлерін беру және олардың тізілімін жүргізу қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың нормативтік құқықтық актілерінде айқындалатын өнімді мемлекеттік тіркеу қағидалары;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаттарды және оларға қосымшаларды беру, олардың қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату қағидалары;
5) осы бұйрыққа 4-1-қосымшаға сәйкес «Денсаулық сақтау саласындағы дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау бойынша қызметтерді көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі А. Цой
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығына
1-қосымша
Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары
1. Осы Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 19-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына және 20-бабына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және эпидемиялық мәні жоғары объектінің және қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру, қолданылуын қайта бастау, қайта ресімдеу, тоқтату бойынша тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама – органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, иммундық-биологиялық, молекулалық-генетикалық, токсикологиялық, радиологиялық, радиометриялық, дозиметриялық өлшеулердің, электрмагниттік өрістер мен физикалық факторларды өлшеулердің, басқа да зерттеулер мен сынақтардың кешені, сондай-ақ жобалардың, өнімнің, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін бағалау мақсатында жобалардың сараптамасы;
2) санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалау объектілерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігін растайтын құжат;
3) иондаушы сәулелену көзі (бұдан әрі – ИСК) – радиоактивті заттар, құрамында радиоактивті заттар бар аппараттар немесе құрылғылар, сондай-ақ иондаушы сәуле шығаратын немесе шығаруға қабілетті электрофизикалық аппараттар немесе құрылғылар.
2-тарау. Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі
3. «Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – объектінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) тиісті аумақтағы объектінің орналасқан жері бойынша «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
4. Эпидемиялық мәні жоғары объектінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) алу үшін жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге портал арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген нысан бойынша өтініш және осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген Объектінің мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Тізбесі) 8-тармағына сәйкес құжаттарды жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетіне» объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып хабарлама жіберіледі.
5. Көрсетілетін қызметті алушы өтінішті келіп түскен күні тіркейді. Жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың деректері туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
7. Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген мерзімде өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Көрсетілетін қызметті беруші басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойылған өтінішті өтінішті қабылдаудан бас тарту көрсетілетін қызметті алушыға электрондық құжат нысанында жіберіледі.
Аккредиттелген зертханалар жүргізген зерттеулер (сынақтар) хаттамаларының мерзімі 1 жылды құрайды. Аккредиттелген зертханалар жүргізген өлшемдер хаттамаларының қолданылу мерзімі 3 жылды құрайды.
8. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері 4 (төрт) жұмыс күнде көрсетілетін қызметті алушы объектіге кіруін қамтамасыз еткен жағдайда мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық нормалау жүйесі құжаттарының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және объектіге бару туралы көрсетілетін қызметті алушыны алдын ала хабардар ету. Оның нәтижелері бойынша 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеріп қарау актісі ресімделеді.
9. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері объектіге тексеру жүргізгеннен кейін осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген объектіні санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісінің және Объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттардың негізінде 2 (екі) жұмыс күні ішінде өтінішті осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды, оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 20 тамыздағы № ҚР ДСМ-84 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24082 болып тіркелген) нысан бойынша объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді.
10. Көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидалардың Объектілерге мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы шешім қабылдаған кезде, көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 66-бабында көзделген тәсілдердің бірімен көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім туралы хабарлама жібереді. Хабарламаны көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамы ӘРПК-нің 73-бабына сәйкес көрсетілетін қызмет аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің алдын ала шешіміне қарсылық білдіруге немесе ұсынуға құқылы.
Тыңдауды өткізу нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші объектілерге санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды ресімдейді және береді не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жібереді.
11. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын хабардар етеді.
Көрсетілетін қызметті беруші Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Уәкілетті орган мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер және/немесе толықтырулар туралы ақпаратты өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдарға және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
3-тарау. Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру тәртібі
13. «Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері тиісті аумақтағы объектінің орналасқан жері бойынша (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
14. Қоршаған ортаға зиянды заттар мен физикалық факторлардың жол берілетін шекті шығарындылары мен жол берілетін шекті төгінділері, санитариялық қорғау аймақтары мен санитариялық-қорғаныш аймақтары бойынша нормативтік құжаттама жобаларының, шикізат пен өнімнің жаңа түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны (бұдан әрі – жобаларға санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды) алу үшін жеке тұлға дара кәсіпкер ретінде немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге осы Қағидаларға 6-қосымшада көрсетілген нысан бойынша өтінішті және осы Қағидаларға 5-қосымшада көрсетілген Жобаларға мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінің (бұдан әрі – Жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесі) 8-тармағына сәйкес құжаттарды портал арқылы жібереді.
Көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
15. Көрсетілетін қызметті беруші өтініш келіп түскен күні оны тіркеуді жүзеге асырады. Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
16. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері жобаларға мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды тіркеген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.