Bestprofi Logo

Қаулы № 941 от 2020-12-30г./Қазақстан Республикасының Үкіметі

«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить на почту


Языки документа

Внимание! Документ утратил силу с 11.11.2023 г.

Документ на казахском языке

«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 941 қаулысы

Осы Қаулы 2023 жылғы 11 қарашадан бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 27.10.2023 жылғы № 950 Қаулысына сәйкес 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 тамыздағы № 891 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 51, 691-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

«Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы»;

«1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары бекітілсін.»;

көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларында:

«5) шетелдік сарапшы – сараптамалық қорытынды беретін, тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС үшін тартылатын шетелдік сарапшы – Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын сарапшы, сондай-ақ шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген осы мемлекетте тұрақты тұру құқығына құжаты бар, мамандығы бойынша Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі шетелдік ғылыми ұйымдарда жұмыс тәжірибесі бар, соңғы 5 (бес) жылда Web of Science халықаралық дерекқорының алғашқы екі квартиліне кіретін журналдарда кемінде төрт ғылыми мақала және (немесе) шолулар жариялаған және Web of Science және (немесе) Scopus халықаралық деректер базасына сәйкес соңғы 5 (бес) жылда кемінде бес Хирш индексі бар Қазақстан Республикасының азаматы.

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдардың соңғы 5 (бес) жылда Web of Science дерекқорының Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index, Russian Science Citation Index және (немесе) Emerging Sources Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасында СiteScore бойынша тағайындау сәтінде кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар журналдарда кемінде екі мақаласы және (немесе) шолуы болуға тиіс. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарға соңғы 5 (бес) жылда кемінде бес Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды;

6) қазақстандық сарапшы – сараптамалық қорытынды беретін, сондай-ақ тиісті біліктілігі, ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі және мамандығы бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс өтілі бар жеке тұлға. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС үшін тартылатын қазақстандық сарапшы – шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес берілген осы мемлекетте тұрақты тұру құқығына құжаты бар Қазақстан Республикасының азаматтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын, оның ішінде шетелде уақытша жүрген немесе одан тыс жерлерде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінде жүрген, соңғы 5 (бес) жылда Web of Science халықаралық дерекқорының алғашқы үш квартиліне кіретін журналдарда кемінде 2 (екі) ғылыми мақаласы және (немесе) шолуы және (немесе) Scopus Web of Science және Scopus халықаралық деректер базасына сәйкес соңғы 5 (бес) жылда кемінде 3 (үш) Хирш индексі бар сарапшы.

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдар соңғы 5 (бес) жылда Web of Science дерекқорының Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index, Russian Science Citation Index және (немесе) Emerging Sources Citation Index Web of Science индекстелетін және (немесе) Scopus базасында СiteScore бойынша тағайындалу сәтінде кемінде 35 (отыз бес) процентилі бар журналда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу не білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған басылымдарда кемінде 10 (он) мақала және (немесе) шолу жариялауға тиіс. Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында маманданған адамдарға соңғы 5 (бес) жылда кемінде үш Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды.

Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласында маманданған, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қамтитын жобалармен жұмыс істеу үшін тиісті рұқсаты бар адамдарға жарияланымдардың және Хирш индексінің болуы жөніндегі талаптар қолданылмайды.

Гранттық қаржыландыру шеңберінде ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет туралы қорытынды есептерге МҒТС жүргізуге тартылатын қазақстандық сарапшылар соңғы 5 (бес) жылда Web of Science дерекқорының Science Citation Index Expanded, Social Science Citation Index, Arts and Humanities Citation Index, Russian Science Citation Index және (немесе) Emerging Sources Citation Index индекстелетін және (немесе) Scopus базасында СiteScore бойынша тағайындалу сәтінде кемінде 25 (жиырма бес) процентилі бар журналда кемінде 1 (бір) мақала немесе шолу жариялауға тиіс. Бұл сарапшыларға Хирш индексінің болуы жөніндегі талап қолданылмайды.»;

«13) шекті балл – ғылыми зерттеулерді гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберіндегі өтінімдер үшін кемінде 25 балл және ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы ғылымның басым бағыты бойынша өтінімдер үшін кемінде 21 балл құрайтын МҒТС балы.»;

«10. Тапсырыс беруші заңнамада белгіленген талаптарға сәйкес бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілеріне және өзге МҒТС объектілеріне МҒТС жүргізуге өтінімді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұйымдастырушыға конкурсқа өтінімдер қабылдаудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдайды. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ұсынылған МҒТС объектілері үшін тапсырыс беруші жүргізілетін ғылыми зерттеулердің нәтижелілігі мониторингінің жетектеуші мәселелері мен индикаторларын көрсете отырып, қосымша бағалау өлшемшарттарының тізбесін де ұсынады.»;

мынадай мазмұндағы 10-1, 10-2 және 10-3-тармақтармен толықтырылсын:

«10-1. Өтінімдер тапсырыс берушіден түскен күннен бастап ұйымдастырушы оларды осы Қағидалардың мынадай талаптарының сақталуы тұрғысынан тексереді:

1) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектісінде ЖТН болуы;

2) өтінімді ресімдеудің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес болуы;

3) талап етілген құжаттардың толық көлемде конкурстық құжаттама қосымшаларына сәйкес ұсынылуы;

5) МҒТС объектісі тақырыбының немесе мазмұнының МҒТС-ға бұрын ұсынылған, бірақ қаржыландыру мақұлданбаған не бір уақытта ұсынылған МҒТС объектілерімен қайталану фактілерінің болмауы;

6) гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысушының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектісін аккредиттеу жөніндегі куәлігінің болуы;

7) этика және биоэтика мәселелері бойынша орталық немесе жергілікті комиссиялардың оң қорытындысының (адамдарға және жануарларға жүргізілетін биомедициналық зерттеулер үшін) болуы;

8) ғылыми жетекшінің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес болуы;

9) күтілетін нәтижелердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес болуы.

10-2. Өтінім түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде ұйымдастырушы осы Қағидалардың 10-1 тармағының 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін өтінімдерді алдын ала тексеру нәтижелері бойынша МҒТС жүргізбей өтінім берушіге қайтарады.

Ұйымдастырушы осы Қағидалардың 10-1-тармағының 1), 2), 3), 7) және 9) тармақшаларына сәйкес келмейтін өтінімдерді барлық ескертулерді көрсете отырып, ұйымдастырушының ақпараттық жүйесі арқылы өтінім берушіге пысықтауға жолдайды.

10-3. Ұйымдастырушы өтінімді пысықтауға жіберген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім беруші қайта пысықталған өтінімді ұйымдастырушының ақпараттық жүйесі арқылы жолдайды.

Пысықталған өтінімдерді алған кезде ұйымдастырушы бұрын көрсетілген ескертулердің жойылуы және осы Қағидалардың 10-1-тармағының 1), 2), 3), 7) және 9) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру жүргізеді, ескертулер жойылмаған жағдайда пысықталған өтінімдерді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінімді өтінім берушіге қайтарады.

Тапсырыс берушіден өтінімдер түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде ұйымдастырушы оларды тапсырыс берушіге қайтарады.

Тапсырыс беруші өтінімдерді өтінім берушіге қайтарады және олар ұйымдастырушыдан қайтарылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде өзінің интернет-ресурсында қайтарылған өтінімдер тізбесін жариялайды.

Осы Қағидалардың 10-1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін өтінімдер тапсырыс берушіден өтінім түскен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні өткеннен кейін МҒТС жүргізуге жатады.»;

конкурс шеңберінде және конкурстық рәсімдерден тыс ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін шетелдік екі сарапшыны және қазақстандық бір сарапшыны (МҒТС объектісін зерттеу саласы бойынша осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін қазақстандық сарапшылар дәлелді себеппен болмаған жағдайда, үшінші шетелдік сарапшы тартылады);

ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру шеңберінде жобаның (жобалардың) қорытынды есебіне (есептеріне), бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру бойынша бағдарламалардың аралық және қорытынды есептеріне МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны не комиссиялық (кешенді) сараптама арқылы (есептерді зерттеу саласы бойынша осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір, не екі, не үш қазақстандық сарапшы дәлелді себеппен болмаған жағдайда, тиісінше бір, не екі, не үш шетелдік сарапшы тартылады);

ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған жұмыстарға МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны (ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықты алу үшін ұсынылған жұмыстарды зерттеу саласында осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін бір, не екі не, үш қазақстандық сарапшы дәлелді себеппен болмаған жағдайда, тиісінше бір, не екі, не үш шетелдік сарапшы тартылады);

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік құпияларды құрайтын және қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны іріктейді не комиссиялық және (немесе) кешенді сараптама арқылы;

ғылымның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы басым бағыты бойынша ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларға МҒТС жүргізу үшін қазақстандық үш сарапшыны не комиссиялық және (немесе) кешенді сараптама арқылы;

жобалар мен бағдарламаларды қаржыландырудың сұрау салынған көлемінің негізділігін бағалау үшін бір сарапшыны;

іске асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларға МҒТС жүргізу үшін шетелдік бір сарапшыны;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын сақтай отырып, іске асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспайтын, ғылымның ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс саласындағы басым бағыты бойынша және (немесе мемлекеттік құпияларды құрайтын) және қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобаларға МҒТС жүргізу үшін қазақстандық бір сарапшыны іріктейді»;

«Сараптамалық қорытындыда сарапшы осы Қағидаларға 8-қосымшада көрсетілген аралық есептерге және ғылым мен техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылған жұмыстарға арналған сараптамалық бағалау жүйесіне сәйкес әрбір бағалау өлшемшарты бойынша балл қояды. Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық жобалар мен бағдарламалар бойынша қосымша бағалау өлшемшарттарын тапсырыс берушінің ұсынысы бойынша ұйымдастырушы белгілейді.»;

«14. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ тапсырыс берушінің өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздерден гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға ұсынылған МҒТС объектілерінің МҒТС нәтижесі МҒТС сараптамалық қорытындысы болып табылады.»;

«15. Ұйымдастырушы өзінің интернет-ресурсында:

1) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен гранттық немесе бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсы шеңберінде МҒТС өткеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілген конкурс шеңберінде МҒТС шекті балынан төмен балл алған МҒТС объектілері бойынша ЖТН, МҒТС қорытындысы негізіндегі қорытынды балдарды;

2) мемлекеттік құпияларды құрайтын және қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерден тұратын объектілерге МҒТС жүргізу үшін тартылған қазақстандық сарапшыларға қатысты ақпаратты қоспағанда, жыл сайын жылдың соңында ұйымдар мен елдер бойынша Хирш орташа индексін көрсете отырып, МҒТС жүргізу үшін тартылған қазақстандық және шетелдік сарапшыларды тарту туралы жалпы талдауды;

3) МҒТС аяқталғаннан кейін ұйымдастырушының интернет-ресурсы арқылы ғылыми жетекшіге және өтініш берушіге жолданатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша МҒТС жүргізуге тартылған сарапшылардың Хирш индекстерін жариялайды.»;

1) өтінімнің мақұлдануы немесе қабылданбауы нәтижесіне өзі жеке немесе қаржылық жағынан мүдделі болғанда;

2) соңғы бес жылдағы тең авторлықты, өтінімді дайындау кезінде тікелей қатысуды, зерттеу нәтижелері бойынша бірлескен жарияланымдарды жоспарлауды және осы нәтижелерді соңғы 5 (бес) жыл ішінде қолдануды қоса алғанда, ғылыми жобаның және (немесе) бағдарламаның орындаушысымен бірлескен жарияланымдары болғанда;

3) соңғы 5 (бес) жыл ішінде ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысына тікелей жетекшілік жасағанда, оған бағынысты болғанда немесе консультациялық қызметтер көрсеткенде;

4) ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысымен некеде (ерлі-зайыптылықта) немесе жақын туысы болып табылғанда;

5) ғылыми жоба және (немесе) бағдарлама орындаушысының ата-анасының, жұбайының (зайыбының) жақын туысы болып табылғанда;

7) жобаның немесе бағдарламаның ғылыми жетекшісінің диссертациялық жұмысының ғылыми жетекшісі болғанда;

8) жобаның немесе бағдарламаның ғылыми жетекшісі сарапшының диссертациялық жұмысының ғылыми жетекшісі болғанда, нақты ғылыми жобаға және (немесе) бағдарламаға МҒТС жүргізбейді.»;

көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген Қағидаларға 8-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Аралық есептерге және Қазақстан Республикасының Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығын алуға ұсынылатын жұмыстарға арналған сараптамалық бағалау жүйесі».

2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы  № 941 қаулысына 1-қосымша

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 3-қосымша

____________________________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН және атауы) гранттық қаржыландыру шеңберіндегі өтінімге сараптамалық қорытынды

Р/с №

Бағалау өлшемшартының атауы

Сарапшы бағасы

Көрсеткіш

Өлшемшарт бойынша балл

1.

Жобаның жаңалығы мен өзектілігі


 

Жобаның жаңалығы (200 сөзден аспау керек)

Гипотезалар, идеялар және зерттеудің күтілетін нәтижелері қаншалықты жаңа? Жоба шеңберінде зерттелетін ғылыми және (немесе) әдіснамалық проблемалық салалар қаншалықты жаңа болып табылады? Зерттеу жоспары шеңберінде өтініш беруші қолданатын тәсілдер мен әдістер қаншалықты жаңа болып табылады? Олар қаншалықты заманауи және өзекті? Жоба авторлары сілтеме жасаған әдебиеттер қаншалықты өзекті?

(0-ден 3-ке дейін)

Ғылымның дамуы үшін жобаның маңыздылығы мен өзектілігі (300 сөзден аспау керек)

Жоба шешетін ғылыми мәселелер қаншалықты маңызды? Жоба әлемдік трендтерге қаншалықты сәйкес келеді? Гипотезалар, идеялар және зерттеудің күтілетін нәтижелері қаншалықты перспективалы? Жоба ғылымды дамытуға үлкен серпіліс бола ала ма? Зерттеу нәтижелерін жариялау үшін таңдалған журналдардың деңгейі қаншалықты жоғары?

Жоба шеңберінде жоспарланған жарияланымдардың сапасы мен саны конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келе ме? Өтініш беруші жариялауға жоспарлаған мақалалар саны қаншалықты негізделген?

(0-ден 6-ға дейін)

2.

Зерттеу жоспарының сапасы және іске асырылуы


 

Зерттеу жоспарының сапасы (150 сөзден аспау керек)

Зерттеу мәселесі қаншалықты негізделген? Зерттеу жоспарының мақсаттары, мәселелері, гипотезалары мен болжамдары өтініш беруші тарапынан қаншалықты айқын тұжырымдалған? Гипотезалар (болжамдар) ғылыми және шынайы ма?

(0-ден 3-ке дейін)

Зерттеу әдіснамасының сапасы (250 сөзден аспау керек)

Зерттеуде қолданылатын әдістер қаншалықты негізделген?

Қолданылатын әдістер мен тәсілдер қойылған мақсаттарға, міндеттерге, гипотезаларға және күтілетін нәтижелерге қаншалықты сәйкес келеді?

Өтініш берушінің бастапқы деректерді жинау әдістері мен дереккөздері қаншалықты сенімді? Өтініш беруші зерттеу мәселелері мен деректерді жинау әдістері арасындағы дәйектілікті көрсете білді ме? Алынған деректерді кейінгі статистикалық өңдеу үшін тәжірибелер қаншалықты дұрыс жоспарланған?

Өтініш беруші плагиаттың, деректерді бұрмалау мен қолдан жасаудың, жалған авторлықтың және нәтижелерді иемденудің алдын алу мәселелерін қаншалықты тиімді шешкен?

Өтініш беруші жануарлар мен адамдарға қатысты эксперименттік зерттеулерге қатысты этикалық мәселелерді қаншалықты пысықтаған? Өтініш беруші тиісті нормаларды қаншалықты сапалы сақтаған?

Сарапшының зерттеулерге ұсынылатын әдістер мен тәсілдердің сапасы және олардың мақсатқа, міндеттерге және күтілетін нәтижелерге сәйкестігі, жалпы зерттеу жоспарының сапасы туралы басқа да түсініктемелері.

(0-ден 3-ке дейін)


 


 


 

Нәтижелерге қол жеткізу (250 сөзден аспау керек)

Жоба аясында күтілетін нәтижелерге қол жеткізу ықтималдығы қаншалықты жоғары? Зерттеу нәтижелерінің өтінімде көрсетілген журналдарда жариялануы қаншалықты ықтимал?

Зерттеуді сәтті аяқтап шығу үшін қандай қауіптер бар? Олардың дәрежесі қандай және өтініш беруші тәуекелдерге ден қою мәселелерін қаншалықты пысықтады? Жобаны іске асырудың балама жолдары мен тәсілдері бар ма? Өтініш беруші ұсынған зерттеу жоспарының балама нұсқалармен салыстырғанда қандай артықшылықтары бар?

(0-ден 3-ке дейін)

3.

Күтілетін нәтижелер және олардың маңыздылығы


 

Жобаның нәтижелілігі мен тиімділігі (250 сөзден аспау керек)

Жобаның күтілетін нәтижелері сұралған қаржыландыру көлемімен қаншалықты сәйкес келеді? Күтілетін нәтижелерге қол жеткізу үшін жобаның қаражаты қаншалықты тиімді жұмсалады? Зерттеулердің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін қандай шаралар қабылданатын болады?

(0-ден 3-ке дейін)

Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы мен қолданымдылығы (300 сөзден аспау керек)

Зерттеудің күтілетін нәтижелерін қандай салада қолдануға болады? Олардың көмегімен шешілетін мәселенің сипаты мен ауқымы қандай? Күтілетін нәтижелер қолданыстағы аналогтармен (аналогтары болмаған кезде ұқсас проблеманың қол жетімді шешімдерімен салыстырғанда) бәсекеге қабілетті ме?

Жобаны іске асырудың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық немесе басқа қандай әсері болуы мүмкін?

Күтілетін зерттеу нәтижелерін пайдалану жолдары қандай? Олар іс жүзінде қолдануға және коммерцияландыруға қаншалықты дайын болады? Оларды қолдану үшін қандай шектеулер болады?

Жоба нәтижелері бойынша жарияланған мақалалар үнемі пайдаланылып, дәйексөз келтірілуі қаншалықты мүмкін?

40 жастан аспаған жас зерттеушілерді (студенттер, магистранттар, докторанттар, постдокторанттар) дайындауда жоба қандай рөл атқарады?

Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы қаншалықты айқын және толық тұжырымдалған? Өтініш берушінің күтілетін нәтижелердің маңыздылығы туралы пікірі қаншалықты сенімді және негізделген?

(0-ден 6-ға дейін)

4.

Зерттеу тобының құзыреттілігі мен ғылыми дайындаманың болуы


 

Жоба жетекшісінің ғылыми деңгейі мен дайындаманың болуы (250 сөзден аспау керек)

Жетекші жоба бағыты бойынша рецензияланатын ғылыми журналдарда, оның ішінде негізгі автор (хат-хабарға арналған автор немесе бірінші автор) ретінде мақалаларды тұрақты түрде жариялай ма? Ғылыми жетекші өз зерттеулерінің нәтижелерін жариялайтын журналдардың деңгейі қаншалықты жоғары? Ғылыми жетекшінің рецензияланған ғылыми журналдарда мақалалар жарияланған ғылыми жобаларды сәтті басқару тәжірибесі бар ма? Ғылыми жетекшінің жоба тақырыбы бойынша мақалалар түрінде ғылыми дайындамасы бар ма?

(0-ден 3-ке дейін)

Зерттеу тобының сапасы (250 сөзден аспау керек)

Зерттеу тобының құрамы қаншалықты сапалы? Зерттеу тобының әр мүшесінің зерттеудегі рөлі қаншалықты нақты? Зерттеулерді белгіленген мақсаттарға, міндеттерге, күтілетін нәтижелерге және ұсынылған зерттеу жоспарына сәйкес аяқтау үшін олардың үлесі қаншалықты қажет? Зерттеу тобы мүшелерінің біліктілігі мен тәжірибесі олардың жобадағы рөлі мен орнына қаншалықты сәйкес келеді? Жобаға қатысушылардың сатып алынатын жабдықпен жұмыс істеу үшін біліктілігі жеткілікті ме?

Жобаға шетелдік ғалымдар қатысқан жағдайда, олардың жобаның мақсатына, міндеттеріне және күтілетін нәтижелеріне қол жеткізудегі рөлі тұрғысынан қатысуы орынды ма? Шетелдік сарапшылардың біліктілік саласы мен деңгейі зерттеу жоспарының қажеттіліктеріне сәйкес келе ме?

(0-ден 3-ке дейін)


 

Ресурстардың болуы және инфрақұрылымға қолжетімділік (300 сөзден аспау керек)

Өтініш берушінің иелігіндегі инфрақұрылым зерттеу жоспарының қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкес келеді?

Зерттеу жабдығы және өтініш берушінің иелігіндегі басқа құралдар ұсынылған зерттеу тәсілдері мен әдістерін қолдануға қаншалықты мүмкіндік береді? Жобада үшінші тарап ұйымдарының инфрақұрылымын пайдалану қаншалықты орынды?

Жобаның мақсаты, міндеттері және ауқымы тұрғысынан жоба аясында жабдықты сатып алу қаншалықты орынды?

Жоба шеңберінде өтінім беруші сатып алатын материалдар зерттеу жоспарына сәйкес келе ме?

Жобаға қатысушылардың сатып алынатын жабдықта жұмыс істеу үшін жеткілікті біліктілігі бар ма? Жобаға қатысушылар сатып алынған жабдықты, сонымен қатар жоба аяқталғаннан кейін де тиімді пайдалана ала ма?

Жобаны іске асыруға бірлесіп орындаушыларды тарту қаншалықты орынды? Зерттеу тобының мүшелері тиісті жұмыстарды өздері орындай ала ма?

(0-ден 3-ке дейін)

5.

Жобаның пәнаралылығы


 

(100 сөзден аспау керек)

2 балл – егер жоба кең ғылыми бағыттар арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету тұрғысынан пәнаралық болса, пәнаралық тәсіл өтінімде толық негізделіп, жобаның мақсатына жету үшін қажет;

1 балл – егер жоба пәнаралық болса, бірақ өтінімде ұсынылған тәсіл жеткілікті негізделмесе немесе жобаның мақсатына толық жауап бермесе немесе тар ғылыми бағыттар арасындағы өзара әрекеттестік тұрғысынан пәнаралық тәсіл көзделсе;

0 балл – егер жоба пәнаралық болмаса немесе өтінімде ұсынылған тәсіл негізделмесе және жобаның мақсатына жауап бермесе.

Сарапшы пікірін қысқаша негіздеу керек.

Қорытынды балл


 

Жоғарыда көрсетілген барлық бағалау өлшемшарттары бойынша ортақ балдың қосындысы

Сұратылатын қаржыландырудың негізділігі

(250 сөзден аспау керек)

Өтінімнің негізгі сандық параметрлерін ескере отырып (мысалы, зерттеушілер санын, сатып алынған материалдар мен жабдықтар көлемін, іссапарлар және т.б.), өтінім беруші сұрау салған қаржыландыру (ресурсты өлшеудің ақшалай және/немесе заттай бірліктері) сомасы жобаның маңыздылығына және оның мақсаттары мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге қажетті нақты қаржы көлеміне қаншалықты сәйкес келетінін бағалау. Түзетулер қажет болған жағдайда жобаның мақсаттарына қол жеткізу үшін нұқсан келтірмей нақты қандай баптар және қандай мөлшерде (сандық) түзетулер қажет екенін көрсету қажет.

Басым бағытқа

сәйкестігі

(100 сөзден аспау керек)

Өтінімнің басым бағытқа және ол берілген мамандандырылған ғылыми бағытқа қаншалықты сәйкес келетінін бағалау, сарапшы пікірін қысқаша негіздеу керек.

Мықты тұстары

(150 сөзден аспау керек)

Зерттеудің негізгі артықшылықтары мен оның жобаның қойылған мақсаттарына жетуге көмектесетін сипаттамаларын қысқаша атап өту.

Әлсіз тұстары

(150 сөзден аспау керек)

Зерттеудің негізгі кемшіліктері мен олардың күтілетін нәтижелерге жетуіне әсер ету дәрежесін қысқаша атап өту. Жобаны іске асыру үшін өте маңызды және оның мақсаттарына қол жеткізуге күмән келтіретін кемшіліктерді бөлек атап өту.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы  № 941 қаулысына 2-қосымша

Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және өткізу қағидаларына 4-қосымша

______________________________________________________________ (МҒТС объектісінің ЖТН мен атауы) бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясындағы өтінімге сараптамалық қорытынды

Р/с №

Бағалау өлшемшарттарының атауы

Жалпы балл

Сарапшының жетектеуші сұрақтарға жауаптарымен қоса түсініктемелері

1.

Зерттеу жоспарының инновациялылығы


 

(150 сөзден аспау керек)

Өтінім беруші ұсынған зерттеу жоспарының инновациялылығын негіздеуге арналған ақпарат осы өлшемшарт бойынша өтінімді бағалауға жеткілікті ме?

Өтінім берушінің зерттеу жоспарының инновациялылығы туралы дәлелдері қаншалықты негізделген және дәйекті болып табылады? Өтінім берушінің зерттеу жоспарының инновациялылығы негіздемесінің сапасы туралы сарапшының басқа да түсініктемелері.

(0-ден 3-ке дейін)

(300 сөзден аспау керек)

Зерттеуден күтілетін нәтижелер қаншалықты жаңа болып табылады? Бағдарлама шеңберінде зерттелетін ғылыми және (немесе) әдіснамалық проблемалық салалар қаншалықты жаңа болып табылады?

Зерттеу жоспары шеңберінде өтінім берушінің қолданатын әдістері мен тәсілдері қаншалықты жаңа болып табылады? Олар қаншалықты заманауи және өзекті болып табылады? Зерттеу нәтижелерін жариялауға таңдалған журналдардың деңгейі қаншалықты жоғары? Зерттеуден күтілетін нәтижелер жаһандық және салалық аспектілерде қаншалықты маңызды болып табылады? Сарапшының зерттеу жоспарының инновациялылығы туралы басқа да түсініктемелері.

(0-ден 6-ға дейін)

2.

Зерттеу жоспарының сапасы және іске асырылуы


 

(150 сөзден аспау керек)

Зерттеу проблемасы қаншалықты негізделген? Өтінім беруші зерттеу жоспарының мақсатын, мәселелерін, гипотезалары мен болжамдарын қаншалықты түсінікті жасаған? Гипотезалар (болжамдар) ғылыми болып табыла ма?

Зерттеулерді орындауға арналған ғылыми-техникалық тапсырмалардың міндеттері қаншалықты шешілуі мүмкін? Ғылыми-техникалық тапсырмалардың нәтижелеріне қаншалықты қол жеткізуге болады?

(0-ден 3-ке дейін)

(250 сөзден аспау керек)

Зерттеуде қолданылған әдістер қаншалықты негізделген? Қолданылатын әдістер мен тәсілдер алға қойылған мақсаттарға, міндеттерге, гипотезаларға және күтілетін нәтижелерге қаншалықты сәйкес келеді?

Өтінім берушінің бастапқы деректерді жинау тәсілдері және олардың дереккөздері қаншалықты нақты? Өтінім беруші зерттеу мәселелері мен деректерді жинау әдістері арасындағы үйлесушілікті көрсете алған ба? Алынған деректерді кейіннен статистикалық өңдеуге арналған эксперименттер қаншалықты дұрыс жоспарланған?

Өтінім беруші плагиатқа, деректердің ойдан шығарылуы мен бұрмалануына, жалған тең авторлыққа және нәтижелерді иемденіп алуға жол бермеуге қатысты мәселелерді қаншалықты тиімді шешетін болады?

Өтінім берші адамдар мен жануарлардың қатысуымен жүргізілетін эксперименттік зерттеулерге қатысты этикалық мәселелерді қаншалықты пысықтаған? Өтінім беруші тиісті нормаларды сапалы деңгейде қаншалықты сақтаған?

Сарапшының зерттеулерге ұсынылған әдістер мен тәсілдердің сапасы және олардың мақсаттары, міндеттері мен күтілетін нәтижелеріне сәйкестігі, жалпы алғанда сапасы мен зерттеу жоспарына байланысты басқа да түсініктемелері.

(0-ден 3-ен дейін)


 


 


 

(250 сөзден аспау керек)

Зерттеу жоспарының мақсаттары, гипотезалары мен күтілетін нәтижелері қаншалықты шынайы? Орындалатын жұмыстың ресурстары, орындалу мерзімі және мазмұны зерттеудің мақсаттары мен міндеттеріне, әдістері мен күтілетін нәтижелеріне қаншалықты сәйкес келеді?

Зерттеуді табысты аяқтау үшін қандай тәуекелдер бар? Олардың дәрежесі қандай, өтінім беруші тәуекелдерге ден қою мәселелерін қаншалықты пысықтаған?

Бағдарламаны іске асырудың баламалы жолдары мен тәсілдері бар ма? Өтінім беруші ұсынған зерттеу жоспарының баламалы нұсқалармен салыстырғанда қандай артықшылықтары бар?

Өтінім берушінің жариялауға жоспарлап отырған мақалаларының саны қаншалықты негізделген болып табылады? Жарияланымдардың сапасы және саны конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келе ме? Зерттеу нәтижелерін өтінімде көрсетілген журналдарда жариялауға қабылдау ықтималдығы қандай? Библиографиялық базалардың бірінші квартильдеріндегі жетекші ғылыми журналдарға зерттеулер нәтижелерін жариялау қаншалықты мүмкін?

Зерттеу жоспарының іске асырылуы туралы сарапшының басқа түсініктемелері.

(0-ден 3-ке дейін)

3.

Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы мен қолданымдылығы


 

(150 сөзден аспау керек)

Күтілетін нәтижелердің маңыздылығы қаншалықты айқын және толық тұжырымдалған? Өтінім берушінің күтілетін нәтижелер туралы пікірі қаншалықты нақты және негізделген болып табылады?

(0-ден 3-ке дейін)

(300 сөзден аспау керек)

Зерттеудің күтілетін нәтижелерін қандай салада қолдануға болады? Олардың көмегімен шешілетін мәселенің сипаты мен ауқымы қандай? Күтілетін нәтижелер қолданыстағы аналогтармен (аналогтары болмаған кезде ұқсас проблеманың қолжетімді шешімдерімен салыстырғанда) бәсекеге қабілетті ме?

Бағдарламаны іске асырудың әлеуметтік, экономикалық, экологиялық немесе өзге нәтижесі қаншалықты негізделген? Зерттеудің нәтижелері Қазақстанның ғылыми-техникалық әлеуетінің деңгейі мен бәсекеге қабілеттілігіне қалай әсер етеді?

Стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуден басқа, бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері өндіріс, ғылым, білім салаларындағы жағдайды едәуір өзгертуге табысты ықпал ете алады ма? Алынған нәтижелер стратегиялық маңызы бар мемлекеттік міндеттерді дамытуға қаншалықты ықпал етеді?

Бағдарлама өнімді коммерцияландыруға, енгізуге, жасауға едәуір әлеуеті бар нәтижелер алуды болжай ма? Әлеуметтік сипаттағы бағдарлама үшін бағдарлама нәтижелерін енгізу (пайдалану) барысында әлеуетті игіліктерді (тұрмыс, еңбек жағдайын т.б. жақсарту) алушыларды қамту маңызды ма? Бағдарламаның күтілетін нәтижелері экология, энергия жұмсау тұрғысынан тиімді, бәсекеге қабілетті болып табыла ма? Ғылыми, ғылыми-техникалық және инновациялық бағдарламаларды іске асыру салдарларын/нәтижелерін болжау қолжетімді болып табыла ма? Бағдарламаларды іске асырудың ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық (қажет болған жағдайда) салдарына/нәтижелеріне қол жеткізу қамтамасыз етіле ме? Зерттеулерден күтілетін нәтижелерді пайдаланудың жолдары қандай? Олар практикалық қолданысқа қаншалықты дайын болуы мүмкін? Оларды қолдануда қандай шектеулер болады? Жобаның нәтижелері бойынша жарияланған мақалалардан өзге ғалымдардың тұрақты түрде дәйексөздер келтіру ықтималдығы қандай?

Күтілетін зерттеу нәтижелерінің маңыздылығы туралы сарапшының басқа түсініктемелері.

(0-ден 6-ға дейін)

4

Өтінім берушінің құзыреттілігі және зерттеу ортасының сапасы


 

(150 сөзден аспау керек)

Зерттеу тобы және зерттеу ортасы қаншалықты толық әрі сапалы сипатталған? Олардың сипаттамасы зерттеу жоспарына сәйкестігін бағалауға қаншалықты мүмкіндік береді?

(0-ден 2-ге дейін)

(300 сөзден аспау керек)

Зерттеу тобының құрамы қаншалықты сапалы негізделген? Зерттеулерде зерттеу тобы мүшелерінің әрқайсысының рөлі қаншалықты түсінікті негізделген? Олардың үлестері алға қойылған мақсатқа, міндеттерге, күтілетін нәтижелерге және ұсынылатын зерттеу жоспарына сәйкес зерттеуді аяқтау үшін қаншалықты қажет? Зерттеу тобының жетекшісі мен мүшелерінің біліктілігі мен тәжірибесі зерттеудің талаптары мен бейініне қаншалықты сәйкес келеді? Жетекші негізгі автор (корреспонденция авторы немесе бірінші автор) ретінде, оның ішінде бағдарламаның бағыты бойынша халықаралық рецензияланған жетекші ғылыми журналдарға мақалаларды үнемі жеткілікті түрде жариялап тұрама?

40 жасқа (қоса алғанда) дейінгі ғалымдардың, студенттердің, магистранттар мен PhD докторлардың зерттеудегі рөлдері олардың зерттеушілер ретіндегі дайындықтарына қаншалықты ықпал етеді? Олардың рөлі зерттеу жоспарына сәйкес қаншалықты негізделген? Сарапшының зерттеу тобы мен оның зерттеу талаптарына сәйкестігінің сапасы туралы басқа түсініктемелері.

(0-ден 3-ке дейін)

(300 сөзден аспау керек)

Өтінім берушінің құзырындағы инфрақұрылым зерттеу жоспарының қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкес келеді? Өтінім берушінің құзырындағы зерттеу жабдығы мен басқа құрал-саймандары зерттеулердің ұсынылған тәсілдері мен әдістерін қолдануға қаншалықты мүмкіндік береді? Бөгде ұйымдардың инфрақұрылымдарын жобада қолдану қаншалықты негізделген болып табылады?

Бағдарлама аясында бағдарламаның мақсаты, міндеті мен ауқымы тұрғысынан алғанда жабдықты сатып алу қаншалықты негізделген болып табылады?

Өтінім берушінің бағдарлама аясында сатып алған материалдары зерттеу жоспарына сәйкес келе ме?

Сатып алатын жабдықта жұмыс істеу үшін жобаға қатысушылардың біліктілігі жеткілікті ме?

Бағдарламаға қатысушылар сатып алынған жабдықты, оның ішінде бағдарлама аяқталғаннан кейін де тиімді пайдалана ала ма? Бағдарламаны іске асыруда бірлесе орындаушыларды тарту қаншалықты негізделген? Зерттеу тобының мүшелері тиісті жұмыстарды өзбетін ше орындай алама?

Зерттеу Қазақстанның әлемдік ғылыми қауымдастыққа ықпалдасуына қаншалықты септігін тигізеді?

Бағдарлама аясындағы ғылыми іссапарлар қаншалықты негізделген? Зерттеуден күтілетін нәтижелер мен мақсаттарға қол жеткізу үшін олар қаншалықты ықпал етеді? Сарапшының зерттеу ортасының және оның зерттеу жоспарына сәйкестігінің сапасы туралы басқа түсініктемелері.

(0-ден 3-ке дейін)

(50 сөзге дейін, кемінде 10 Хирш индексі бар шетелдік ғалымдар ғана ескеріледі)

1 балл – егер шетелдік ғалымдардың қатысуы мен олардың зерттеудегі рөлі толық негізделген болса, олардың құзыреттілік саласы мен деңгейі зерттеу жоспарының талаптарына толық сай келсе және олардың бағдарламаның іске асырылуына қосқан үлесі мақсатқа қол жеткізуге қажет болып табылса;

0,5 балл – егер шетелдік ғалымдардың қатысуы, олардың құзыреттілік саласы мен деңгейі бағдарламаның қажеттіліктеріне сай болса, олардың рөлі мен қосқан үлесі зерттеудің мақсатына қол жеткізуге оң әсерін тигізсе, бірақ зерттеудің табысты аяқталуы олардың қатысуынсыз да мүмкін болса;

0 балл – егер шетелдік ғалымдардың бағдарламаға қатысуы негізсіз болса және (немесе) олардың құзыреттілік саласы мен деңгейі бағдарламаның талаптарына сай келмесе және (немесе) олардың бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізудегі үлесі елеусіз болса немесе шетелдік ғалымдардың жобаға қатысуы көзделмесе.

(0-ден 1-ге дейін)

5.

Зерттеудің пәнаралылығы


 

(100 сөзге дейін)

2 балл – егер бағдарлама ауқымды ғылыми бағыттар арасындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету жағынан пәнаралық болып табылса, пәнаралық тәсіл өтінімде толық негізделіп, бағдарламаның мақсатына қол жеткізу үшін қажетті болса. 1 балл – егер бағдарлама пәнаралық болса, бірақ өтінімдегі тәсіл толық негізделмесе немесе бағдарламаның мақсатына толығымен жауап бере алмаса немесе пәнаралық тәсілі шағын ғылыми бағыттар арасындағы өзара қарым-қатынас ретінде ғана болса. 0 балл – егер бағдарлама пәнаралық болып табылмаса немесе өтінімдегі тәсілі негізделмесе және бағдарламаның мақсатына сай болмаса. Сарапшы пікірі қысқаша негізделуі керек.

Қорытынды балл

Жоғарыда көрсетілген бағалардың өлшемшарттары бойынша ортақ балдың қосындысы

Сұратылатын қаржыландырудың негізділігі

(250 сөзден аспау керек)

Өтінімнің негізгі сандық параметрлерін ескере отырып (мысалы, зерттеушілердің санын, сатып алынған материалдар мен жабдықтардың көлемін, іссапарлар санын т.б.), өтінім берушінің сұрау салған қаржыландыру сомасы бағдарламаның маңыздылығына және оның мақсаттары мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге қажетті нақты қаржы көлеміне сәйкестігін бағалау. Түзетулер қажет болған жағдайда, қандай баптар бойынша және қандай мөлшерде бағдарламаның мақсаттарына қол жеткізу үшін залал келтірмейтіндей түзетулер енгізу қажеттілігін көрсету.

Басым бағытқа сәйкестігі

(100 сөзден аспау керек)

Өтінімнің ол берілген басым бағытқа және мамандандырылған ғылыми бағытқа қаншалықты сәйкес келетінін бағалау, сарапшы пікірі қысқаша түсіндірілуі керек.

Мықты тұстары

(150 сөзден аспау керек)

Бағдарламаның мәлімделген мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік беретін зерттеудің негізгі ерекшеліктері мен оның сипаттамасына қысқаша тоқталу.

Әлсіз тұстары

(150 сөзден аспау керек)

Зерттеудің негізгі кемшіліктеріне және олардың күтілетін нәтижелерге қол жеткізуге ықпалының дәрежесіне қысқаша тоқталу. Бағдарламаны іске асыруда сыни маңызы бар және оның мақсаттарына қол жеткізуге күмән келтіретін кемшіліктерді жекелей бөліп көрсету.

Сарапшының Т.А.Ә.(болған жағдайда) ______________________________________

Ссылка на абзац скопирована в буфер обмена

Комментарий успешно добавлен

Ссылка на документ скопирована в буфер обмена

Документ добавлен в избранное

Комментарий удален

Закладка успешно добавлена

Закладка удалена

Закладка изменена

Функция доступна только для подписчиков системы

Содержание