• Мое избранное
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Отправить по почте

Toggle Dropdown
  • Комментировать
  • Поставить закладку
  • Оставить заметку
  • Информация new
  • Редакции абзаца

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 935 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2020 жылғы «30 желтоқсандағы»
№ 935 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 417-1) және 417-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«417-1) жаңартылуға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын және номенклатура өзгерген кезде алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың теңгеріміне өтеусіз негізде беру жөнінде шешім қабылдау;
417-2) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату туралы мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның шешімін келісу;».
2. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 492-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары осы өзгерістер мен толықтыруларға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 865 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 48, 497-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервтің төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алу және оларды жою, нарыққа реттеушілік ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмек көрсету үшін пайдаланылған материалдық құндылықтары үшін шығындарды өтеу қағидаларында:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – мемлекеттік материалдық резерв саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ведомстволық бағынысты ұйымдар мен сақтау пункттері мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды ведомствомен жасасқан мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және сақтауға байланысты қызметтер көрсету шарты (бұдан әрі – сақтау шарты) негізінде жүзеге асырады.».
4. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 наурыздағы № 108 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 12, 60-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) кәдеге жаратылған тауарлар – мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын технологиялық өңдеуден кейін алынған тауарлар;»;
2-тармақтың 5-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1) уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) –мемлекеттік материалдық резерв саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асыратын уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;»;
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
«5-1. Кәдеге жаратылған тауарлар мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату қызметтерін беруші ұсынған бағалау туралы есепте көрсетілген баға бойынша ведомствоның бухгалтерлік есебінде көрсетіледі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 630 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес кәдеге жаратылған тауарларды өткізу кезінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша бухгалтерлік есеп жүзеге асырылады және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 1 тамыздағы № 468 бұйрығымен бекітілген Қаржылық есептілік нысандарын және оларды жасау мен ұсыну қағидаларына сәйкес бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға қаржылық есептілік ұсынылады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Орны ауыстырылғандарын қоспағанда, сақтау пункттері мен ведомстволық бағынысты ұйымға салу кезінде материалдық құндылықтар есепке қойылады. Бұл ретте салу осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша салу актісі және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісі негізінде жүзеге асырылады.
Актілер салу күні жасалады, оларға сақтау пункті мен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы, бас бухгалтері, материалдық жауапты адамы, жұмылдыру бөлімшесінің қызметкері (ұйымда жұмылдыру бөлімшесі бар болса) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қолымен немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды, мөрмен бекітіледі (болған жағдайда) және актілердің бір данасы 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есепке қою үшін ведомствоға жолданады.
Актілерге материалдық құндылықтардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынақтар, сәйкестікті растау, сараптама нысандарындағы тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттар) қоса беріледі.»;
мынадай мазмұндағы 9-1- тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Кәдеге жаратылған тауарлар сақтау пункттері мен ведомстволық бағынысты ұйымға кейіннен өткізу үшін қабылданған кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісі негізінде ведомствоның есебіне қойылады.
Актілер кәдеге жаратылған тауарларды сақтау пункттері мен ведомстволық бағынысты ұйымға қабылдаған күні жасалады, сақтау пункті мен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы, бас бухгалтері, материалдық-жауапты адамы, жұмылдыру бөлімшесінің қызметкері (ұйымда жұмылдыру бөлімшесі бар болса) қол қояды немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды, мөрмен бекітіледі (болған жағдайда) және актілердің бір данасы 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәдеге жаратылған тауарларды есепке қою үшін ведомствоға жолданады.
Актілерге кәдеге жаратылған тауарлардың Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар (тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынақтар, сәйкестікті растау, сараптама нысандарындағы тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттар) қоса беріледі.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Ведомство осы Қағидалардың 9 немесе 9-1-тармағында көзделген актілерді қарайды және оларды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде материалдық құндылықтарды немесе кәдеге жаратылған тауарларды мемлекеттік резервке есепке қоюды жүзеге асырады не актілерді пысықтауға қайтарады.
Актілер:
1) актілер осы Қағидалардың 9 немесе 9-1-тармақтарында көрсетілген талаптарға және осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес келмеген;
2) өшіріп тазартылған не қосып жазылған сөздер немесе оларда өзге де келісілмеген түзетулер, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсінуге мүмкіндік бермейтін түзетулері бар құжаттар болған;
3) акт жеткізу шартына сәйкес келмеген (жеткізу шарты бар болған жағдайда) жағдайларда пысықтауға қайтарылады.
Қайтарылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сақтау пункттері және ведомстволық бағынысты ұйым ведомствоға мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын немесе кәдеге жаратылған тауарларын есепке қою үшін пысықталған актілерді жолдайды.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Жасалған тауарды жеткізу шартына сәйкес өнім берушілердің салуы кезінде ұсынылатын тіркеу (мемлекеттік тіркеу), сынақтар, сәйкестікті растау, сараптама нысандарында тауардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын сәйкестікті бағалау туралы құжаттары ведомстволық бағыныстағы ұйымның технологиялық бөлімінде немесе сақтау пункттерінің бухгалтерлік қызметінде сақталады.»;
15 және 15-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Шығарылған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары немесе өткізілген кәдеге жаратылған тауарлар осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шығару актісінің және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісінің негізінде есептен шығарылады.
Актілер шығару күні жасалады, оларға сақтау пункті мен ведомстволық бағынысты ұйымның басшысы, бас бухгалтері, материалдық жауапты адамы, жұмылдыру бөлімшесінің қызметкері (ұйымда жұмылдыру бөлімшесі бар болса) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз қолымен немесе электрондық цифрлық қолтаңба арқылы қол қояды, мөрмен бекітіледі (болған жағдайда) және актілердің бір данасы 5 (бес) жұмыс күні ішінде мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын немесе кәдеге жаратылған тауарларын есептен шығару үшін ведомствоға жолданады.
15-1. Ведомство осы Қағидалардың 15-тармағында көзделген актілерді қарайды және 5 (бес) жұмыс күні ішінде материалдық құндылықтарды немесе кәдеге жаратылған тауарларды есептен шығаруды жүзеге асырады не актілерді пысықтауға қайтарады.
Актілер: