Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Отправить по почте
Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі жүргізу туралы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 11.06.2021 жылғы № 28 Қаулысына сәйкес
Редакция 06.05.2021 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен
Халық арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізу» әдістемелік ұсынымдары (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес коронавирустық инфекцияны (СOVID-19) алдын алу бойынша вакциналарды сақтау және тасымалдау регламенті (бұдан әрі – Регламент) бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің басшылары облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларының басшыларымен бірлесіп:
1) коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды жүргізуге жауапты денсаулық сақтау ұйымдарына Әдістемелік ұсынымдарды жұмысқа басшылық үшін жіберу;
2) коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауды ұйымдастыру және жүргізу бойынша аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде медицина қызметкерлерін оқытуды жүргізу.
4. Тиісті аумақтың, көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер, төтенше жағдайлар органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы ведомствосының құрылымдық бөлімшелерінің басшылары осы қаулының орындалуын бақылауды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Вице-министрі – Қазақстан Республикасының
Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е. Қиясов
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 3 қаулысына 1-қосымша
«Қазақстан Республикасында халыққа коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналауды жүргізу» уақытша әдістемелік ұсыныстары
Жалпы ережелер
1. Осы «Қазақстан Республикасында халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналауды жүргізу» әдістемелік ұсыныстары (бұдан әрі – Әдістемелік ұсыныстар) коронавирустық инфекцияға (бұдан әрі – КВИ) қарсы вакциналауды жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі жоғары мынадай адамдар КВИ-ға қарсы вакциналауға жатады (басымдылығы бойынша):
1) медицина қызметкерлері, бірінші кезекте инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық көмектің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қабылдау бөлмелерінің персоналы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері;
2) педагогтар;
3) учаскелік полицейлер;
4) студенттер;
5) медициналық- әлеуметтік және жабық балалар мекемелерінің персоналы мен контингенті;
6) төтенше жағдайлар қызметінің, қорғаныс, ішкі істер министрліктерінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері;
7) Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық, консулдық мекемелердің қызметкерлері болып табылатын мемлекеттік қызметкерлер, Қазақстан Республикасының азаматтары, Қазақстан Республикасы Президент Іс басқармасының контингенті, ұлттық құрама командаларының мүшелері;
8) созылмалы аурулары бар адамдар (қант диабеті, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, жүрек-қантамыр жүйесінің аурулары).
3. «Профилактикалық егулерді жүргізуге медициналық қарсы көрсетілімдер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қазандағы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығына (бұдан әрі – 21.10.2020 жылғы № ҚР ДСМ-146/2020 бұйрығы) сәйкес КВИ-ға қарсы вакциналауға тұрақты және уақытша медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар жатпайды.
4. Иммуносупрессивті ем қабылдайтын пациенттерде және иммун тапшылығы бар пациенттерде жеткілікті иммундық жауап дамымауы мүмкін. Сондықтан иммундық жүйенің жұмысын тежейтін препараттарды қабылдау иммуногенділіктің төмендеу қаупіне байланысты вакциналаудан кем дегенде 1 ай бұрын және одан кейін қарсы болады.
5. КВИ-дің жіті және бессипмтомдық түрі бар адамдар КВИ-ға қарсы вакциналауға жатпайды.
6. КВИ-ді қоса алғанда, инфекциялық аурумен ауыратын науқаспен байланыста болған адамдар карантин мерзімі аяқталғаннан кейін егіледі.
7. Вакциналау алдында КВИ-ға қарсы антиденелердің (ИФТ және ПТР-зерттеу) болуына скрининг жүргізілмейді.
8. КВИ-дің кез-келген түрімен ауырған науқастарды сауыққаннан соң 6 айдан кейін және вакцинацияның алдындағы жағдайын бағалауды ескере отырып, егуді жүргізу ұсынылады.
9. Халықты вакциналау аумақтық медициналық ұйымдардың егу пункттерінде, арнайы контингентті вакциналау – тиісті ведомствоның қызмет орны бойынша жүргізіледі.
10. Жекелеген жағдайларда (халық санының төмендігі, стационарлық егу кабинетінің болмауы, төмен температуралық режимдегі тоңазытқыш жабдығының болмауы) вакциналау жүргізу үшін жылжымалы егу пункттері немесе көшпелі егу бригадалары ұйымдастырылады.
11. Жылжымалы егу пункттерінің немесе көшпелі егу бригадаларының жұмысы үшін тоңазытқыш қондырғысы орнатылған рефрижераторлық үлгідегі белсенді термоконтейнерлерді пайдалану ұсынылады.
12. Иммунизациялауға жататын адамдардың санына сәйкес егу бригадаларының, медицина қызметкерлерінің, оның ішінде иммунологтардың, жалпы практика дәрігерлерінің, терапевтердің, орта медицина персоналының, медициналық білімі бар тіркеушілердің қажетті саны, вакцинаның, басқа да шығыс материалдарының, тоңазыту жабдығының, автокөліктің саны есептеледі.
13. Егу бригадасы әрбір егу пунктінде 1 бригадаға күнделікті жүктемені ескере отырып, қалыптастырылады – 60 егуден аспайды (көшпелі немесе жылжымалы - 40 егуден аспайды).
Бұл ретте, 1 егу бригадасының құрамына: 1 дәрігер, 1 егу медбикесі және қажет болған жағдайда 1 тіркеуші кіреді. Ауылдық жерлерде құрамында: фельдшер (дәрігер болмаған жағдайда) - 1, егу медбикесі - 1, қажет болған жағдайда тіркеуші – 1 егу бригадасын ұйымдастыруға жол беріледі.
14. Иммундауды дайындау және жүргізу жөніндегі іс-шараларды жедел жоспарлау және үйлестіру үшін облыстық, қалалық және аудандық штабтар құрылады.
15. Денсаулық сақтау басқармасы мен өңірлердің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті облыс орталығының жауапты мамандарының ішінен әрбір аудан, қала бойынша иммунизацияны дайындау және жүргізу жөніндегі іс-шараларды бағалайтын және үйлестіретін кураторларды тағайындайды.
16. Жүргізілген вакциналауды белгіленген есепке алу нысандарында (КВИ-ға қарсы профилактикалық егулерді есепке алудың жеке журналы, профилактикалық егулердің картасы, амбулаториялық пациенттің медициналық картасы, медициналық ақпараттық жүйенің вакциналау бөлімі) вакциналау жүргізілген күнді, егулердің түрін (I немесе II компонент), препарат өндіретін кәсіпорынды, серия нөмірін, вакцинаға реакцияны көрсете отырып тіркейді.
17. Вакциналауды жүргізу барысында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттері осы Әдістемелік ұсыныстарға 1-қосымшаға сәйкес КВИ-ға қарсы жүргізілген егулер туралы күнделікті есептерді «Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы» ШЖҚ РМК «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалына (бұдан әрі - Филиал) сол күнгі сағат 19.00-ге дейін, Филиалмен Комитетке келесі күнгі сағат 08.00-ге дейін ұсыну қажет.
2. Иммундауды жүргізу қауіпсіздігі
18. КВИ және респираторлық инфекциялар бойынша эпидемиологиялық қолайсыз кезеңде емханаға кіру кезінде:
1) байланыссыз термометрияны қамтамасыз ете отырып және КВИ ауруын жоққа шығармайтын симптомдардың болуына пікіртерім жүргізе отырып, сүзгіні орнату;
2) келушілердің қолдарын өңдеуге арналған санитайзерлерді орнату;
3) адамдар профилактикалық егулер алу мақсатында медициналық мекемеге барған кезде медициналық қорғаныш маскаларында болу;
4) медициналық ұйымдарға келушілер арасында кемінде 1,5 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау;
5) ауру белгілері бар адамдар анықталған жағдайда олар үшін маскалар беруді және күту мен дәрігердің қарап-тексеруі үшін жеке үй-жай көздеуге; аталған пациенттер қызмет көрсету кезінде басымдыққа ие болуға тиіс.
19. Емхана ғимаратында қолжетімді жерлерде КВИ-ді алдын алу үшін қол гигиенасын сақтау қажеттілігі туралы ақпарат орналастырылсын, КВИ-ді алдын алу шаралары және КВИ-ді алдын алуда вакциналаудың пайдасы бойынша көрнекі құралдар таратылсын.
Эта возможность доступна только для зарегистрированных пользователей. Пожалуйста, войдите или зарегистрируйтесь. |
|
Регистрация |