Toggle Dropdown
Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 47 қаулысы
Редакция 10.04.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 9 ақпандағы
№ 47 қаулысымен
бекітілген
Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары
1. Осы Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК), қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) аукцион – сатып алудың автоматты веб-порталы арқылы автоматты түрде ең төменгі баға бойынша сатып алу жеңімпазын айқындау мақсатында бір лот бойынша бәсекелес болып табылатын әлеуетті өнім берушілердің бағаларын салыстыру;
2) әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға не осы Қағидаларға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау бойынша ұзақ мерзімді шарт және (немесе) шарт жасасуға үміткер заңды тұлға;
3) әлеуетті өнім берушінің үлестес тұлғасы – шешiмдерді айқындауға және (немесе) әлеуеттi өнiм берушi қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiлеге байланысты тікелей және (немесе) жанама ықпал етуге құқығы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты осы әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын жеке немесе заңды тұлға;
4) баға ұсынысы – уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша әлеуетті өнім беруші ұсынған, сақтаудың температуралық режимі бөлінісінде айына бір паллета-орынның, автокөліктің жүк көтергіштігі санатына қарай бір километр үшін жүк автокөлігімен тасымалдаудың тиеу-түсіру жұмыстары үшін 1 (бір) норма-сағаттың, тауарды сақтандырудың бағаларын қамтитын коммерциялық ұсыныс;
5) бәсекелес лот – екі және одан көп әлеуетті өнім беруші қатысатын лот;
6) бәсекелес емес лот – бір ғана әлеуетті өнім беруші қатысатын лот;
7) бөлу орталығы – Астана, Алматы, Ақтөбе немесе Шымкент қалаларының немесе олардың агломерацияларының аумағындағы қызмет көрсетілетін өңірлерде тауарды қабылдау, сақтау, бөлу, тасымалдау үшін пайдаланылатын және сонымен қатар өзі орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында операциялық қойма функциясын орындайтын дәріханалық қойма;
8) бірыңғай дистрибьютор – Кодекстің 247-бабына сәйкес қызметін ТМККК және (немесе) МӘМС шеңберінде жүзеге асыратын заңды тұлға;
9) бірыңғай дистрибьютордың үлестес тұлғасы – бірыңғай дистрибьютор шешiмдерін тікелей және (немесе) жанама айқындайтын және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның ішінде шартқа байланысты ықпал ететін (ұсынылған өкілеттіліктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда) тұлға, сондай-ақ өзіне қатысты бірыңғай дистрибьютордың осындай құқығы бар кез келген тұлға;
10) веб-портал – осы Қағидаларға сәйкес дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау, есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алудың электрондық көрсетілетін қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін беретін ақпараттық жүйе;
11) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, көрсетілетін қызметтерді денсаулық сақтау субъектілерінен сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;
12) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызмет – өнім беруші көрсететін халықты дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамасыз етумен байланысты, оларды есепке алуды, халыққа өткізуді қамтамасыз ететін қызмет;
13) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызмет – шарт немесе ұзақ мерзімді шарт талаптарына сәйкес бірыңғай дистрибьюторға өнім беруші көрсететін қызмет;
14) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарт (бұдан әрі – ұзақ мерзімді шарт) – тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының резиденті – дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектімен бірыңғай дистрибьютор жасасатын қызметтер көрсетудің азаматтық-құқықтық шарты;
15) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсету сапасы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
16) конкурстық өтінім – әлеуетті өнім берушінің осы Қағидаларға сәйкес көрсетілетін қызметтерді сатып алуға қатысуға ұсынысы;
17) қызмет көрсету өңірі – мынадай топтарға біріктірілген әкімшілік-аумақтық бірліктер:
бөлу орталығы Астана қаласындағы Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстары;
бөлу орталығы Алматы қаласындағы Алматы, Шығыс Қазақстан, Абай және Жетісу облыстары;
бөлу орталығы Шымкент қаласындағы Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары;
бөлу орталығы Ақтөбе қаласындағы Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары;
18) операциялық қойма – өзі орналасқан облыстың аумағында тауарды қабылдау, сақтау және тасымалдау үшін пайдаланылатыноблыс орталығының немесе оның агломерациясының аумағындағы дәріханалық қойма;
19) өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе осы Қағидаларға сәйкес бірыңғай дистрибьютормен ұзақ мерзімді шарт немесе шарт жасасқан заңды тұлға;
20) паллета-орын – бір паллетаны сақтаудың көрсетілетін қызметі үшін есептік бірлік, мұндағы паллета – жүктерді жинау, сақтау, қайта тиеу және тасымалдау үшін негіз ретінде пайдаланылатын, қатты алаңы және ірілендірілген жүк бірлігін құру үшін жеткілікті орны бар, мөлшері 800 мм де 1200 мм тасымалдайтын ыдыс;
21) сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтің бағасы – осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетілетін қызметті сатып алу нәтижесі бойынша белгіленген, бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы есебінен төленетін көрсетілетін қызметтің құны;
22) сатып алу – бірыңғай дистрибьютордың осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен ТМККК, қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде ұсталатын адамдарға бюджет қаражаты есебінен және (немесе) МӘМС жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды, сақтау және тасымалдау, сондай-ақ есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуы;
23) тауар – дәрілік заттар, медициналық бұйымдар;
24) тауарды сақтау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтің алдын ала құны – көрсетілетін қызметті сатып алу үшін тиісті қаржы жылына бөлінген, бірыңғай дистрибьютор қажеттілік көлемін және қызмет көрсету өңірі бөлінісінде баға ұсынысының орташа өлшенген мәнін ескере отырып қалыптастыратын сома;
25) шарт – уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша бірыңғай дистрибьютор өнім берушімен жасасатын қызметтер көрсетудің азаматтық-құқықтық шарты;
26) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берілген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
27) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
3. Көрсетілетін қызметтерді сатып алу мынадай:
1) сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;
2) әлеуетті өнім берушілерге сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;
3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы әділетті бәсекелестік;
4) сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтығы;
5) Қазақстан Республикасының халқын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз ету қағидаттары сақтала отырып жүргізіледі.
4. Бірыңғай дистрибьютор көрсетілетін қызметтерді сатып алуды мынадай: